Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту
Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту
Сыни т?р?ыдан ойлау – ?з алдына с?ра?тар ?ойып ж?не олар?а жауап іздеу, ?р м?селеге байланысты ?з пікірін айтып, оны д?лелдей алу, сонымен ?атар бас?аларды? пікірлерін д?лірек ?арастыруды ж?не сол д?лелдемелерді? ?исынын зерттеу дегенді білдіреді.}Ма?саты: Барлы? жаста?ы о?ушылар?а кез-келген мазм?н?а сыни т?р?ыдан ?арап, екі ?й?арым пікірді? біреуін та?дау?а саналы шешім ?абылдау?а ?йретеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту»
Сабақтың тақырыбы:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Сыни тұрғыдан ойлау – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз Темпл.
«Сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясы үш кезеңнен тұрады:
Рефлексия(ой толғаныс)
Ой шақыру
Іске асыру(мағынаны тану)тақырыптыұғыну, мәнін түсіну
(қызығушылықты
ояту)
І кезең «Ой қозғау»
1 топ
Шығармашылық жұмыстар дегеніміз не?
2 топ
Шығармашылық жұмыстардың қандай түрлерін білесіздер?
1 тапсырма.
Әңгімені өз ойларымен аяқтау. Әңгімеге тақырып қою.
Нұртай ата – соғыс ардагері. Ол ерте көктемнен қоңыр күзге дейін ауласында өсіп тұрған жалғыз жидені күтіп-баптайды. Төртінші сыныпта оқитын Қайрат пен Талғат мейірімді қартқа қолғабыс жасап көмектеседі.
Бір жолы Нұртай ата қатты ауырып қалды. Дәрігер оны орталықтағы ауруханаға алып кетті. ....
Ойлан.
Жұптас.
Пікірлес.
2 тапсырма.
Ақын, жазушылардың шығармаларын басқаша аяқтау.
Надандық
(Ы.Алтынсарин)
Екі кісі жаздың бір әдемі күнінде сайранға шығып, бір ағаштың қасынан өтіп келе жатқанда, көкек шақырды дейді. Біреуі тұрып айтты:
- Көкек тек құс емес, ол мені көріп шақырғанын ырым етемін, маған ұзамай – ақ бір дәулет жолығады екен- деді.
Қасындағысы айтты:
- Көкек саған шақырған жоқ, маған шақырды, дәулетке мен жолығамын,–деді.
Әуелгісі айтты:
- Сен итке неғылған дәулет?!
Оған қарсы екіншісі:
- Мен ит емес, сен ит! – деп екеуі ұрысысып, ұрыстан соң төбелесіп, екеуінің де аузы –мұрны қан болды. Мұнан соң екеуі де дәрігерге келіп, жараларына ем еттіріп отырып, ұрыстың неден басталғанын айтысты. Сонда дәрігер айтты дейді:
- Ей, ақылсыздар, ол көкек сендер үшін емес, мен үшін шақырған екен. Көкек шақырмаса, сендер төбелеспес едіңдер, төбелес болмаса, сендер жаралы болып, мен емдеп, ақы алып олжа таппас едім, - деді.
Еменнің түбіндегі шошқа
Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп,
Жемісін жерге түскен жеді теріп.
Тойған соң келістіріп ұйықтап алып,
Еменнің түбін қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
«Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма Емен қурап, кеуіп, сынып?»
«Қураса, қурай берсін, қиналмаспын,
Қурамай тұрғанменен, неғылмақпын?
Қурасын, маған салса, күйіп кетсін,
Қайғырман оның үшін уайым жеп.
Құдайым жемісінен айырмасын,
Қылатын мені семіз солар ғой тек!».
Сол шақта күңіреніп сөйледі Емен:
Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай алсаң, білер едің
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы мен арасында жамандар бар.
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар
3 тапсырма.
Осы шығарма мазмұнына сәйкес келетін мақал –мәтел құрастыру
4 тапсырма (топтық жұмыс)
1 топ
Мысалдағы бас кейіпкер жігіттерге, дәрігерге мінездеме беру
5 тапсырма
Әңгімені рөлге бөліп оқу
Үй тапсырмасы
Ашық тест (1 топ)
Мақтаншақ адамдар туралы не айтар едіңіз? ***********************************************************