VIII – кезе?. «?лтты? ойындар мен ?лтты? аспаптар.»
І – кезе?. «Таныстыру.»
І – топ. «?ожанасыр тобы.»
І – о?ушы: Сіздерге ?ожанасыр тобынан жалынды с?лем!
?ожанасыр – ?аза? халы? ауыз ?дебиетіні? кейіпкері. Ол шешен, айлакер, ?у адам бол?ан. Біра? кейде ашы? ауыз да бол?ан.
ІІ – о?ушы: ?ожанасыр ?орлы? к?ргенні? жа?таушысы, ?ділдікті? т?решісі. Сонды?тан оны осы ?асиеті ?шін, халы? жа?сы к?реді. Міне, ?ожанасырды? ?зі де келіп ?алды.
ІІ – топ. ?аза? хал?ы ?зіні? руына, ?ай жерде ?оныстануына байланысты ?ш ж?зге б?лінеді?
?лы ж?з – Т?ле би
Орта ж?з – ?азыбек би
Кіші ж?з – ?йтеке би (Б?лар жайлы не білеміз?). ?аза? хал?ында жеті саны ерекше сан болып есептеледі.
ІІ – топ?а жаз?ызу.
?з Т?уке ханны? жеті жар?ысы, жеті жетекші, жеті ?ашы?, жеті ш?ріп (?улие), жеті ?азына, жеті ?алам, жеті к?н, жеті ж?т, жеті жо?, жетім, жеті ата, жеті ?ат ж?не к?к, жеті ?ат жер, жеті амал.
- ?аза? хал?ы ?ашанда шешендікті ??рмет т?т?ан «С?з тап?ан?ан?а ?ол?а жо?» деп орынды айтыл?ан с?зге то?та?ан. «?нер алды- ?ызыл тіл» деп ?адірлеген, ?негелі с?здерді жатта?ан. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жо?»,-деп – ?зіне ажал т?ніп т?р?анда да, ?ас жауына айтатынын ?аймы?пай, ?оры?пай айта берген.
Просмотр содержимого документа
«" Салт-д?ст?рім хал?ымны? ?азынасы" »
Қарғабаева Гүлзағира Лесбековна- бастауыш сынып мұғалімі
Төле би атындағы орта Шу қаласы Жамбыл облысы
«Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл! »
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне
тоқталып, оқушылардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, ұлттық тағамдарды, ұлттық сән киімдерді, ұлттық аспаптар мен ұлттық ойындар туралы білімдерін тексеру, бағалау. Оқушыларды сөйлей білуге, шешендік сөздерді үйрету. Ырым-тыйым сөздердің мағынасын есте сақтау. Ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
«Асыл тастан, өнер жастан шығады», - деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі әрқашанда нанымды
Сол өнердің жолын қуған оқушылар атынан
Қабылдаңыз шын жүректен сәлем сізге жалынды.
Ұранымыз:
«Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл! »
Әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктері болады. Біз басты ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Көш бастау қиын емес
Қонатын жерде су болса.
Қол бастау қиын емес
Шабатын жерде жау болса.
Шаршы топта сөз бастау қиын емес
Аталы сөзді ұғатын көпшілік болса.
Қазір біздің топты әділ бағалайтын әділқазылар мүшелерін таныстырамыз.
Сайыстың кезеңдері:
І – кезең. «Таныстыру.»
ІІ – кезең. «Қазақ халқының ұлы ғұламалары.»
ІІІ – кезең. «Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл! »
ІV – кезең. «Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.»
V – кезең. «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар.»
VI – кезең. «Ырым-тыйым сөздер.»
VII – кезең. «Ойнайық та, ойлайық!»
VIII – кезең. «Ұлттық ойындар мен ұлттық аспаптар.»
І – кезең. «Таныстыру.»
І – топ. «Қожанасыр тобы.»
І – оқушы: Сіздерге Қожанасыр тобынан жалынды сәлем!
Қожанасыр – қазақ халық ауыз әдебиетінің кейіпкері. Ол шешен, айлакер, қу адам болған. Бірақ кейде ашық ауыз да болған.
ІІ – оқушы: Қожанасыр қорлық көргеннің жақтаушысы, әділдіктің төрешісі. Сондықтан оны осы қасиеті үшін, халық жақсы көреді. Міне, Қожанасырдың өзі де келіп қалды.
ІІ – топ. Қазақ халқы өзінің руына, қай жерде қоныстануына байланысты үш жүзге бөлінеді?
Ұлы жүз – Төле би
Орта жүз – Қазыбек би
Кіші жүз – Әйтеке би (Бұлар жайлы не білеміз?). Қазақ халқында жеті саны ерекше сан болып есептеледі.
ІІ – топқа жазғызу.
Әз Тәуке ханның жеті жарғысы, жеті жетекші, жеті ғашық, жеті шәріп (әулие), жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жетім, жеті ата, жеті қат және көк, жеті қат жер, жеті амал.
Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
IV– кезең. «Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.»
Мұғалім:
- Қазақ халқы қашанда шешендікті құрмет тұтқан «Сөз тапқанғанға қолқа жоқ» деп орынды айтылған сөзге тоқтаған. «Өнер алды- қызыл тіл» деп қадірлеген, өнегелі сөздерді жаттаған. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»,-деп – өзіне ажал төніп тұрғанда да, қас жауына айтатынын қаймықпай, қорықпай айта берген.
Қазақ халқының түсінігінде шешендік сөз қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы.
Атақты шешендердің сөзін айту.
І – топ. ІІ – топ.
Бала бидің шешендік сөзі.
Қазбек бидің шешендік сөзі.
Сырымның шешендік сөзі.
V – кезең. «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар.»
- Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы.
Сәбилік кезден - ес біліп, ер жеткенге дейін салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отырады.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар.
Жаңарған сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-салты бабаның
Алып келді осы күн, –
дей отырып, салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
2 топ кезекпен айту:
Құрсақ той, қазан жарыс, сүйінші, шілдехана, шашу, қанжыға, бесікке салу, тыштырма, иткөйлек, қырқынан шығару, тұсаукесер, тұмар, тұлым, кекіл, айдар, мойнына бұршақ салу, қалау, базарлық, байғазы, жеті ата, жасау, құда түсу, қыз танысу, босаға майлау, т.б.
І – топ. ІІ – топ.
Тыштырма Айдар
Тұлым Көгентүп
Иткөйлек Байғазы
Осылар туралы не білесің?
VI – кезең. «Ырым-тыйым сөздер.»
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер.
Есі кірген балаларға әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінезден сақтандырып отырған.
«Ырымдар мен тыйым сөздерге» кезек береміз.
VII – кезең. «Ойнайық та, ойлайық!»
Ребус шешу: К+и+(т)+(үк)і+(қы)з +(т)үй(е) = киіз үй.
І – топ. ІІ – топ.
Киіз үйдің құрылымын айту. Киіз үйдің жабдықтарын айту.
Жұмбақ шешу:
Сұйық еті аппақ,
Ішсең дәмі тәтті-ақ.
Бұл не? (Сүт)
Мына әріптерден (15әріп) сүттен жасалатын тағамдарды айту, жазу. Әр топ кезекпен айтады.
І – топ: «Ақлақ, Балқаймақ» қалай жасалады? ІІ – топ: «Томыртқа, Торта» қалай жасалады?
VIII – кезең. «Ұлттық ойындар мен ұлттық аспаптар.»
І – топ. ІІ – топ.
Ұлттық ойындар. Ұлттық аспаптар.
Бәйге Домбыра
Тай жарыс Қобыз
Теңге алу Шаңқобыз
Аударыспақ Шертпе
Палуан күрес Жетіген
Көкпар Уілдек
Арқан тартыс Дабыл
Қыз қуу Даңғыра
Дойбы Сыбызғы
Тоғызқұмалақ Дауылдақ
Қолтұзақ Асатаяқ
Садақ ату Перней
Жілік ұру
Әділқазылар мүшесіне сөз берейік.
Қорытынды сөз:
Ертеден ерте – Наурыз жылдың басы,
Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы.
Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге,
Сұлу жыр, әсем ән боп сыңғырласын.
Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын, көріскенше күн нұрлы болсын! Қош сау болыңыздар!