« Шаңырағым – шаттығым» атты отбасылық спорттық жарыс.
Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Цель:Формировать первичные ценностные представления о семье, семейных традициях, обязанностях; сплотить детей и родителей.
Гармонизировать детско-родительские отношения с помощью проведения совместных мероприятий (вечеров досуга, чаепитий). Установление партнерских отношений с семьями воспитанников.
Развивать коммуникативные качества ребенка - свободное общение со взрослыми и детьми.Создание благоприятной атмосферы доброжелательности и взаимопонимания.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі өткелі отырған «Шаңырағым – шаттығым» атты кешімізге хош келдіңіздер!
Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы
« Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен,дей келе біз құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Аймухамбетов Н.С.-на береміз.
Ведущий: Здравствуйте – это значит добрый вечер, это значит будьте здоровы и счастливы, это значит будьте по-доброму настроены. Мы рады приветствовать Вас на нашем семейном вечере!
Сегодня в этом зале собрались мы не зря, Сегодня мы узнаем, как нам важна семья.
Семья – это близкие и родные люди, те, кого мы любим, с кого берем пример, о ком заботимся, кому желаем добра и счастья.
Стихи
I тур «Скакалка»
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.
1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.
1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
Ән: «Ана туралы жыр»
Ведущий:
Сегодня никто никуда не спешит.
Никто на работу с утра не бежит,
Собрались все вместе, сегодня, сейчас – Какой замечательный праздник у нас!
Седующий тур «Веселый обруч»
1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
Ведущий:
Сегодня праздник – «День семьи»,
Вас дружно поздравляем.
Вы улыбайтесь от души,
Сейчас мы выступаем!
III тур «С мячом»
2-оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.
Келесі жарыс түрі «
3-оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.
4-оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағ,аланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Бұлғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.
5-оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.
6-оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!
7-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.
Ән: «Әке туралы жыр»
8-оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.
9-оқушы: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да крек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шанңырақ – Қазақ армаанының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.
10-оқушы:Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.
IV тур «Мерген» сайысы
Ән: «Әкешім, анашым».
2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.
1-жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.
1 ребенок
Семья это радость, тепло и уют,
Семья – это дом, где тебя всегда ждут!
2ребенок. Очень люблю, когда все собираются.
Белою скатертью стол накрывается.
Бабушка с мамою, папа и я,
Мы называемся вместе – семья.
(О. Высотская)
3ребенок Семья — это праздник за круглым столом,
Семья — это счастье, семья — это дом!
4ребенок
Маму очень я люблю, папу тоже я люблю.
Мама мне печет коврижки, папа мне читает книжки.
Папа, мамочка и я – Наша дружная семья!
(Идея Векшегонова)
5 ребёнок:
Я и бабушку люблю, я и дедушку люблю.
Я всегда им помогаю, пол мету и пыль стираю.
Мама, папа, дед и я, да и бабушка моя – Наша дружная семья!
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі отбасылармен өткізген жарысымызда тәмәмдалды.Жарыс жеңімпаздарын әділ қазылар алқасы шешеді.
I орындар:Мукашевтар жанұясы мен Юлдашевтар жанұясы
II орындар: Семья Плотниковы
III орындар:Бақыт жанұясы мен Алтынбек жанұясы
Жеңімпаздарымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.