Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, аудио таспа, дискілер, бейне баян таспалары, портреттер.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі
ΙΙ. А)Үй жұмысы пысықталады
Ә)Дайындық кезеңі: Сахналық көрініс: ( Ұлы жеңіс сәтінен бейне баян қойылады)
1 оқушы: Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
2 оқушы: Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды арай алды.
Жетсек деген арманға жетті-дағы,
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.
3 оқушы: Гитлершілдер бүкіл елімізді жойып жіберген миллиондаған адамдарымызды құртуды, құлға айналдыруды көздеді. Бірақ сүйікті Отанға қауіп төнген кезде елін, жерін, бостандығын, тәуелсіздігі үшін қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік көрсетті.( шайқас алаңы көрінісінен бейне баян қойылады)
4 оқушы: Бұл соғыс адамзатқа көп қиындық әкелумен бірге, көптеген батыр аталарымыз бен апаларымыздың есімдерін қалдырды.
М.Ғабдуллин (оқушылар атап өтеді, слайдтан портреттері шығып тұрады)
5 оқушы: Дәл осындай жадыраңқы май күні,
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. ( 1 минут үнсіздік жариялау)
ΙΙΙ. Жаңа тақырып
1.Мұғалімнің түсіндірмесі:
Маметова Мәншүк Жиенғалиқызы
Орал обл Шын аты Мәнсия
1922 жылы (Моншақ)
23 қазанда 1942 жылы өз еркімен
туған майданға аттанды
1943 жылы 15 қазанда
Невель қаласын азат етуде
ерлікпен қаза тапты
Молдағұлова Әлия Нұрмұқанбетқызы
Ақтөбе обл
Қобда ауд. Шын аты Ылия
1925 жылы (Ақмоншақ)
туған 1942 жылы
майданға аттанды
1944 жылы 14 қаңтарда
Новосокольники қаласын азат етуде
ерлікпен қаза тапты
Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз!» әні маршпен орындалады
Оқушылардың Әлия мен Мәншүк жайлы баяндауы:
Балалық шағы
Оқушылық кезеңі
Ұлы Отан соғысының басталуы
Мергендер училищесінде
Өз еркімен майданға аттануы
Әлияның ерліктері, мергендігі және тапқырлығы жайлы оқушылар өз бетінше іздену тапсырмасы бойынша баяндау үстінде «Әлия» фильмінен үзінді көрсетіліп тұрады.
Әлияның соғыста жазған хаттарын оқушылар оқып береді.
«XXΙ ғасырдың арулары», шығыстың қос жұлдызы – Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам таңғаларлық ұқсастықтар көп.
Сол ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өздеріне тән ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша анықтап көрейік:
Әлия Екеуінің Мәншүк
(ерекшелігі) ұқсастығы: (ерекшелігі)
- 1925 ж. – ата-аналарынан ерте айырылды; - 1922 ж.
- Ақтөбе обл. – өз еркімен майданға аттанды; - Орал обл.туыл.
туылған - Алматыда тұрған;
- мерген - туыстарының қолында болған; - пулеметші
- 1944 ж. – қазақ қыздары; - 1943 ж.
қаза тапты - ерлікпен қаза тапты; қаза тапты
-19 жас - Кеңес одағының батыры; - 20 жас
- XX ғасырдың арулары;
- «Моншақ», «Ақмоншақ»
Ерлікпен қаза табуы (оқушы баяндауы)
Қыздар есімі- ел есінде
ΙV. Сабақты бекіту: Мақалдарды талдау, дәптерге жазып алу.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ.
Ер есімі- ел есінде.
VΙ. Үйге тапсырма:
1. Шығармашылық ізденіс: Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметтер жинақтау, оқу.