Семинар урок на тему «Жаса, жайна м??гілік - ана тілім!»
Семинар урок на тему «Жаса, жайна м??гілік - ана тілім!»
Саба?ты? та?ырыбы: «Жаса, жайна м??гілік - ана тілім!»
Саба?ты? ма?саты:
А) Жас ?рпа??а ана тіліні? ?адір-?асиетін т?сіндіру, тіл мерейін к?теру;
?) О?ушыларды? ой-?рісін, тілдік ?орын дамыту;
Б) Тіл м?дениетін ?алыптастыру, ?зіндік ой пікірін д?йекті ж?йелі айта білуге, ?тымды шешен с?йлеуге баулу.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза?станны? картасы, б?ктеме, елімізді? мемлекеттік р?міздері, на?ыл с?здер.
Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндіру.
Саба?ты? т?рі: Семинар саба?.
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і.
А) О?ушылармен с?лемдесу, т?гелдеу.
ІІ. Психологиялы? дайынды?.
ІІІ. Топ?а б?лу. І топ - «Білгірлер»
ІІ топ - «?нерлілер»
Б?гінгі бізді? бейбітшілік заманда ?мір с?ріп жат?анымыз – Алланы? бізге берген ?лы ба?ытыны? ар?асы. Ол ба?ыт - бейбітшілік, ол ба?ыт т?уелсіздік. Т?уелсіздігімізді, еркіндігімізді, баянды етер басты ?аруымыз – ту?ан тіл. Ананы? а? с?тімен бой?а сі?іріп, асыл ?лдимен жан?а дары?ан тілімізді ?адірлейік, м?ртебесін асырайы?. Ал балалар, ?лы Абай атамыз,
«?ткірді? ж?зі,
Кестені? бізі,
?рнегін сендей сала алмас» деп нені айт?ан?
(О?ушылар ой ойын орта?а салады)
?ызы?ушылы?ты ояту
«К?н шуа?ы» ойыны
Олай болса тіл дегеніміз не?
Тіл деген ??ымды кім ?алай т?сінеді?
Осы с?ра?тар?а д?рыс жауап берсек, бізге к?нні? шуа?ы жар?ырай т?седі екен.
1-о?ушы. ?арым-?атынас ??ралы.
Ана тілі – б?л ата?ны?, ана?ны? тіл, ту?ан хал?ы?ны? тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден ?ке-шешемізге, ересектерге еліктеп ж?ріп біле бастаймыз. Ананы? а? с?тіндей бойымыз?а біртіндеп сі?іреміз. ?зіміз ?скен сайын халы?тан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио мен театрдан ?йреніп, ана тілін тере?ірек біле ж?реміз.
Ана тілі – бізді? ?мір бойы ?згелермен ??ынысатын негізгі ?атынас ??ралымыз.
2-о?ушы. Ана тілі.
?р халы?ты? жер бетіндегі пайда бол?аннан бергі басынан кешкен ?мірі, ерлік істері, жаз?ан кітаптары, таби?ат пен ?о?амда?ы ??былыс атаулары, к?ргені-білгені, жалпы д?ние жайында?ы ??ымдары, ойы, сезімі – б?рі де ана тілінде са?талады, ана тілі ар?ылы атадан бала?а ауысып отырады.
3-о?ушы. М?дениет.
Ана тілін жа?сы білмейінше, сауатты с?йлеп, сауатты жазып, тіл байлы?ын мол ?олданбайынша шын м?ніндегі м?дениетті адам бола алмайсы?. Ана тілін жетік білу ?шін жас кезі?нен халы? ауыз ?бдебиетін, ертегілерді, а?ыздарды, ?ле?-жыр, дастандарды, ма?ал-м?тел, ж?мба?-жа?ылтпаштарды естіп, ты?дап, к?п о?у керек, халы?ты? ?зінен, ?лы а?ын, жазушыларымызды? шы?армаларынан ?йрену керек. Сонда ?ана адам ?з ана тілінде м?дениетті с?йлей алма?, сонда ?ана сауатты, ?з еліні? азаматы болма?.
4-о?ушы. Т?уелсіздік тірегі.
Тіл – т?уелсіздік тірегі. Халы? ?міріні? ?лшемі де тіл. Т?рбие тілден басталады. ?лтты? ?нерді? барлы?ы да тілден басталады.
5-о?ушы. ?лтты? ?азынамыз.
?аза? тілі – ?аза? хал?ыны? ана тілі. Ана с?тімен бойымыз?а дары?ан ?аза? тіліні? ??діреттілігі – оны? орындылы?ында, ?рлігінде, орасан зор байлы?ында. ?ай халы?ты? болмасын тілі – ?зіне т?н ?ымбатты да ?имас байлы?ы, ?азынасы. Сол сия?ты бізді? де ана тіліміз – алтындай асылымыз, м?лдір маржанымыз, ?ажайып гау?арымыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Семинар урок на тему «Жаса, жайна м??гілік - ана тілім!» »
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
№ 1жалпы орта мектеп-интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі: Суйнбекова Айнур Усеновна
Сабақтың тақырыбы: «Жаса, жайна мәңгілік - ана тілім!»
Сабақтың мақсаты:
А) Жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру;
Ә) Оқушылардың ой-өрісін, тілдік қорын дамыту;
Б) Тіл мәдениетін қалыптастыру, өзіндік ой пікірін дәйекті жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, бүктеме, еліміздің мемлекеттік рәміздері, нақыл сөздер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Топқа бөлу. І топ - «Білгірлер»
ІІ топ - «Өнерлілер»
Бүгінгі біздің бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқанымыз – Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт - бейбітшілік, ол бақыт тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді, баянды етер басты қаруымыз – туған тіл. Ананың ақ сүтімен бойға сіңіріп, асыл әлдимен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық. Ал балалар, ұлы Абай атамыз,
«Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас» деп нені айтқан?
(Оқушылар ой ойын ортаға салады)
Қызығушылықты ояту
«Күн шуағы» ойыны
Олай болса тіл дегеніміз не?
Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап берсек, бізге күннің шуағы жарқырай түседі екен.
1-оқушы. Қарым-қатынас құралы.
Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тіл, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио мен театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле жүреміз.
Ана тілі – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
2-оқушы. Ана тілі.
Әр халықтың жер бетіндегі пайда болғаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, жазған кітаптары, табиғат пен қоғамдағы құбылыс атаулары, көргені-білгені, жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
3-оқушы. Мәдениет.
Ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Ана тілін жетік білу үшін жас кезіңнен халық ауыз әбдебиетін, ертегілерді, аңыздарды, өлең-жыр, дастандарды, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштарды естіп, тыңдап, көп оқу керек, халықтың өзінен, ұлы ақын, жазушыларымыздың шығармаларынан үйрену керек. Сонда ғана адам өз ана тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің азаматы болмақ.
4-оқушы. Тәуелсіздік тірегі.
Тіл – тәуелсіздік тірегі. Халық өмірінің өлшемі де тіл. Тәрбие тілден басталады. Ұлттық өнердің барлығы да тілден басталады.
5-оқушы. Ұлттық қазынамыз.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі – өзіне тән қымбатты да қимас байлығы, қазынасы. Сол сияқты біздің де ана тіліміз – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
6-оқушы. Байлығымыз.
Адам баласы білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл ұлт ерекшліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысандары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениетті, әдеп-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үдерісінде үйренеміз. Сондықтан тіл байлықтарын түгел меңгердім, мен білмейтін ештеңе қалған жоқ, тіл өнерінің шыңына шықтым деп ешкім айта алмайды.
7-оқушы. Намысымыз.
Тіл намысымыз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиісті.
8-оқушы. Халықтың күре тамыры.
Тіл халықтың жаны, сәні, күре-тамыры. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін бөліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетінде өзіміз. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасында тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.
Ән. Ғұлам Нұрдиданың орындауында «Ана тілі» әні.
«Мағынаны тану»
Мұғалім: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тіл тағдыры – өзін қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ
ісі» деп атап көрсеткен. Сондай-ақ ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. «Ана тілі» туралы өлеңдерін, тыңдап көрейік.
Әдеби монтаж
1-оқушы. Қуан далам. Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңлігін
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
2-оқушы. Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да.
Жебеп жүрер, демеп жүрер басқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері, түп қазығы, айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған,
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
3-оқушы. Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тілінмен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Құдай деген кім» десе, «Отан» дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ келдағы от ал менен.
4-оқушы. I love my motherland
She is like a large mountain
Stanfing on the peak, looking out
This country is slovely
The scenery everywhere good
5-оқушы. I love my motherland
She is like an ocean
Vast and boundless, passion surging
Wake after wake
6-оқушы. I love my motherland
She is like an open field
Full of prornise, fruitful
Fragrance of rice patdies, golden wheat fields
All a shine of a gold harvest
7-оқушы. Два языка
Родной язык!
Он с детство мне знаком
На нем впервые я сказала «мама»
На нем клялась я верностью упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем
8-оқушы. Текcт две речки в сердце, не мелея
Становится единой рекой
Забывь родной язык
Я онемею
Утратив русский – стану я глухой
9-оқушы. Родной язык
Он дорог мне, он мой.
На нем ветра в предгорьях наших свищут
На нем впервые довелась услышать
Мне лепет птиц зеленую весной
Но как родной!
Люблю язык, я русский,
Он нужен мне как небо,
Каждый миг.
На нем живые трепетные чувства
Открылись мне.
И мир, открылся мне,
И мир, открылся в них.
10-оқушы. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Сергіту сәті.
Музыкалық әуенді көзімізді бір сәтке жұмып, тыңдау арқылы табиғатты көз алдымызға елестетеміз.
Ойын: «Сиқырлы карта»
Балалар бұл жай карта емес сиқырлы карта. Қазақстан туралы мәлімет, ән-шашу шашшақ біздің картамыз жарқырай түседі екен.
І топ. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз елтаңбасы, туы, әнұраны бар. Қазақ жері ұлан-байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан, шығыста Алтай тауына дейін 3000 километр. Ал, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 километрге созылып жатыр. Статистиканың мәлімдеуі бойынша Қазақстан Республикасында 16497 млн халық бар. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Оның ішінде қазақ ұлттары 63,6 %, орыс ұлттары 23,3%, өзбек ұлты 2,9%, украйн ұлттары 2,4%, татар ұлтттары 1,2%, неміс ұлттары 1,1%, бақа ұлттар 4,5 % құрайды. Олар өздерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтаған. Бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді.
ІІ топ.
Би: «Халықтар достығы»
Мұғалім: Қазақстанда барлық халықтардың тілдерін дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға және ұлттық мәдениетті қорғаудың құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың барлық мектептері 9 тілде, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украйн, татар, неміс, және ағылшын, француз тілдерінде білім береді.
Сондай-ақ жыл сайын наурыз, масленица, рождество сияқты мерекелерді атап өту игі дәстүрге айналған.
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болсада жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір, қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз.
Insert әдісі.
V – “білемін”
- “мен үшін түсініксіз”
+ - “мен үшін жаңа ақпарат”
? – “мені таң қалдырады”
Көрініс: «Сөз бастаған шешендер сөйлейді»
Төле би: Уа,халқым сөз қадірін білетін, сөз танығыш жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Айтсам жұмбағым мынау:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Әйтеке би: Осындай да жұмбақ бола ма екен? Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін,рұқсат етіңіз. Төле би :Рұқсат ,қаз дауысты Қазыбегім. Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған жаман Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман. Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман. Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман. Жеті дегеніңіз-жас келіншек жесір қалса,сол жаман. Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегеніңіз-торқалы той ,топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман. Он дегеніңіз-кәрілікке дауа болмас. Төле би: Рахмет,дәл тауып шештің,ойы да тілі де жүйрік,тұлпарым менің. Қазыбек би: Ал Әйтеке,халқыңа сен не айтасың? Әйтеке: Уа,халайық! Көсіліп шабар жерің бар. Тау көтерген елің бар. Атадан қалған сара жолың бар. Тіл қадірін білер болсаңдар!
Ой толғаныс
Мұғалім: Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі өрісті бір саласы-ақындар айтысы.Кезекті жас ақындарымызға береміз.
1-айтыскер: Арманжан көріп тұрмын аманбысың Білмедім жақсымысың, жаманбысың. Бүгінгі тіл кешіне келіп қалдың, Тілімізді таза білер адамбысың? 2-айтыскер: Сәлем берем, қазақтың бозбаласы, Бүгін сізбен ешкімнің жоқ таласы. Қазақтың ер жігіті атанасың, Бөтен сөзбен бүлінбесе сөзарасы. Айта отыр өз сөзіңнің арасында, Қалай ғана өтеді тіл сабағы? 1-айтыскер: Қосыламын сөзіңізге басымды иіп, Тіл туралы не айтсаң да кетер сыйып. Тіліміздің мәртебесін биік ұстап, Жүрейікші бата алып ,оқып-біліп. Екеуі бірге: Айтыс деген-қазақтың төл өнері, Берері көп халықтың көп көрері. Тілдің әркез мерейін арттыратын, Жаса айтыс, жасай бер тіл өнері.
Ойын: «Алтын сандық»
«Білімділер» тобы Көз қырын салу ( байқау); Ит терісін басына қаптады( ұрысты); Тайға таңба басқандай(анық); Қарақылды қақ жару (әділ); Қой аузынан шөп алмас (жуас). «Өнерлілер» тобы Жұмған аузын ашпау(сөйлемеу); Жүрегінің түгі бар (батыр); Көзі ашық,көкірегі ояу (оқыған); Ит арқасы қиянда (алыста); Қанаттыға қақтырмау,тұмсықтыға шоқтырмау ( мәпелеп өсіру). Қорытынды: Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі»,-деген болатын. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру,өз тілімізді өзгелерге бағалату –мына біздің баршамыздың міндетіміз,парызымыз екенін еш уақытта ұмытпайық. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!