kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Преддверии Нвого года!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Очень  удобен  для  начальных  классов и  очень-очень  интересен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Преддверии Нвого года!»

Жүргізуші: Армысыздар халайық, армысыздар.

Бәріңізде есен-аман бармысыздар.

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Биылғы жыл еліміз үшін ерекше. Ұлттық рухымызды жандандыра түскен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. Келер жыл, Елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойы баршамызға құтты болсын.

  • Балалар, 2017 жыл қандай жыл болып еді?

«Шөжелер» биі 1 сынып қыздарының биі «Мы маленькие дети»

Тауық:Сәлем достар!

Мен ескі жыл есіркедім,

Егемендік елдікті.

Мен сүйемін батырлықты

Татулық пен ерлікті.

Қарақтарым, қанаттарым, Жаңа жылымыз келгенше, ескі жылмен ән орындап алайық.

Хоровод «Орманда шырша туыпты»

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Бүгінгі біздің мерекемізде қандай тамаша қонақтар жиналған, бәрекелді.

Достар, мен планетааралық кемені көріп тұрмын. Ол бізге жылдам қозғалып келеді, міне қандай тосынсый. Кемемен кездесуге дайындалайық. Жерге қонуға рұқсат береміз бе?

Космонавт келеді

Космонавт: Амансыңдар ма, құрметті балалар. Мен сендерге сонау космостан жалынды сәлем алып келдім. Мен космос әлемінен Қазақстан жерінің кереметтегін көріп, елдің жеткен жетістіктері мен биік белестерінен байқадым. ЭКСПО көрмесі арқасында , сіздің ел болашақ энергиясынан үлкен қуат алды. Ал, енді менімен ойын ойнауға дайынсыңдар ма?

«Қоңырау» ойыны (екі қыз, екі ұл)

Мен Жер шарын аралап жүріп, тіпті ертегілер әлемінен де шақырдым. Кәне, телескоптарымызды алып, кім келе жатқанын қарайық.

  • Кім келе жатыр?

«Маша и медведь» музыкасы ойналады.

Медведь: Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай,

Келіңдер, қарсы алайық!


Кәне, достар келейік,

Қол ұстасып жүрейік,

Бір-бірімізге күлімдеп,

Ән әндетіп, билейік!

Барлығымыз би билеп, қимылдарды менің артымнан қайталаймыз.

«Жүгіреді балалар» биі

Медведь: Жарайсыңдар балалар! Балалармен көңіл көтереміз, қонақтарды қарсы аламыз, не дегенмен мереке ғой...

Музыка.Сайқымазақ келеді

Сайқымазақ: Армысыздар, достар! Мен көңіл көтергенді қатты ұнатамын, әсіресе би билегенді ...

Менімен ешкім де би билегенде жеңе алмайды, себебі мен ең көңілдімін.

(Клоун биі)

Сайқымазақ: Біздің мерекеге көп қонақтар келді.

Тауық: Ең басты және маңызды қонақтар әлі келген жоқ

Сайқымазақ: Білем, білем, бұл Аяз Ата мен Ақшақар

Тауық: Дұрыс айтасың, бірақ сен біреуді ұмытып кеттің

Сайқымазақ: Өкінішті, мен сондай ұмытшақ болыппын.

Тауық: Жарайды, сендерге бір мүмкіндік берейін. Жаңа жылдың символы- бұл ит қой, сенімділік, қорғаныс пен жақсылықтың нышаны. Олай болса балалар, ортаға Жаңа жылымызды (итті) шақырайық.

Ит келеді

«Санта Клаус» биі

Ит: Сәлем,балалар! Биылғы жылы сіздермен бірге әрдайым сәттілік болсын, халқымыз бақытты болсын. Күлімдеген күн көзі жарқырап, бөбектердің сыңғырлаған дауыстары естілсін. Жайнап, жарқырай берсін Қазақстан! Көңілдірек балалар, барлығымыз бірге билейміз.

Балалар, біз неге жалғыз жүмрміз? Аяз Ата мен Ақшақар қайда жүр екен? Бәріміз бірге қосылып, Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық!

Аяз Ата мен Ақшақар келеді

Аяз ата: Амансыңдар ма, қымбатты балалар!

Ақшақар : Жаңа жылғы алғашқы

Тілекті ата дәл басты

Жайлы, тыныш жыл болсын!

Құт-береке мол болсын!

Аяз ата: Жаңа Жылдарыңмен құттықтаймын!

Жүргізуші: Ал енді, Аяз атамызға арнаған әнімізді айтайық

«Шырша» хоровод

1 «Ә» музыкалық номер

Аяз ата мен Ақшақар «Таяқ» ойыны

Музыкалық номер Ерке Есмахан «Қайда?»

Аяз ата: Балалар, сендердің жаңа жылдық армандарың шығар? Ендеше көздеріңді жауып, армандарыңды іштей айтыңдар, ата-аналар да бүгін өз тілектерін айта алады. Тек ешкім көзін ашпасын.

Жүргізуші: Ал қазір кім Аяз Атаның сыйқырлы таяғының астынан өтеді, сол жаңа жылда бақытқа кенеліп, жаңа жылдық армандары орындалады.

Дәрібаевтар «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Аяз Ата мен Ақшақармен қоштасатын сәт те келді.

Аяз ата: Жаңа Жылмен құттықтамын! Жаңа бақыт тілеймін.

Ақшақар: Қош болыңдар, мерекенің бар баласы,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Тамаша жаңалықтың бастауы боп,

Келерміз әлі, алдарыңа, тағы, тағы.

Жүргізуші: Ал енді барлығымыз қоштасайық. Қош бол, Аяз Ата! Қош бол, Ақшақар!

Жүргізуші: Шырша айналып,

Би билеп, босқа қарап тұрмайық,

Мерекенің думанын,

Бимен жалғастырайық





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Преддверии Нвого года!

Автор: Камзина Асемгуль Рахимбаевна

Дата: 22.02.2018

Номер свидетельства: 459028


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства