Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс. Семейді? ?нер са?ла?тары. »
Сабақтың тақырыбы: Семейдің өнер саңлақтары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Семейдің өнер саңлақтары жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Әнші, сазгерлік дарынның қыр- сырларын аша түсу;
Өз ойын айтқыза отырып, тіл байлығын, сөз қоржынын байыту. Мәнерлі сөйлеп, көркем жаза білуін дамыту. Өз бетінше ізденуге баулу;
Өнерді дәріптеуге, туған жер саңлақтарын құрметтеуге, әнші болуға деген қызығушылығын оятып, бала бойындағы дарынын ашу;
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, пікір –талас, ой шабуылы, баяндау, өзін- өзі бағалау т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, фильм, слайд.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару, психологиялық дайындық.
2.Үй жұмысы
3.Жаңа сабақ
1.Мұғалімнің түсіндірмесі:(слайдпен жетеленеді)
Әншілер
Мәдениет Ешекеев
Мәдениет Ешекеев 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған.
Әншінің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржаның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б. әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің Бас шырақшысы Т.Ибрагимов.
М.Ешекеев жастардың ұстазы, Республикалық Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы ''Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі'', 1987 жылы ''Қазақстанның халық әртісі'' құрметті атақтары берілді.
Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев - 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.
Әнге байып Семейге қайтқан Әмірені қалалықтар қызу қарсы алды. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған ''Ес-аймақ'' ұйымына кіріп, әншілігін шыңдай түседі. Мәскеуге дейін жетіп: ''Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын, жол қаражаты, гонорары төленеді. Мерзімі - июнь, июль айлары. РСФСР Халық Ағарту Комиссары - Луначарский'' деген, Семейдің губерниялық ағарту бөліміне телеграмма келеді. Әміре Мәскеуге жол тартады. Парижде болатын концертке қатысу үшін астанаға басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келеді. Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен театрдағы концерт табысты етті.
Жәнібек Кәрменов
Жәнібек Кәрменов (1949-1992), Абай елінің тумасы, жезтандай әнші, қаламгер жазушы Жәнібек Кәрменов әншілік дарынымен бала кезінен танылды. М.Әуезов туған жерге келгенде бала Жәнібек үлкен адамның батасын алған. 15-16 жасында әйгілі ән дүлділі Ж.Елебековтің назарына ілігіп, Алматыдағы өнер студиясына қабылданады. Бірақ белгілі бір себептермен оқудан шығып қалады. Кейіннен ішкі істер министрі Ш.Қабылбаевтың араласуымен оқуға қабылданады.
Гүлдана Ноғайбаева
Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы - 1979 жылы 3 шілдеде Ақсуат ауданында туған. 1996 жылы Семей қаласында Шәкірім атындағы мектепгимназияны бітірген. 2001 жылдан бері Мәдениет сарайында өнші болып қызмет етеді. Жастайынан өнерлі отбасында өскен Гүлдана талай байқаулардың лауреаты атанды. 1998 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының 2-орын жүлдегері, 1999 жылы «Татар жыры-99» байқауының лауреаты, 2000 жылы республикалық «Жас қаиат» байқауьшың дипломанты, 2002 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық Е.Хасанғалиев байқауының лауреаты болды. Оның орындауындағы «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында», «Жан аға», халық әні «Аққұм», Мәдидің әні «Қарқаралы» т.б. әндері халық сүйіп тыңдайтын әуенге айналды.
Келденбай Өлмесеков
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған ауылында 1953 жылы 25 мамырда туған (2011 жылы дүниеден өтті).
1988 жылдан бастап Шәкәрім шығармасына бет бұрған Келденбай лекция-концертті бірге жүргізе білді. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған өнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеевтей, Болат Сыбановтардай әншілердің кешіне ерген Келденбай репертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар.
Келденбай Қазақстанньщ төртбұрышын жаяу аралады. Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы ''Мәдениет қайраткері'' белгісімен марапатталуы әншінің талай істі тындыра алғандығының белгісі. Мапруза Өтеуленова
Өтеуленова Мапруза 1961 жылы 30 қарашада Ақмола облысының Державинск қаласында туған.
Жасынан әншілігімен көзге түскен Мапруза Торғай облыстық филармониясының «Шертер» ансамблімен Қазақстанның барлық жерінде өнер көрсетті. Польшада, Мәскеу сахнасында бірнеше рет ән шырқады. 1982 жылы
Бүкілодақтық халық шығармашылығы конкурсының үш мәрте лауреаты 1990 жылы аймақтық «Майра сұлу» конкурсының «Гран-при» иегері атануы да әншіге берілген зор құрмет. 1989-1996 ж.ылдар аралығында Жаңасемей аудандық мәдениет бөлімінің «Семейтау» ансамблінде қызмет етті. 2001-2002 жылдары халықаралық «Беловодье» орыс фольклорлық фестивалінің лауреаты, 2001 жылы халықаралық «Татар әндері» фестивалінің лауреаты. 2003 жылы аймақтық «Орыс әні» фестивалінің дипломанты және республикалық «Жас ұлан» конкурсының жеңімпазы атанды.
БолатСыбанов
Б.Сыбановтың халыққа кең тараған өндері «Таң самалым», «Жан ана», «Әке туралы», «Отан туралы», «Жауынгер сағынышы» атты әндері халықтың сүйіп орындайтын өндері. Кейінгі уақыттары тіл туралы, ел басына арналған ән, достық, туыстық, ел бірлігі туралы әндер шығарған. Болаттың 30-ға жуық әндері шабытты көңілден туған шынайы әндер еді. Оның орындауындағы Б.Тәжібаевтың ''Ақбұлағы'' күнде радиодан орындалып жататын. Республика ән әуесқойларының назарына ілігіп, астанадағы үлкен коцерттерге қатыса бастады. Музыка мәдениетін танытуда сіңірген зор еңбегі үшін ''ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі'' атағы берілді. Сазгердің әндері Моңғолия, Түркия қазақтарына да таныс. Б.Сыбанов Орта Азия профессианал әншілері конкурсының лауреаты. Әншінің «Өмірім-өнерім» атты кітабы шықты. Семей өңірінде ғана емес, Қазақстанға танымал белгілі әнші, сазгер Болат Сыбановтың әндерін шет жерде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды. 2004 жылы «Хабар» агенттігінің шақыруымен «Алматы-менің бірінші махаббатым» атты VI ретро-фестиваліне қатысып, дипломант атанды. Сазгерлер
Бекен Жамақаев (1931-1972)
Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгеріміз Бекен (Бекенғали) Жұмабекұлы 1931 жылы Абай ауданының Саржал селосынан елу шақырымдай Жанан деген жерде дүниеге келген.
1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма театрында артистік қызмет атқарды. Болашақ сазгердің атағын шығарған сөзі акын Н.Шәкеновтікі атақты ән «Махаббат вальсі» болды. 1955 жылы 28 қазанда Қазақ радиосынан әнші Р.Бағланованың орындауында белгісіз бір әннің тұсауы кесілді. Жаңа ән байтақ қазақ даласын шарлай жөнелді. Бұл ән Бекеннің бағын ашқан, Нұфтолла ақынның дарынын танытқан, Роза әншінің репертуарын байытқан ән осылай дүниеге келген болатын. Жазушы М.Әуезов әнді қатты ұнатып, әннің шығу тарихын сұрағанда сазгер өзінің өкпе ауруына шалдығып, сүйген қызына үйлене алмай жүргенін мұң етіп айтқан. Осыдан кейін жазушы оның сауығып кетуінен көмегін аямаған дейді көз көргендер.
Алматыда тұратын баласы Бақытжан өке мүрасын жинастырып түрлі-түсті «Махаббат вальсі» атты ән жинағын шығарған. Оған сазгердің 38 әні енгізілген.
ТұрсынғазыРахимов
Сазгер Тұрсынғазы Рахимов отыз жылға жуық қазақ даласын шарлап, өз өнерімен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген әнші.Ел таныған сазгер-әнші өмірінде сан рет есте қалар сәтті күндер, қызықты да қылықты жиындар болды. 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші етті. 1993 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым зерттеуші Т.Ибрагимов.
Тұңғыш сәбиі дүниеге келгенде шығарған «Сәби болғым келеді» әні оның бүкіл шығармашылық тағдырын ашып берді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл» атты әндері жан дүниеңді тебірентетін дүние. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы -Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Жәнібек Кәрменовке арналған «Ақ бөкен» атты әндері әншінің шын жүрегінен туған. Жүз шақты әннің авторы, сазгер шығармашылығын одан әрі жалғастыруда аянбай еңбек етуде.
4.Дәптермен жұмыс: айтылған негізгі деректерден дәптерге үзінділер жазып алыңдар.
Сергіту сәті: Қаражорға биі.
5. Сабақты бекіту сұрақ-жауаптары.
6.Үйге тапсырма: Семей әнші, сазгерлері жайлы ізденіп келу.