kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый классный час Армысы?, ?з Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема: Наурыз- начало года.

Цель

Знать: традиционный народный праздник- Наурыз, его обряды и обычаи.

Иметь: представление о празднике Наурыз; интерес к традиционным праздникам, к культуре и быту казахского народа, его традициям.

Уметь: выразительно читать стихи; делиться впечатлениями с окружающими

Класс оформлен в казахском стиле. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый классный час Армысы?, ?з Наурыз!»

Ашық тәрбие сағаты 1

Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»

Мақсаты: Халқымыз әрқашан қасиетті де киелі санаған, жылдың басы Наурыз мейрамының мағынасы мен мазмұнын, қаншалықты маңыздылығын тереңірек түсіндіру. Ізденімпаздыққа баулу.Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

АҢСАР: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған

Мұнда біз бар.

ӘЛІБИ: Естімегендер – естіңіздер,

Тыңдамағандар – тыңдаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

АҢСАР: Ассалаумағалейкум, барша халық,

Қартқа құрмет сыйлайық. Жасқа шабыт.

Салты солай наурыздың, ей, адамдар,

Бауырларша келіңдер, бас қосалық.

АҚБОТА: Армысыздар, жамағат!

Ару көктем, әз Наурызым, ақ күнім,

Ала келген бар әлемнің шаттығын.

Қазан-қазан көже жасап,

Азан-қазан күй кешу –

Біздер үшін шат бүгін.


ҒАЛЫМЖАН: О, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар.


АЙАРУ: Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ қонып, Қыдыр дарысын,

Мерекеден қалмаңдар.

ДАНИЯР: О, жарандар, жарандар,

Тамашадан қалмаңдар. 2

Құс қанаты көңілмен

Жер әлемді шарлаңдар.

ЖАЗИРА: Ерітіп мұз бен ақ қарды,

Оятып шың мен асқарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз-көктем басталды.

АҢСАР: Тойымыздың шымылдығын сыныбымыздың әнші

қызы Жазира Нұржанқызы «Шақырады көктем»

әнімен ашады.

ӘЛІБИ: Қошеметтеп қарсы алыңыздар!


(Жел ұшырған қаңбақтай домалана жүгіріп,

ортаға Қаңбақ шал шығады.)


ҚАҢБАҚ ШАЛ – Ғалымжан:

Армысыздар, ағайындар! Осы мен қайда келдім?


АҢСАР: Амансыз ба, жол болсын!


ҚАҢБАҚ ШАЛ:

Әләй болсын, балам! Мектепте Наурыз тойы болады дегенді естіп, «Ертегілер елінің» елшілерін ертіп жолға шыққаным сол еді, бір әлемет жел тұрып, ұшырып ала жөнелгені. Содан соң осы жерге топ ете қалдым, қарағым!

РАМАЗАН: Е, ақсақал! Сіз Қаңбақ шал болдыңыз ғой.Онда

бағытыңыз дұрыс.

ҚАҢБАҚ ШАЛ: Әлгі менің жолдастарым да келу керек

еді.Ішінде Қызыр баба, Күн-Ана, Алдар көсе,

Наурыз-қыз, Жиренше, Қожанасыры бар бір

топ адам болатын.

(Сыпырғышын ат қылып мініп, жан-жағына жаудай тиіп, құйғытып ортаға Мыстанкемпір шығады)

3

МЫСТАНКЕМПІР – ЖАЗИРА:

Әй, қауқиған Қаңбақ шал, сен қалай келіп қалдың-ей бұл жерге менен бұрын, а ?


ҚАҢБАҚ ШАЛ: (сасып) Әй, Мыстан, кемпір, ойбааай, бәйбіше. Амансың ба? Наурызың құтты болсын!


МЫСТАНКЕМПІР: Не дейді мына түйеқарын?! Наурызшылын жаманның!


ҚАҢБАҚ ШАЛ: Уа, мыстеке, Мына Наурыз тойына бір топ жолдастарыммен келе жатыр едім. Қатты жел тұрып, мені ұшырып әкетіп,.... олар да келіп қалар.


МЫСТАНКЕМПІР: Қайдағы той? Мыналар неғып тұр. Әй балалар, тараңдар! Ешқандай той болмайды. Қазір жел тұрып, қар жауады. Үйлеріңе барыңдар, жаурап қаласыңдар.


АҢСАР: Мыстан әже, сәл сабыр етіңіз. Сіз бірдеңені шатастырып тұрсыз. Бізде Наурыз тойы болып жатыр. Қазір «Ертегілер елінің» елшілері келуі керек.


МЫСТАНКЕМПІР: Ешкім де келмейді. (Қаңбақ шалды нұсқап) Мынаның әлгі елшілерін сиқырлап тастағанмын. Бәрі менің үлкен ұлым Қара Дәудің үйінде ұйықтап жатыр.


ҚАҢБАҚ ШАЛ:Ой-баай! Не дейді мына Мыстан.


РАМАЗАН: Енді қайттік?

ТАЗША БАЛА – НҰРБОЛАТ:

Ассалаумағалейкум, халайық. Наурыз тойы құтты болсын!

ҚАҢБАҚ ШАЛ:

Уағалейкумуссалам, шырағым! Өзіңменен орта толсын!

4

МЫСТАНКЕМПІР:

Тақылдаған сен кімсің-ей? Мен сені неғып білмейм?!


ТАЗША БАЛА: Мен елге Тазша атанған, халқыма қылығыммен жаққан баламын, әже. Ау тойды бастамай неғып тұрсыңдар?


ҚАҢБАҚ ШАЛ: Мына мыстан тойға келе жатқан «Ертегілер елінің» елшілерін сиқырлап, ұйықтатып тастапты. Не істерімізді білмей, дағдарып тұрмыз, Тазшам!


ТАЗША БАЛА: (Қулана бір көзін қысып)Айтпақшы, Мыстан әже! Өзіңе арнап Наурыз туралы бір өлең айтып берсем бе деп тұрмын.


МЫСТАНКЕМПІР: Керегі жоқ. Мен білем, сендер мені жек көресіңдер.


ТАЗША БАЛА: Сабыр ет, Әжетай! Әуелі тыңдап көрсеңізші.

Ау, халайық, қараса,

Әжем қандай тамаша!

Ақ тістері маржанда,

Тізіліп тұр жараса.

Келбетіңе қарасам,

Наурыздың ақша қарындай.

Оймақ ауыз, бұраң бел,

Кім жек көрер осындай,

Менің Мыстан әжемді-ай.

МЫСТАНКЕМПІР:

Өй, айналып кетейін, Тазшам! Мына өлеңің менің жүрегіме жылы тиді. Қой болмас, мен қонақтарыңды босатайын.


(М ы с т а н к е м п і р к е т і п, қ о н а қ т а р к і р е д і)

ҚЫЗЫР БАБА – АҢСАР: 5

Уа, аман ба, жарандар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар.


КҮН – ТӘРБИЕ: Сәлем, ата-аналар,

Айналайын балалар!

Қызыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға.


НАУРЫЗ-ҚЫЗ – ГҮЛНАЗ:

Сәлем анам – алтын Күн!

Сәлем Қарты халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.


ЖИРЕНШЕ – БАҚЫТЖАН:

Той әкелген ғаламға

Күн мен Наурыз аман ба?

Бас иеді бабамыз,

Бас иемін саған да.

Барша жұртым аман ба?


КҮН: Мың жасай бер, Жиренше. 6


ҚОЖАНАСЫР – АЛТЫНБЕК:

Ассалаумағалеукум, халқым менің,

Ардақта Наурыз тойын, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің.

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.

Амансың ба, Күн-Ана,

Алаулай бер құлама.

Қызыр баба, Жиренше,

Сәлем бердім қуана.

Өлмес Қожанасырмын

Келмес ойды жасырғым.

Қабілетке шорқақпын,

Әділетке бас ұрдым.


КҮН: Қожанасыр, мың жаса!


АЛДАР КӨСЕ – ӘЛІБИ:

Мен Алдармын, Алдармын.

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Сәлем Ай мен Күніміз,

Мейман парқын біліңіз.

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз.

Қайтқан емес талайым,

Той болсын деп толайын,

Айналайын ағайын,

Қолдарыңды алайын.

Мен Алдары қазақтың,

Отын көрген тозақтың.

Қаскүнемді қалдырам,

Ортасына мазақтың. 7

Ақпейілмен дос болам,

Қарауларды қостаман.

Құтты болсын, Наурызың,

Құт көжелі тостаған.

Мен Алдармын, Алдармын,

Шегі жоқ бұл даңқымның,

Өмірімді арнармын,

Бақыты үшін халқымның.

Алдар десең алдаймын,

Сайтанды да арбаймын.

Сараңдарға қаттымын,

Кедейлерге балдаймын.

ТАЗША БАЛА:

Күн мен Айға әлемнің

Қарттарыма сүйсініп,

Сәлем берем иіліп.

Туа сала атандым Тазша бала.

Мендей аңқау болмас-ау басқа бала.

Наурыз тойы өтеді дегенді естіп,

Көк есекпен желдірттім жас та бола.

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың.


І – Х О Р « Н А У Р Ы З »


1-оқушы – Рамазан:

Көктем сайын арда емген Ана-Күнді

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай наурыздың ей, адамдар

Туыстарша тойлайық жаңа жылды.


2-оқушы – Жаңылсын:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.

Салты солай наурыздың, ей, адамдар, 8

Аталардан ақ бата тілеңіздер.


3-оқушы – Әсемгүл:

Тілейді олар болсын деп ырыс жылы

Жер бетінің болсын деп тыныштығы.

Салты солай наурыздың, ей адамдар,

Тым болмаса ұлы бол ұлыс күні.


4-оқушы – Жайна:

Наурызым міне келді жайраңдаған.

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған.

Ақ дастархан, ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.


5-оқушы – Ерназар:

Қош келдің, Наурыз тойы қайта оралған,

Аз ба еді өткен күнге айтар арман

Жайнаған көктем болып күлім қақтың

Төсінде шалқар дала, байтақ арман.


6-оқушы – Диас:

Наурыз тойы – жыл басы келген бізге,

Наурыз тойы – құт-береке берген бізге.

Наурыз тойың құтты болсын, ей, халайық

Қуаныш алып келген елімізге.


7-оқушы – Данияр:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр Күн-Көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана

Алып келдің жер бетіне күн-Көктем.


8-оқушы – Бақытжан:

Бұл мереке – ақ пейіл дарыған күн, 9

Ақтарылар күні бұл сауық-әннің.

Ақ тілеулер айтылып, ақ күн туып,

Ақ түйенің қарыны жарылар күн.


9-оқушы – Ерназар:

Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Ақ көрпесін ақпанның лақтырып.


10-оқушы – Айару

Наурызым келді міне жайраңдаған,

Ынтымақ та, достық та сайраңдаған.

Мол дастархан, ақ ниет, ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.


11-оқушы – Ақбота

Аспанымда ақша бұлттар аунайды

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.


12-оқушы – Нұрболат :

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым

Жыл боп жаңа келді тағы ордама.

13-оқушы – Әсемгүл :

Шілік біткен бүрленіп,

Дала әсем түрге еніп.

Масайрады бар әлем,

Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің. 10

Құтты болсын Наурыз той,

Ұлы күні ұлыстың.


14-оқушы – Жаңылсын:

Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік,

Белгісін достық пенен мәңгіліктің.


АҢСАР:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

К Ө Р І Н І С : « Күн мен Түн »


КҮН – ТӘРБИЕ: Сәулесі мол Күнмін.


ТҮН:Жұлдызы көп түнмін.


ЕКЕУІ:Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.


ТҮН:Ал, ертең күн ұзақ,


КҮН – Тәрбие: Түн қысқарар бірақ.


ЕКЕУІ: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.


РАМАЗАН: Сыныбымыздың биші қыздарының орындауында «АҚҚУ» биін тамашалаңыздар.


ЖАҢЫЛСЫН: 11

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.


РАМАЗАН:

Дұрыс айтасың, Ақбота, Осы біздің Наурыз тойымыздың тұсында осы ауылда бір ұл дүниеге келіпті. Сол баланы бесікке салу рәсімін осы ауылдың әже-аналары көрсетеді. Сол көріністі тамашалаңыздар.


(Бесікке салу рәсімін сыныптың әже-ана болып

киінген қыздары көрсетеді)

РАМАЗАН: Құрметті әже. Немереңізге бата беріп жіберіңіз.

АҢСАР - БАТА: Тума бауы берік болсын,

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық берер болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Көп сөздерге сынап ерсін.

Өз елінің ұлы болып,

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау болсын, ауырмасын,

Жарқын жүріп қауым барсын.

Қазақ деген ұлы аттан,
Өмір бойы айырмасын.

Ә У М И Н !


РАМАЗАН: Айтқаныңыз келсін. Сіздің жасыңыз бен

жолыңызды берсін.

НҰРБОЛАТ: Құрметті тойшы қауым! Сіздер мен дүниеге 12

келген сәбиге « » әнін арнаймыз.


АҢСАР: Ау, жарандар, жарандар,

Қызыққа мына қараңдар.

Ұлыс күні жаңаша,

Болыпты бір іс тамаша.


ЖАҢЫЛСЫН: Түк татырмас Шығайбай

Тек Алдардан ығар бай.

Мырза болып көл-көсір

Өнерді бір шығарды-ай.


БАҚЫТЖАН: Оңға да, солға да

Шашылды, төгілді.

Бүгінгі мейрамда

Шығайбай көңілді.


ГҮЛЖАЙНА: Бұрынғы өмірмен,

Шорт кесіп құйрықты.

Бастамақ қайтадан

Жаңаша өмірді.


ӘСЕМГҮЛ: Бұрынғы әдетпен,

Алдауға сынауға.

Бермесе байғұстың

Өңешін бұрауға

Алдар да кеп жетті.


РАМАЗАН: Ал, енді қараса,

Бұл неткен тамаша.

Шық бермес Шығайбай

Бәйбіше, қызымен,

Қарсы алды таласа.

АЛДАР КӨСЕ: Алдар десең алдаймын. 13

Сайтанды да арбаймын.

Сараңдарға қаттымын.

Кедейлерге балдаймын.

Мен Алдармын, Алдармын,

Шегі жоқ бұл даңқымның.

Өмірімді арнармын,

Бақыты үшін халқымның.

А,а ,,а,а,а, е,е,е,е, а,а,а,а,а ее,е,е,е.


ТАЗША БАЛА: Туа сала атандым Тазша бала

Мендей аңқау болмас-ау басқа бала.

Наурыз тойы басталды дегенді естіп,

Көк есекпен желдірттім жас та бола.


АЛДАР КӨСЕ: Уай, кім бар екен? Құдайы қонақпыз.


ШЫҒАЙБАЙ: Қош келдің, қонағым, қош келдің!


АЛДАР КӨСЕ: Ассалаумағалейкум, бай-еке!


ШЫҒАЙБАЙ: Уағалейкумуссалам, Алдаржан.


АЛДАР КӨСЕ: Ұлыс оң болсын. Жаңа жыл құтты болсын. Ақ

мол болсын, бай-еке.


ШЫҒАЙБАЙ: Болсын, болсын, бірге болсын. Әй бәйбіше,

Алдекең келді, құтты қонақ келді.Қазан

көтеріңдер. Ас салыңдар!


БӘЙБІШЕ: Е,е,е,е. Өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары

шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді.

Көрпе төсе, сусын әкел.


(Б і з б и к е к ө р п е т ө с е п , с у с ы н ә к е л е д і )

ШЫҒАЙБАЙ: Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің. Аман- 14

саусың ба? Мал-жан аман ба? Не жаңалығың

бар айта отыр.

АЛДАРКӨСЕ: Жаңалығым сол, жер-жерде жұрт наурызды

тойлап жатыр екен.Елдің еңсесі биік, соған

қуанамын.

ШЫҒАЙБАЙ: Иә, Наурыз – құт-береке дарыған той ғой.

Лайым солай болғай. Міне, сусын, ала отыр

Алдеке.


(Б і з б и к е а й р а н ә к е л і п, қ о н а қ т а р ғ а ұ с ы н а д ы )


ШЫҒАЙБАЙ: Өзіңнің әзіліңді сағындым. Бір нәрсе айтып,

көңілімізді көтеріп тасташы.

АЛДАРКӨСЕ: Не жайлы айтсам екен, ә!?(Айранға қарап)

Өкпелеп қалмайсың ба?

Шығайбай: О, не дегенің, Ұлыс күні өкпе-наз деген бола ма?


АЛДАР КӨСЕ: Ендеше, мына айран жайлы болсын.

(тамағын кенеп)

Мынау тұрған айран,

Кез болдың маған қайдан!?

Бәйбішеге жолығып,

Айрылыпсың-ау майдан.

Қанша сенің айран,

Коммерческий бағаң.

Шөліркеп отыр ағаң

Е,е,е қайран айран.


ШЫҒАЙБАЙ: Өй, Алдеке, тілің өткір ғой, шіркін. Түк

өзгермепсің, ә. Бәйбіше, тезірек асты

қамдаңыздар. Қонақтардың қарны ашқан шығар.

(Дастархан жайылып,тағамдар қойылады)

БӘЙБІШЕ: Наурыз – берекенің тойы. Наурыз күні әр адам 15

төріне дастархан жайып, бар жылы жұмсағын

дастарханға қояды. Шаңыраққа келген қонақ

дастарханнан дәм татып, ақ батасын береді.

Сондықтан бұл күнді құт пен береке дарыған күн

деп атайды. Міне, мынау таба нан.

Қасиеті күшті қара нан,

Өмірдің нәрін сіңіріп,

Мирас болған бабадан.

Ауыз исін алдымен

Бастайық үлкен анадан.


(Ү л к е н а н а д а н б а с т а п н а н н а н а у ы з т и г і з е д і )


БІЗБИКЕ – АЙАРУ: Құрт, балқаймақ тағы бар,

Қызылы бар ағы бар.

Баласы қайда бұл тойдың

Алыңдар, қане, алыңдар.

АЛДАР КӨСЕ: Бай-еке. Қазақта қонақ кәде деген болатын еді.

Мойнымызда қарыз болып қалмасын, содан

құтылайық.Мына менің жолдасым бір ән айтып

берсін!

ӘЛІБИ: Сыныбымыздың өнерлі оқушыларының бірі, Құрық

балалар өнер мектебінің жыр-терме сыныбының

оқушысы Мұрат Аңсардың орындауында «Шындық

туралы толғау» әнін қабыл алыңыздар!

БӘЙБІШЕ: Бәрекелді, жарайсыңдар жігіттер!

Қызым, сен де өнерден құралақан емес едің ғой.

Сен де ауылдың алтыауызын бір шырқап жібер.

БІЗБИКЕ: Мен ағаларымның өнеріне тәнті болдым.

Құрметті қонақтарға арнап, мына тойдың

көрермендеріне арнап бір ән айтып берейін. 16

АҚБОТА: Сыныбымыздың әнші қызы Қаржаубаева Айарудың

орындауында «Қош келдің, жаңа жылым

қазағыма» әнін қабыл алыңыздар.

АЛДАРКӨСЕ: Өнерің үстем болсын!

ШЫҒАЙБАЙ: Бәйбіше, бүгінгі дастарханның үлкен асы

наурызкөжең қайда? Әкелсеңдерші!


(Бәйбіше қонақтарға жағалай кесемен наурызкөже ұсынады)


БӘЙБІШЕ:Бұл наурызкөже - қасиетті ас.Бұған жеті түрлі тағам

қосады. Ауыз тиіңдер!

Шапағатын аямай бұл жақта аспан

Жадырайды адамдар мұң шақпастан.

Оу, ағайын келіңдер бүгін бізде –

Наурызкөже құрт қатып, бұршақ қосқан.

Адал астан бұйырған

Дәм татсын ел жиылған.

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл дән.

Өткіздік деп қысты аман

Сүр ет салдым ыстаған.

Ұлыс күнге сақталған

Тары да бар ақталған.

Ақ бар адал ниеттен

Бала-шаға шиеттей

Ұялуды қойып іш

Тоқтық болсын тойып іш.

ШЫҒАЙБАЙ: Сезімнің шыңы – адалдық бар екен.

АЛДАРКӨСЕ: Өмірдің нұры адамдық бар екен.

ТАЗША БАЛА: Анаға біткен мейірім бар екен.

БІЗБИКЕ: Әкеге біткен қайрат бар екен.

АЛДАР КӨСЕ: Балаға біткен қарыз бар екен.

БӘЙБІШЕ: Қос қанатты арман бар екен.

Уа, халайық, халайық,

Ауыз тиіңдер қалмаңдар!

17

ТАЗША БАЛА: Алдар ата, ұлыстың ұлы күні тек ішіп-жеп қана

қоймай, балаларды бір сынасақ қайтеді!?

АЛДАР КӨСЕ: Иә, балам, біз ойын ойнап, той тойлаумен бірге

ескіден қалған есті сөздерді насихаттап жүрміз

ғой. Білгенге маржан деген емес пе?!

