kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Салт-д?ст?рді білесі? бе?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

1. ?мыт бол?ан салт-д?ст?рлерді д?ріптеу;

2. О?ушыларды? ?з хал?ына, ?лтына, ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру;

3. О?ушыларды ?лтты? салт -д?ст?рлерді ??рметтеуге т?рбиелеу.

Т?рі: Сайыс саба?

?дісі: к?рнекілік, ??гіме, с?ра?-жауап,ойын,т?сіндіру.

К?рнекілігі: слайд, суреттер, асы?, карточкалар.

Ж?мыс барысы:

?йымдастыру кезе?і:

Кіріспе б?лім:     

  • С?леметсіздер ме,??рметті ?она?тар мен о?ушылар!
  • Б?гінгі «Салт-д?ст?рді білесі? бе?» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!
  • Б?гінгі т?рбие са?атыны? негізгі ма?саты ?з хал?ымызды? салт-д?ст?рлері,асыл ?азыналары, асыл м?ралары туралы о?ушыларымыз?а т?сіндіріп, бойларына сі?іру болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Салт-д?ст?рді білесі? бе?»»

Тақырыбы: «Салт-дәстүрді білесің бе?»

Мақсаты:

1. Ұмыт болған салт-дәстүрлерді дәріптеу;

2. Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

3. Оқушыларды ұлттық салт -дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ

Әдісі: көрнекілік, әңгіме, сұрақ-жауап,ойын,түсіндіру.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, асық, карточкалар.

Жұмыс барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе бөлім:

  • Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар мен оқушылар!

  • Бүгінгі «Салт-дәстүрді білесің бе?» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

  • Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері,асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы.Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері-салт дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар.

Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтпек ,әрине сайыс болғандықтан топтардың болуы тиіс,және осы топтарды бағалайтын әділ-қазырамызбен таныс болайық:



1-кезең: «Таныстыру» Бұл кезеңде оқушылар өздерін таныстырып өтеді.Жоғарғы ұпай «5»

I топ: «Мұрагер» тобы

«Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз»

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұр айтады надан деп

Ата-бабан ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

II топ: «Құлагер» тобы

Бауырласқан тәніміз.

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

2- кезең: «Ата мұраң-асыл қазынаң» деп аталмақ.Бұл кезеңде команда копитаны шығып киіз үйдің ішіндегі карточкаларды алып,тапсырмаларды орындайды.Карточкаларда салт-дәстүрлер берілген оқушылар сол дәстүрлердің мағыналарын ашып, ойларын айтулары керек.


I топ

II топ

-иткөйлек

-жасау

-қырқынан шығару

-еншілік

-байғазы

-ерулік

-көрімдік

-тәбәрік


I топ:

«Иткөйлек»- ырымшыл халқымыз баланы «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар.Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған.

«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа ,41 қасық су құйып шомылдырады.Бұл-ресми дәстүр.Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады,кәде беріледі, дастарқан жайылады.Сәбидің қарын шашы алынып , оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қояды.

Айырмашылығы: «Қырқынан» деген баланы туғаннан қырық күн толған соң шомылдырады,тырнағын,шашын алады, соны айтады.

«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай,заттай сыйлық,ақша.

«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге,құдасына, күйеуге береді.Мұның маңызы алып беруде ғана емес,жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

Айырмашылығы: Көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниеге қатысты.

II топ:

«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады.Халық қыздың жасауына жақсы бұйым,кілем,текемет,ыдыс-аяқ,төсек-орын,киім-кешек,әсем әшекейлі заттар берген.Ауқатты адамда ақ отау тігіп ұзатқан.Жасауды қыздың еншісі деуге болады.

«Енші»- балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп,дүние-мүлік,малбереді.Мұны «енші» деп атайды.

Айырмашылығы: Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады,ал балаларды жеке үй қып шығарса оны «енші» дейді.

«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп,табақ тартады.Бұл-адамдарды бөтенсіретпей,өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.

«Тәбәрік»- біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрге кәде алса,одан жанындағыларға үлес беруі керек.Мұндайда жұрт «Тәбәрік бер» деп сұрап алады.Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті,бермесе сарандық дәстүр, сыйламағандық болып есептеледі.

3-кезең: «Халық тәлімі-тәрбие бастауы».

Бұл кезеңде әр топқа тақтадан суреттер көрсетіледі.Оқушылар сол көрсетілген затқа байланысты тыйым сөз айтулары керек,және сол айтылған тыйым сөздің мағынаын ашу керек.

Үй- үйде ысқырма,үйдегі жан басын санама.

- Үйде ысқырма,үйге жылан келеді дейтін ұғым бар.Жалпы қазақ ұғымында жылан-дұшпан.Немесе айдалада ысқырған желдей, ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласың деген ұғым бар.

- Көп балалы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген. «Көз тиеді» деп қорыққан.

Нан- Нанды бір қолыңмен үзбе,нан уағын баспа.

  • Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорламаумен бірдей.

  • Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал болады», «жеп қойсаң,бай боласың» деп тәрбиелеген.

Мал- малды теппе.

  • Малды тебуге болмайды себебі ол қасиетті,киелі жануар.

Сүт- ақты төкпе.

  • Өмір өзегі,оны аяқ асты етуге болмайды.


«Балапан қыран болу үшін оны самғатып,ұшыратын ата да қыран болуы керек» деп ,отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.Бала-біздің болашағымыз.Ендеше келесі кезең:

4-кезең: «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны соны ілесің»

- Бұл кезеңде оқушылар қоржынның ішіннен бір-бір асықтан алады.Асықта сандар белгіленген ,қандай сан түседі сол санның қасиетін айтулары керек.

1-топ « 3»

2-топ « 7»

Үш қуат:

Асыл қуат;

Жүрек қуат;

Тіл қуат.

Үш арсыз:

Ұйқы арсыз;

Күлкі арсыз;

Тамақ арсыз.

Үш даусыз:

Мінез,

Кәрілік,

Ажал.

Үш би:

Төле би;

Қазыбек би;

Әйтеке би.

Үш қадірлі:

Ырыс;

Бақ;

Дәулет.

Үш кемдік:

Надандық;

Еріншектік;

Зұлымдық.

Үш дана:

Абай,

Шоқан,

Ыбырай.

Аптаның жеті күні:

Дүйсенбі;

Сейсенбі;

Сәрсенбі;

Бейсенбі;

Жұма;

Сенбі;

Жексенбі.

Жеті күн:

Бүгін;

Ертең;

Бүрсігүні;

Кеше;

Арғыкүні;

Азна;

Соңғы күн.

Жеті жұт:

Құрғақшылық;

Жұт;

Өрт;

Оба;

Соғыс;

Топан су;

Зілзала.

Жеті қат көк:

Ай;

Меркурий;

Шолпан;

Күн;

Марс;

Юпитер;

Сатурн.


5-кезең: «Суреттерді табу»

Бұл кезеңде әр топқа суреттердің жартысы тақтадан көрсетіледі.Оқушыларды суреттерді толық тауып,сол табылған суретке байланысты салт-дәстүрді табулары тиіс.

I топ

II топ

1.Шөп басын сындыру: Бұл әдетте жақсылық жағдайда,іске байланысты жасалатын ырым.Мысалы сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар батылдық жасаса немесе жұрт өзінен күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса, естіген адам «мынау бір шөп басын сындыратын іс екен» деп жерден шөп алып сындырады. Бірақ бұл әдетте «шөп басын сындырмайды» деген фразиологиялық тіркеспен шатастыруға мүлде болмайды.Бұл сөз жұмыс істемейді,бос жүреді дегенді білдіреді.

1.Көз қысу: Халық арасында ойды, айтар сөзді ыммен білдіретін жайлар да аз емес.Мұндайда «ымды түсінбеген ,дымды түсінбейді» деген.

2. Көз тию: ас, тойларда шыққан палуанды,жүйрік атты көзге көп көрсетпейді.Ажары әдемі жас сәбилердің бетіне күйе жағып қоятын да ғұып бар.Бұл көз күйеге тиеді деген тттүсінік бар.Көз тисе «Сұқ-сұқ»,тіл тисе «тіфә-тіфә» деп немесе біреуді мадақтағанда «тіл аузым-тасқа» деп ырымдайды.


6-кезең: «Қазақ ұлттық қолөнер түрлері»

- Тақтадағы суреттермен,ою түрлерімен таныстыу;

- Бұл кезеңде оқушылар қағаздан ою қиып,сол оюмен таныстырады.


7-кезең: «Ұлттық ойын»

-Оқушыларды ұлттық ойын түрлерімен таныстырыр өтемін.

-Бұл тапсырма үйге берілген болатын.Әр топ бір-бірлеріне дайындап келген ойындарын ойнатады.

I топ

II топ

Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.


Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.


Қорытынды:

-Әділ қазылар жеңген топты анықтап айтады;

-Марапаттау;

Өте жақсы,осымен тәрбие сағатымыз аяқталды!

Сау болыңыздар!










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Салт-д?ст?рді білесі? бе?»

Автор: Исмурзина Римма Сериковна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 286025


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства