2. О?ушыларды? салауатты ?мір салты ж?ніндегі ??ымдарын ке?ейту,денсаулы?ты? адам ?шін зор байлы? екенін, ?ркім ?з денсаулы?ыны? ?ор?аушысы екенін т?сіндіру.
3.Жылдамды??а, ал?ырлы??а ж?не дені сау т?ні таза, салауатты азамат екенін сезіндіріп, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Сайыс саба?ыны? та?ырыбы: Тола?ай отбасы сайысы»
Толағай отбасы сайысы
Мақсаты : Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;спортпен шұғылдануды шұғылдануды насиқаттау.
2. Оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту,денсаулықтың адам үшін зор байлық екенін, әркім өз денсаулығының қорғаушысы екенін түсіндіру.
3.Жылдамдыққа, алғырлыққа және дені сау тәні таза, салауатты азамат екенін сезіндіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс ұлттық ойындар және эстафеталық ойындар
Өтілетін орны:Спорт зал
Жарыстың барысы:
І бөлімТаныстыру
1.Топтың аты
2.Топтың ұраны
3.Топтың төс белгісі
2-бөлім Ұлттық ойындар
1.Арқан тарту
2.Қол күрестіру
3.Сиқырлы таяқ
4.Теңге алу
3-бөлім Эстафеталық ойындар
1.Доптты кедергілерден алып өту
2 Аяққа қап киіп жарысу
3. Секіртпемен секіру
4. Жіптен иіліп өту
Жарыстың өтілуі .
Жүргізуші : Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және
оқушылар.Бүгінгі спорттық ойынымыз үш бөлімнен тұрада.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Спорт пен жылдамдықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
Көрермендер, қошеметтеп қол соғып отырайық,
Бүгінгі спорттық жарысымызды бастаймыз.
1-байқау: Топтар өздерін таныстырып өтеді
2-байқау Ұлттық ойын түрлері.Ұлттық ойын түрлеріне көңіл бөлейік.
«Арқан тарту»ойыны
Тартысайық арқанмен,
Кімнің тобы мықты екен.
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен
Жеңіске жеткен отбасыларды атау.
2.»Дене қимылы дәрісіз ем . Шыныға жүріп дертті жең.»дей отырып ұлттық ойынның бір түрі қол күрестіруге, әкелері мен шешелерін ортаға шақырамыз.
3.Сиқырлы таяақ ойыны
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмір бақыттыысың дененің сауда.
Денсаулық-терең бақыт деген сөзді.
Құр айтпаған ұлы ойшыл данамызда.
Жеңімпазды атап өту.
4.Теңге алу ойыны.
Теңге алу ойыны тағы бар,
Қызықтар жұрттар қашанда.
Кім екен мерген дәл қазір.
Екі шеңберге тұрып ата-аналар мен балалар музыканың ырғағымен шеңберді айналып жүріп, музыка тоқтағанда ортадағы теңгені іліп алу керек.
Ұлттық ойынның қорытындысы шығып болғанша, спорттық би орындалады.
Жарыстың 2-бөлімі эстафеталық ойындар.
Тік ұстап денеңді.
Сапққа тұр сен енді,
Жанға сен тынығу.
Сымбатты болу да,
Өзіңнің қолыңда- дей отырып эстфеталық ойынымызды бастайық.
1.Допты кедергілерден алып өту.
2.Аяққа қап киіп жарысу.
3.Секіртпемен секіру.
4.Жіптен иіліп өту.
5.Шығыршықпен жүру.
1. Допты кедергілерден алып өту.
2.Қапшықты киіп алайық,
Кім алда екен қарайық
Көріп әсем ойынды,
Қуанышпен тарайық.
3.Олай болса»Спорт жігер –спорт бірлік демекші жарысымыздың кезекті ойыны » аяқпен шарды алып бір-біріне беру.
4.Секіртпемен секіру
Епті болсаң секіресің жіптен де,
Жалқаулықты жақындатпа тіптен де,
Кім жеңеді көрсетер оны ойын,
Содан кейін тойлайсың жеңген тойын.
5. Жіптен иіліп өту.
Әсем мүсін асқан ол,
Жай оғындай от алау,
Әсемдікке бастар жол
Гимнастика екен-ау.
Салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету мақматында, денсаулық адам баласының азбас қазынамы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екендігін түсіндіру мақсатында бүгін сіздермен «Ден сау жанұя-тұғырлы мемлекет» тақырыбында өткізілген отбасылық сайысымызды аяқтаймыз.
Әділқазылыр алқасы қорытындыны айтып кетесіңдер. Әділқазылар алқасының қорытындысы дайын болғанша назарларыңызға жақсы ән тыңдаңыздар.
6.Қорытындылау.
Ұпай санының нәтижесінде «Барыс»тобы Нурбатыровтың жанұясы
І орын, «Қыран»тобы Үйсінтаевтың жанұясы ІІ орын, «Азияда» Оразбековтың жанұясы ІІІ орын алды.