kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?тан тыс. Семей ?асіреті.

Нажмите, чтобы узнать подробности

·     Полигонны? адам ?міріне келтірген залалдары, кесірі жайлы т?сінік беру;

·     Ойлау ?абілетін, жалпы д?ниетанымын, ?ылыми к?з?арасын дамыту;

·     ?з еліні? ?амын ойлайтын, таби?ат байлы?ын к?з ?арашы?ындай ?ор?айтын азамат болу?а т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс. Семей ?асіреті. »

Сабақтың тақырыбы: Семей қасіреті.

Сабақтың мақсаты: Семей полигоны жайлы түсінігін дамыту.

Міндеттері:

  • Полигонның адам өміріне келтірген залалдары, кесірі жайлы түсінік беру;

  • Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыту;

  • Өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу;

Сабақтың өтілу формасы: ойын

Керекілігі: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, маркер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, мултимедия кешені, бейнетаспа және т.б

Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру 3-5 мин

2. Негізгі кезең 35 мин

3. Қорытындылау 5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өдеріне ұнаған суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.

2.Негізгі кезең

Экологиялық экспресс ұйымдастыру.

1. «Танысу» аялдамасы: Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.

Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар. Сендер де Жерде іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз ізін қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында ашылған № 2402 кіші планетаға аты берілді. «Сәтбаев» планетасын әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып ол «Эксперт» тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.

2. Енді «Киностудио» аялдамасы:

«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру.

3. «Ой шақыру» аялдамасы:

«Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді.

4. «Қасірет» аялдамасы:«Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.

«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз?

Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.

5. «Өнер» аялдамасы:

«Өнер» тобының қалдық заттар, яғни пакет, қалың қағаз қораптар, пластмасса бөтелкелерден, металл қаңылтырдан жасаған ойыншықтарына баға беру. Олар не үшін жасағанын түсіндіреді.

8. «Үнемшіл» аялдамасы:

«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз 2-10 жыл

Консерві банкалар 80 жыл

Полиэтилен 200 жыл

Пластмасса 500 жыл

Шыны 1000 жыл

9. «Болашақ» аялдамасы:

Эксперттерге сөз беру. Бүгінгі сабақ бойынша ой түю.

Өз пікірлерін айту.

3.Қорытынды:

Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба?тан тыс. Семей ?асіреті.

Автор: Оразгалиева Алтынай Баймукеновна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174996


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства