Просмотр содержимого документа
«"Рахмет,са?ан ?ліппе!"»
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім:
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер « Рахмет саған Әліппе» атты ертеңгілікті тамашалағалы отырсыздар. Қоңыр күзде күміс қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен - үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса, оқушылар сіздерге Әліппені қалай оқып меңгергендерін, қалай жаза алатындарын көрсетейік.
Ендеше ортамызға 1сынып оқушыларын шақырайық!
Мұғалім:
Жұмсағанға баратын,
Айтқан тілді алатын,
Ырыстыдай қызым бар,
Шырқап әнге салатын.
Әдемі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті,
Би билейтін айнала,
Келе жатыр Альбина.
Қара көз, сұлу Жазира, Беделі биік сыныпта, Әдемі жазу, жоқ қате, Дәптері де тап-таза.
Даусы жұртты үйірер, Бір қызымыз сайрайды-ай. Тақпақ айтса саңқылдап,
Айша қызым бұлбұлдай.
Айша:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Жазира.
Қош келіпсіз мейрімді әжелер Балдан тәтті немересін мәпелер Бүгін міне, әліппемен қоштаспақ, Әп-әдемі мына тұрған еркелер.
Айша:Достар!Менің көңіл-күйім болмай тұр.
Ырысты : -Ой, не болды? Неге олай дейсің?
Альбина: Ал менің жылағым келіп тұр
Жазира: -Мен білем сендердің неге жылағыларың кеп тұрғанын.Сендер Әліппемен қоштасқыларың келмей тұр.
Бәрі: Дұрыс айтасың.Әліппемізді қимай тұрмыз.
Мұғалім: Балалар! Сендер 4 ай бойы оқыған «Әліппемен » қоштасқыларың келмей тұр. Солай ма? Ендеше Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: ӘЛІППЕ ӘЛІППЕ ӘЛІППЕ
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата – ана! Болашаққа жол бастар. «Әліппең» келді ортаңа. Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген, Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Ән: «Әліппе»
Мұғалім:Құрметті Әліппе, оқушыларымның сізге арнаған өлең-жырлары бар ,Соны тамашалаңыз.
Әліппе:
-Қане, онда қарайын,
Зейін қойып тыңдайын.
Ырысты:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Жақсы кітап-Әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастық
Әліппемен достастық.
Жазира:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе.
Альбина:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әртүрлі әріптермен.
Айша:
Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды Әліппені бітірдім Бала болдым ақылды. Көп нәрсеге үйретті, Әсем кітап -Әліппе
Тақылдатып сөйлетті.
Әйбәт кітап- Әліппе.
Ән «Әліппе туралы жыр»
Айша:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Альбина:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Ырысты:
Ыстық әр бір беттерің,
Жазуынды ұғамын.
Ақыл бердің әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Ән«Тәрбиеші мұғалім»
Мұғалім:
Ал ,балалар , әліппе жайлы не білеміз?Қазақ балаларына ең алғаш әліппені жазған кім?Ол бізге қандай өсиет қалдырды?
Албина
Жырын жаттап саламыз, Жалықпастан қыс-жазы. Ұлы Ыбырай атамыз- Ұстаздардың ұстазы. Ұран тастап көп елге, «Кел, балалар оқылық!» Деген сөзін көңілге
Ықыласпен тоқылық Оқығаннан кезінде Озған алғаш сол екен. Әліппенің өзін де, Жазған алғаш сол екен.
Әліппе:Рахмет,қыздарым.Әліппені жақсы оқыған екенсіңдер.
Сендерге сұрақ қойғым келіп отыр. – Балалар, сендер білесіңдер ме, биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр? - Мемлекетіміздің астанасы қай қала? - Еліміздің басшысы кім екен?
Әр оқушы Астана,Қазақстан,Отан туралы тақпақтарын айтады. - Жарайсыңдар! Өздерің көп біледі екенсіңдер.Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда!Ал,енді сендерді Ана тілі кітабымен таныстырайын.
Ана тілі мен кітапханашы келеді.
Ана тілі: Саламатсыңдарма?, балалар! Енді мені оқып , менен білім аласыңдар. Өз ана тілдерінді құрметтеңдер.
Ана тілін арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте! -дегендей енді біз бір-бірімізбен айнымас дос болайық . Келе жатқанда көңілді дауыстарыңды естіп қалдым.Енді маған көрсететін өнерлерің бар ма?
Әліппе: Ана тілі, қыздардың саған көрсетер өнерлері көп.Менің баратын жерім бар.Мен балаларды өзіңе тапсырдым, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар!
Кір шалмасын Ана тілдің беттерін, Таза болсын оқулық пен дәптерің!
Есте сақтап мұғалімнің әр сөзін,
Күнделіктен бестіктерің кетпесін!
Бәрі:Рахмет Ғалия апай!
Жазира
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Мұғалім :
Әріптердің тойында ,
Әркім құмар ойынға .
Әріптер сыр ашқанша,
Альбина биге басады.
«Үнді» биі.Альбина
Мұғалім: Ал енді әріптерді сөйлетейік.
Жазира
А-дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз.
Б-дегенім бал тілім
Біз бақыттты баламыз
Ырысты
Ә-дегенім әншінің
Әуені ғой әдемі.
Қ-дегенім малшының
Қамшысы ғой әдемі.
Жазира
О-кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп
Айша
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Альбина
Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған?
Мұғалім:
Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық. Хор: Аналарға мың алғыс!
Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз.Қазір сіздерді де тексеріп қөрейік.
1. Балаңыздың жаттаған бір тақпағын айтып беріңіз. 2. Алдарыңызда балалардың көшіріп жазған тақпақтары жатыр.
Өз балаңыздың жазғанын табыңыз.
Мұғалім: Дүниенің жарық күні анамыз ,
Дана болсаң анаменен данамыз .
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Аналарға арнап бір ән саламыз .
Ән «Апатайым-Анашым» Орындайтын Ырысты.
Қыздардың орындауында би «
Көрініс: Әжесі мен немересі. / Альбина , Ырысты/
Сахнада әжесі газет оқып отырады. Баласы сабақтан күнде екілік баға алады.
Бір күні баласы есіктен жүгіріп келіп:
-Әже, әже мен бүгін бес алдым,-дейді.
-Қай сабақтан?
-Ана тілден-3 тік
-Дүниетану сабағынан-2 лік
-Балам ау бұл жерде бес деген баға көріп тұрған жоқпын,алғаның 3-пен 2 лік .
-Ой әже 2 мен 3 ті қосқанда 5 болмай ма? Соны да білмейсің бе?
Ата бата Айша,Жазира, Ырысты
Мұғалім:Балалар ,Ана тілі оқулығы бізді сынамақшы.
Ана тілінің тапсырмасы.
«Адасқан әріптер»
«Мақалды жалғастыр»
«Адасқан буындар»
«Санамақ»
Ана тілі: Жақсы қыздар екенсіңдер.Мен сендерге риза болдым.Ары қарай да осылай оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер – білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Әумин! Көрініс: «Күншіл үйрек»
Би «Домбыра»
Тілек беру.
БНМ басшыларына,
Бастауыш сыныптар ӘБжетекшісі Кажмагамбетова Р.Ж.
Жетекшім,бастауыш сынып мұғалімі:Иманкулова А.Б.
Ата-аналар, қонақтарға тілек.
Мұғалімнің тілегі: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!
Осымен бүгінгі 1 сыныпта өткен«Рахмет,саған Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.