kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сар?ылмас ?лылы?ты? бастауысы?, Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рсынбаева Г?лн?р Ералы?ызы ?ызылорда облысы, Жа?а?ор?ан ауданы, Манап ауылыны? № 160 орта мектебінде бастауыш сынып м??алімі. Е?бек ?тілі 13 жыл. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сар?ылмас ?лылы?ты? бастауысы?, Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!»

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

160 орта мектебі



























Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!



(Ертеңгілік)



4- сынып







Сынып жетекші: Гүлнұр Тұрсынбаева Ералықызы















Манап ауылы

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.












Кіріспе сөз:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен №160 киелі шаңырақта болғалы отырған
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4- сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Ибрагимов Жанаділ ағайға беріледі.
Мектеп вальсі:4-сынып оқушылары
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Мағжан:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Жайна: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Мағжан:

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Жайна:

Армысың ,сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Мағжан: Дұрыс айтасың , Жайна! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.
Жайна: Олай болса Мағжан! Алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнімен Сағынышты ортаға шырқайық!
Мағжан: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Мағжан:

Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Би:Ақнұр,Нұрай, Сағыныштай қыздарымызды орыс биімен ортаға шақырайық.
Мағжан:

Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Жайна:
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мағжан?
Мағжан: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Жайна: Дұрыс айтасың, Мағжан ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мағжан: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі биімізді ұстаздарымызға арнаймыз!
Би: Мектеп биі.

Жайна:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Келесі кезекті 4-сынып ұлдарының дайындаған көріністеріне береміз.
Мағжан:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты-дей келе ендігі кезекті үнді биімен Ақниет пен Асылзатты ортаға шақырамыз.
Жайна:

Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсамда көре тұғын белестер-деп ендігі кезекті « Тапқыр болсаң, талас жоқ» айдарына береміз.

1.«Түркістан» өлеңінің авторы кім?М.Жұмабаев

2.1центнерде неше кг бар. 100кг

3.Көбелектің көпше түрін айт.Көбелектер.

4.1кг-да неше грамм бар. 1000г

5. «Сабырсыз, арсыз, еріншек»кімнің өлеңінен алынған үзінді А.Құнанбаев.

6.Әбділда Тәжібаев кім Ақын, драматург,ғалым.

7.Кез келген санды нөлге көбейткенде не шығады 0.

8.Жатыс септігінің сұрағы -кімде, неде,кімдерде, нелерде, қайда.

9.Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар

-жаңылтпаш, ертегі,аңыздар т.б.

10.Туған жер туралы мақал айт.

11.Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айт.

12.Мектепте 30 мұғалім, 450 оқушы бар. Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі артық. 420

13.2 жылда неше ай бар. 24.

14.120 минутта неше сағат бар 2 сағат.

15.Мәтіннің түрлерін атаңдар.

Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу.
Жауаптарына рахмет.Талаптарыңа нұр жаусын!
Бірге баланы білім жолына жетектеген,

Мұғалім көмекшісі,кеңесшісі ата-ана.

Нұрай:

Ақ сүт беріп өсірген,

Қатем болса кешірген.

Бәрі:Ата-анаға мың алғыс!

Тыным таппай бір сәтте,

Біздер үшін жүгірген.

Бәрі:Ата –анаға мың алғыс!

Мағжан: Жайна мен Ақжарқын қыздарыңыздың «Анашым-анажаным» әнімен қарсы алыңыздар!

Мағжан:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Жайна:

Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
Ән: «Ұстазым» Ибадулла Мағжанды қарсы алыныздар.
Жайна: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.
Мағжан: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Жайна: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Мұғалім: .
Пайғамбарымыз (оған Алла разы болсын) өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт», - дегені осы жолда алыс - жақынға да, асқан қиыншылыққа да қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді емес пе?
Балалар, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па:

Ақниет:

Әрине, білім артық деп ойланбастан жауап берер едім.Дегенмен, байлықта артық емес.

Әли:

-Білім артық , өйткені ол-Пайғамбардан қалған мирас.Байлық-бақылдардан қалған мұра.

Асылзат:

Білім артық өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

Нұрасыл:

-Білім артық оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғап жүресің.

Арыслан:

Білім артық, ол жан дүниеңді байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді,өзіңді тура жолдан тайдырады.

Бейбарыс:

-Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы көп адам соған мәз болып мақтанады, астамшылық көрсетеді.Сондықтанда әрқашанда білім артық.

Жайна: Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.
Мағжан:

Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.
Би:Өзбек биі Жайна мен Ақжарқын қыздарыңыз ортада.

Мұғалім:

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін мойындайтын шығарсыңдар.
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. Ендеше,ата-аналарымызды ортаға шақырып жылы лебіздерін тыңдайық.

Ертеңгі еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез - келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін!

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне,

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сар?ылмас ?лылы?ты? бастауысы?, Са?ан м??гі басымды ием, Бастауышым!

Автор: Т?рсынбаева Г?лн?р Ералы?ызы

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322747


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства