1-жүргізуші: Ерназ
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді міне қыр асып.
Аналар мен нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
2-жүргізуші: Елдос
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
3-жүргізуші: Ералхан
8 - Наурыз 2014 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
1-жүргізуші: Ерназ
Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Міне, көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
3-жүргізуші: Ералхан
Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де тек өздеріңізге арналады.
2-жүргізуші: Елдос
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Ән: ----------- Ерназ
3-жүргізуші: Ералхан
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
2-жүргізуші: Елдос
Ия, Ералхан, дұрыс айтасың. Аналар адамды бесігімен баулиды. Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні аналарымызды ерекше құрметтейді.
1-жүргізуші: Ерназ
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша ұстаз-ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ән: «Бауырсақ» Назым
2-жүргізуші: Елдос
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.
1-жүргізуші: Ерназ
Ия, Елдос, анамыздың қастерлі, қасиетті жан екендігі сондай, Меккеге үш рет арқалап апарсақ та ана алдындағы қарызымыз ешқашан өтелмес.
3-жүргізуші: Ералхан
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
2- жүргізуші: Елдос
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құтты болсын мейрамың
Құрметті ұстаз-аналар!
1-жүргізуші: Ерназ
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз, гүлмен бірге жолдасын
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал-дей келе, алдарыңызда шәкірттер лебізі. (Оқушылардың ұстаздарға арнауы)
3-жүргізуші: Ералхан
Ана деген- бастауы ұлылықтың,
Ана деген- рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса Ерназды қарсы алайық,
Даусына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық.
Ән: ----------Ерназ
2-жүргізуші: Елдос
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
3-жүргізуші: Ералхан
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
1-жүргізуші: Ерназ
Жігіттер, «зерделінің ойы озық» демекші, мектебімізге гүлдей жайнап көрік беріп тұрған аруларымыздың білімдерін лездік сауалдармен сынап көрсек қалай болар екен?
2-жүргізуші: Елдос
Ерназ, келісеміз. Байқап көрейік.
1-жүргізуші: Ерназ
- Абай Құнанбаевтың анасы (Ұлжан)
- Анаңыздың анасы сізге кім болады? (нағашы әже)
- Білім, оқу, жазуды үйретуші жан (Ұстаз)
- Әйгілі күйші-анамыз (Дина Нүрпейісова)
- Қазақ қыздарының сәндік әшекей бұйымдары (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)
- Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)
- Қамырдан жасалатын тағам (Бауырсақ, нан)
- Апа- сіңлінің балалары бір- біріне кім болады? (бөле)
- Әке көрген оқ жонар, (ана көрген тон пішер)
- Өмірдің гүлі, өмірдің жыры, өмірдің шуағы кім? (Ана)
Жарайсыңдар, қыздар!
1-жүргізуші: Ерназ
Сіздер- Күнсіз, аспанда жарқыраған,
2-жүргізуші: Елдос
Сіздер- өзен, тау суы сарқыраған,
3-жүргізуші: Ералхан
Сіздер -гүлсіз, жайқалған сіздер — қыздар,
Бірге: Сіздер- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Би: Вальс
3-жүргізуші: Ералхан
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерің.
2-жүргізуші: Елдос
8-Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8- Наурызға жете беріңіздер келесі!
1-жүргізуші: Ерназ
Дүниенің жарық көзі анамыз,
Дана болсақ, анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Хор: Мереке күнімен
1-жүргізуші: Ерназ
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым, мұң қонбасын жанарына.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамына.
2-жүргізуші. Елдос
Көңілдің ақ тілегін ақ етеміз,
3-жүргізуші: Ералхан
Тілектермен нығайсын мерекеңіз.
1-жүргізуші: Ерназ
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Бірге:
Осымен аяқталды мерекеміз.