Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану, музыка.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, команда аттары жазылған, «20 жарқын іс» жазуға арналған А4, «Кім жылдам?» кезеңіне арналған суреттер.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Командалардың таныстыруы
3. «Сөз тапқанға...»
4. «Ойлан, тап!»
5. Иә. Жоқ.
6. Сен білесің бе?
7. Кім жылдам?
8. а)Өнерпаз болсаң...
ә) «20 жарқын іс»
9. Қорытынды
Сайыстың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Командалармен таныстыру
Ә) Сарапшыларды тағайындау
2. Сайыс. А) Командалардың таныстыруын тындау
«Болашақ» Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Жігер» Біз 2030- дың барысымыз
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркенниетті елімізді көркейтетін,
4 «А» сыныбынын жігерлі жастарымыз.
Ә) Әр команда осы уақытқа дейін өнерде, оқуда, сайыста жеткен жетістіктерін «20 жарқын іс» тақырыбында А4 –ға сайыс бойы жазып соңында жетекшілері оқып береді.
3. «Сөз тапқанға...» Шарты: оқушыларға әріп жазылған қағаздар таратылып беріледі. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап бареді. Әр топқа 4 сұрақ.
- Қандай ақын – жазушыларды білесің? - А.Құнанбаев кім?
- Қандай әңгіме кітап оқыдың? - Қай пәнді жақсы көресің?
- Туған жерің қандай? - Ауа райы қандай?
- Қөңіл- күйін қалай? - Сенің сүйікті әншің
4. «Ойлан, тап!»
Интерактивті тақтадан суреттер шығып тұрады, сол суреттің мағынасын ашатын мақал- мәтел айту.(жаңбыр, жылан, кітап, қыз, ұл, ана мен бала, сиыр, гүл т. б. )
5. Иә. Жоқ. Шарты: әр командаға 10 сұрақ қойылады. Төмендегілер дұрыс па?- деген сұраққа «Иә. Жоқ» деп жауап береді.
«Болашақ»
Аю өсімдікпен қоректене ме?
Түйе сусыз бір ай өмір сүре ала ма?
Судың түсі көк пе?
Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан аулайды Көзі шамға ұқсайды –деген жұмбақтың шешуі мысық па?
Маң- маң басқан, маң басқан Шудаларын шаң басқан- деген өлең жолдары сиыр малына арналған ба?
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан» деген тармақ « Күз» өлеңінен алынған ба?
600 бен 20-ның көбейтіндісі 12000 тең бола ма?
Түбір дегеніміз сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі деген ереже дұрыс па?
Х+5; а +20х2 өрнегі санды өрнек бола ма?
100см = 2дм –ге тең бола ма?
«Жігер»
1.Аю қысқы ұйқыға жата ма?
2. Құрманғазы Сағырбай, Дина Нүрпейісова әнші ме?
3. Бұғы өсімдікпен қоректенеді ме?
4. Қыста ғана табылады, Ұстасаң қолың тонады – деген жұмбақтың шешуі қар ма?
5. Ара, өрмекші бунақ денелерге жата ма?
6. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған Ы. Алтынсарин бе?
7. Кім сендарді, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?- деген өлең жолдары М. Дулатов өлеңінен алынған ба?
8. 60 пне 300- дің көбейтіндісі 27000- ға тең бола ма?
9.Айгүл, Асқар, Дәулет 4 «А» сыныбында оқиды- сөйлемінде бірыңғай мүше бар ма?
10. 1км = 1000м – ге тең бола ма?
6. Сен білесің бе? Шарты: әр пәннен сұрақтар беріледі, пәнді тандаған соң екі топ та, ұпай тігеді. Жауабын қағаз бетіне түсіреді. Дұрыс жауап берсе ұпай өз командасында қалады.
Математика . 6 адам бір – бірімен қол алысып амандасты. Неше рет қол алысу болды?(15)
Қазақ тілі. Оңынан, солынан оқығанда бір мағынаны білдіретін 5 дыбыстан тұратын 3 сөз жаз.( қазақ, қалақ,
Ана тілі. М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесіндегі кейіпкерлерді жаз.( Қасым, Иса, әжесі, Қадиша)
Дүниетану. Ауа қабығын жаз (тропосфера, стратосфера, мезосфера)
7. Кім жылдам? Шарты: әр түрлі суреттер беріледі, соны тұспалдап, жұмбақтап сұраулары керек. Жақтаушылары тапса ұпай болып есептеледі.
8.а) Өнерпаз болсаң...
ә) Әр команда « 20 жарқын іс» нәтижесімен таныстырады.