kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты отбасында дені сау балалар сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Дені сауды? жаны сау», «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен» деп ?аза? хал?ы айтпа?шы ?азіргі кезде келер ?рпа? жаман ?деттерге ?йір, еліктегіш болып ?сіп келе жат?аны кім - кімге де а?и?ат. О?ушылар жаман ?деттер деп отыр?анымыз ?андай ?деттер?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты отбасында дені сау балалар сынып са?аты»

Тақырыбы: «Салауатты отбасында дені сау балалар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, жерін қорғауға қажетті күш қуатын молайту.
Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сынып сағатын ұйымдастыру:
«Дені сау сәби әр отбасының қуанышы,

бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың

болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

Н. Ә. Назарбаев

«Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Оқушылар жауабы.
Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

«Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап кезеңі.
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіне ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Өздерің қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?
3. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
4. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
5. Денсаулыққа не зиян?

Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу.
6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

Балалар, тазалықты сақтау үшін бізге не қажет?

Енді жұмбақтар шешу арқылы анықтаймыз.

Дымқылдап күнде сен,

қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір-ласың,

Тап-тазаболасың. (Сабын)


Шомылған баланы,

Аймалапалады.

Сүртедіқолын да,

Сүртедіжонын да. (Сүлгі)

 

Аузыжоқ, көзіжоқ,

Тіліжоқ, өзіжоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)


Бізедік, бізедік,

Отызекіқызедік.

қатар-қатартізілдік,

Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)

Енді кезекті жағдаяттарды шешіп көрейік:
1 жағдаят:
Бір күні сені жан досың өзі бірге жүретін достарымен таныстырды. Сені сол адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2 жағдаят:
Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратынын білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?
3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
5 жағдаят: Саған 5 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

Ойын:

«Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.

-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

— Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Жарлының байлығы — денінің саулығы.

3..Ауру атанды да шөктірер.

4.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

5.Бас ауырса жан қорқады.

6.Жан ауырса — тән азады,

Қайғы басса — жан азады.

Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Салауатты отбасында дені сау балалар сынып са?аты

Автор: Сексенова Асем Куанышевна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325559


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства