Ма?саты:Отбасы мен мектеп арасында?ы ?арым – ?атынысты ны?айту, балаларды? дене ?имылдарын дамыту, ?имылды ойындар?а деген ?ызы?ушылы?ынарттыру, шапшандылы??а, ептілікке?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шыны?сан шымыр боларсын »
«Шынықсан шымыр боларсын» Эстафеталық жарыс
Мақсаты:Отбасы мен мектеп арасындағы қарым – қатынысты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылығынарттыру, шапшандылыққа, ептіліккеүйрету.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру.
Секіргіштер
Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы.
Біздің қыздар мен үлдар секірді.
Оң аяқпен секірді.
Сол аяқпен секірді.
Алға қарай секірді
Артқа қарай секірді.
Айналдыра секірді.
Айналдыра секіргішті,
Биікке де секірді. (балалар ортаға шығып қысқа секіргішпен секіреді).
1. эстафета:Балалар аттың үстіне отырп, кубикті өтіп жүгіріп келеді.
2. эстафета :Балалар төрттағандап доғаның арасымен жүріп, шығыршықтардан секіріп, белгілі жерге жүгіріп барады да, қолындағы допты келесі сайыскерге ұстатады.
Тәрбиеші:жарайсындар, шыныққан шымыр екенсіңдер, енді спорт туралы білімдеріңді көрсетіңдер.
1 – бала:
Ауыр атлетика.
Пілге біткен зор дене,
Алып күштің айғағы .
Штанғасы – бөрене,
Жай көтеріп алғаны.
2- бала:
Хоккей
Арыстандай айбатты,
Хоккейшілер қайратты.
- Шайба!
- Шайба!
Шайқасады – ау, қатты!
Футбол
Жиырмасы да жарыста,
Жайбарақат қалған ба.
Футболшылар – барыстар,
Жұлқынады алаңда
Алға қарай екпіндеп,
Жүйріктерше бапталған.
Теңбіл допты тепкілеп, соғады әкеп қақпаға.
Тәрбиеші:
Біздің балалар мақал да біледі.
Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Білекті бірді жығыр.
Білімді мыңды жығар.
Тәрбиеші:өте тамаша «Өнерлі бала сүйкімді»,- демекші сайысымызды ары қарай жалғастырамыз.
3- эстафета:
«Бәйге». Бұған әкесімен балалар қатысады. Екі шетте екі кубик оның үстіне бала шығып тұрады. Ата – аналар баланы көтеріп, бір шетінен екінші шетіне жеткізеді.
4 –эстафета:( жүргізушіекі қапшық алап балалар, бұл не екенін айтыңдаршы?)
Балалар: қапшықтар.
«Кім жылдам».Бұғанда да ата- аналар қатысады. Аяқтарына қапшық киіп залдың бір шетінен екінші шетіне жету.
Біздің балалар енді демалулары керек, ортаға
Ата – аналармен «Арқан тарту» ойын ойналады.
Балдырған әнін орындап, қатармен шығып қайту.
5- эстафета«Аққаланы жина».балаларға қолдарына аққаланың құралдары беріледі. Бұл жарыста балалар кезекпен – кезек жүгіріп, еден үстіне аққала шығуы үшін құралдарын қояды да құрастырады.
6- эстафета: « Тәті жұптар»
.
Допты иығыңа қойып, оны басыңмен қысып жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіріп, қайтадан орынна қарай жүгіріп келеді.(қолдың ұшын тигізбей, иыққа допты қойып, басымызбен қыса отырып жалауға дейін жүреміз).
Ойын «Ең алғыр».
Ата – аналар мен балалар шеңбер жасап тұрып еденге текшелер қойылады . Әуенмен текшелерді айнала жүгіреді, әуен тоқтатылған сәтте әр ойыншы қолына бір текшеден алуы тиіс. Үлгере алмаған бір ойыншы ойыннан шығады. Ойын соңында жеңімпаз айтйлады.
Ойын «Әуе фейервергі». (шардың үстіне отырып, оларды жару қажет).
7 - эстафета «Доппен жарысу эстафетасы».Алашақ қойылған аяқ арасымен допты төменнен беру.
8 – эстафета: «Жылан».
Допты тізенің арасына қысып, кеглилер арасымен секіру.
9 - эстафета:Қай тобы епті, шапшаң екенін көрейік. (туннелдің ішінен жүгіріп өтіп, кедіргіден айналып, тез жету керек)