Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «?аза?стан б?йтерегі – Астана» »
№ 6 орта мектебі
(зияткерлік сайыс)
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан бәйтерегі – Астана»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Астанатуралы білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау;
2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
Мұғалім сөзі:Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі 6-сынып оқушылары арасында өтетін «Қазақстан бәйтерегі – Астана» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалаған жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! – демекші енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
4 - нөмірдегі сайыскеріміз 6б сынып оқушысы – Ағынтаева Әсем
Алдымен сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. Білім ағашы
4. Киелі сандар
Әр кезеңге өзіне тиісті ұпай беріледі.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейік! – деп сайысымыздың кезеңдеріне көшейік.
І-кезең «Бәйге».
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Бәйгеде оқушыларға Астана туралы 10 сұрақ қойылады. Кім бірінші тетікті басса, сол жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса қарсыласы жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпайдан бағаланады.
1. Қазақстан Республикасының елордасы. (Астана)
2. Астананың алғашқы атауы (Ақмола)
3.Астана қай өзеннің алқабында орналасқан? (Есіл өзені)
4. Қай жылы Астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді? (1997 жылы)
5. Елорданың атауы қай жылы Астана болып өзгертілді? (1998 жылы)
6. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, биіктігі 105 метр. («Бәйтерек» монументі)
7. Астанадағы киіз үй тәріздес ең үлкен ғимарат («Хан Шатыр»)
8.Астананның өмірі, тарихы жайлы жазылған Елбасының қандай кітабы бар? (« Еуразия жүрегінде»)
9. 2017 жылы Астанада қандай әлемдік көрме өтеді? (Экспо көрмесі)
ІІ-кезең «Полиглот».
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Полиглотта оқушылар қойылған сұрақтарға қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде жауап береді. Барлық жауап дұрыс болса 30 ұпай, ал егер ағылшын тілінде жауап болмаса 20 ұпай беріледі. Орыс тілінде жауап болмаса ұпай саны есептелмейді, жауап беру мүмкіндігі басқа оқушыға беріледі. Осы кезеңнен кейін ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
1.Кітап білім бұлағы, . . . өмір шырағы (Білім – знание – a knowledge)
2. Оқушының білім ордасы (Мектеп – школа – a school)
3. ... оттан да ыстық (Отан – Родина –abirthplace)
4. Отансыз ...,
Ормансыз бұлбұл (Адам – человек – aman)
5. ... – достықтың алтын көпірі (Тіл – язык–alanguage)
6. Ашу – дұшпан, ақыл – . . . (Дос – друг – a friend)
ІІІ-кезең «Білім ағашы»
Білім ағашы кезеңінде 10, 20, 30 ұпайдан 6 ұяшық жасырылған. Ұяшықтарды таңдап, онда жасырылған сұрақтарға жауап береміз. Ұпай саны сол ұяшықта берілген ұпаймен бағаланады. Осы кезеңнен кейін ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
20
30
10
10
20
30
Сол жақтағы 10: ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңрезиденциясы.(Ақ Орда)
Оң жақтағы 10: Қысы өте аязды, суық болатын қала.(Астана)
Сол жақтағы 20: Елордамыз биыл неше жылдығын тойлап жатыр?(17 жылдығын)
Оң жақтағы 20: Астананың туған күні қандай мерекемен сәйкес келеді? (Елбасымыздың туған күнімен)
Сол жақтағы 30: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.(Бейбітшілік пен Келісім сарайы)
Оң жақтағы 30: Астанадағы ең үлкен кітапхана(«Отырар» кітапханасы)
VІ - кезең «Киелі сандар»
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
Киелі сандар кезеңінде 30 ұпайдан 4 ұяшық жасырылған. Ұяшықтарды таңдап, онда жасырылған сұрақтарға жауап береміз.
30
КИЕЛІ САНДАР
30
30
30
Жоғарғы 30: Жеті атаны ата (әке, бала, немере,шөбере, шөпшек, немене, туажат )
Оң жақтағы 30: Үш арсызды ата (ұйқы арсыз, күлкі арсық, тамақ арсыз)
Төменгі 30: Жеті қазынаны ата (Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл,білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы)
Сол жақтағы 30: Үш байлықты ата (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Ұпайы көп оқушыны ортаға шақырамыз. Оқушыларды марапаттау. Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағаңдарыңызға рахмет.