КММ «Ахмет Байтурсынов атындағы №20 орта мектебі»
Сынып сағаты
Ардақтайық Ананы!
Сынып жетекшісі: Қасенова А.К.
Өскемен
2015-2016 оқу жылы
І жүргізуші:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан таралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар адам.
ІІ-жүргізуші:
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер анашым.
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам ылғи қамқор болып жүреді,
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.
Ән «Аналардың тілегі»
І жүргізуші:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің,
Сен дарқансың, сен жоиартсың, данасың.
ІІ-жүргізуші:
Асыл анам – алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп аяладың,
Әр кеш менің – ән-күйім, сая бағым.
Гүлім болып көгімде сен көрінген,
Күнім болып көгімде сен көрінген.
Авқын ең сен әр таңға асық жанның,
Алыс кетсем – аңсаймын, сағынамын.
Би Іңкәр.
І жүргізуші:
Аяулы Ана!
Күнім де Аана, ай да Ана!
Жетеді саған қай дана?
Асылым өзің
Ғашығым өзің
Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.
ІІ-жүргізуші:
Айбының биік
Айдының тұнық
Теңізім терең өзіңсің.
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің.
І жүргізуші:
Сені іздеп шарқ ұрып
Теңізде малтып
Қайықтай қалқып
Мен қалдым жалғыз жағада.
ІІ-жүргізуші:
Сүрінсем сүйеп
Болатын тірек
Сол үлкен жүрек
Сен екен жалғыз, Жан ана!
Көрініс.
І жүргізуші:
Анашым жыр арнады қалқаң бүгін
Көмкерер сен дегенде бір таңды күн
Болса егер уысымда бір өзіңе
Сыйлар ем дүниенің дархандығын!
«Қой» десең балаң күнде «неге» дедім
Өзіңде мені нұрға бөлеген үн
Қанат жоқ әттең шіркін асыл анам
Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім.
ІІ-жүргізуші:
Төгілген маған мейірің – бейне шуағың
Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың
Жасашы Ана! Жасашы менің тілерім
Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың.
Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім.
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің
Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.
Би Нұрай
І жүргізуші:
Ана – өмірдің қуанышы тірегі
Бала – оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі
ІІ-жүргізуші:
Айналайын адамдар
Ана сынды панаң бар
Өміріңе гүл болған
Көңіліне қараңдар.
Келсең үйге кешігіп
Сөндірмейтін еш үміт
Өкінішке қалмаңдар
Ана жанын кеш ұғып.
Бітпей кейде таласың
Қалжырап та қаласың
Қартаймайсың бірақ та
Аман болса анашың!
Ән Еркежан