ГҮЛНАЗ: Олай болса, тіпті жақсы. Білгенімізді бекітейік.

Білмесек, үйренейік. Ашыңыз сыр сандығыңызды.

АЛДАР КӨСЕ: Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді.Соны балалар

біле ме екен?!

ӘСЕМГҮЛ: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол

тұяққа,пеш отынға, дария суға, аспан буға

тоймайды екен.

АЛДАР КӨСЕ: Е,е,е, балалар дұрыс екен. Жеті жұтқа не

жатады?

ЖАҢЫЛСЫН: Ия, жұт жеті ағайынды деген. Олар –

қуаңшылық, індет,өрт, сел, жер сілкіну.

АЛДАР КӨСЕ: Бәрекелді, балаларым! Соңғы сұрақ. Жеті

қазынаға нелер жатады?

ТАЗША БАЛА: Алдар ата, біз балаларды сынаймыз десек,

Олар алдар атанған сіз бен суайт атанған менің

аузымды аштырар түрі көрінбейді. Одан да

осылардың өнерін тамашалап, ойын

ойнатайық.

АҢСАР: Сіздер ойындарыңызға дайындала беріңіздер. Ал

сіздерге қазір сыныбымыздың әнші қыздарының

орындауында «Тойға тілек» әні. Қабыл

алыңыздар! Тәрбие және Гүлназ.


ТАЗША БАЛА: Мен қазақтың ұлттық ойыны «Бүркітті»

ойнатамын.Бұл ойында икемді, оралымды бала

жеңіске жетеді. Себебі, жүресінен отырып,

аузымен тақияны іліп алу екінің бірі орындар

оңай әрекет емес.

АҢСАР: Икемді де епті балалар тек өнерді ғана емес, ата- 18

дәстүрді алға апарушылар.


ТАЗША БАЛА: Біздің Алдар атамыз Шық бермес Шығайбайды

мырза қылып, оған қоса бәйбіше қызымен,

наурыз көжесімен берекелі дастарханын

жайғызып, мерекелі наурыз думанға келтірді.

Мереке жалғасын табуда. Бірақ біздің ел

аралап баратын сендердей балаларымыз көп

еді. Рұқсат етсеңіздер біз кетейік.

ДИАС: Жарайды, онда. Жолдарыңыз болсын! Наурыздан

наурызға аман жете беріңіздер!


НҰРБОЛАТ: Құрметті ата-аналар! Балаларыңыз аға-

апаларынан естіген атыс өнерінің үлгісін

көпшілік назарына ұсынады. Енді «Айтыс»

өнерін тамашалаңыздар.Ортаға айтысуға

сыныптың айтыскер ұл-қыздарын шақырамыз.

А Й Т Ы С


ЖАЗИРА:

Оу, халайық, халайық

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.


АҢСАР:

Жарқын-жарқын үніміз

Болашақтың күні біз.

4-ші сынып үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.


АҚБОТА:

Маңғыстаудың жерінен

Мұнайлы өлке елінен.

Айтысамыз ертең біз

Сенбесеңдер келіңіз.

РАМАЗАН: 19

Меніменен айтысар,

Қыз-құрбылар қайсың бар.

Қолдан келсе әзілдеп,

Маған сынды айтыңдар.


АЙАРУ:

Айтыс-айтыс болады,

Шықса ақын теңімен,

Наурыз тойын қыздырып,

Айтысып көр менімен.


ДАНИЯР:
Айтыс-айтыс болады

Сөз саптасаң жөнімен.

Айтыспаспын деп едім.

Айтысайын сенімен.


ӘСЕМГҮЛ:

Айта қойшы қарағым,

Көзің қайда барады.

Күлуіңді қоймасаң,

Қысық болып қалады.


БАҚЫТЖАН:

Айналайын қарағым,

Қалай боп жүр сабағың.

Жайын біліп қояйын

Сендей жалқау баланың


ГҮЛЖАЙНА:

Қай өнерің асып жүр,

Қай тәртібің тасып жүр.

Жалқау досың Жалқаубек

Қар күремей қашып жүр.


ҒАЛЫМЖАН:

Өлең айтсам қашан да

Жыбырлайды көмекей.

Жауаптан құтылайын

Қымыздарың қанекей.



ГҮЛНАЗ: 20

Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа

Күн аттарын білмеуші ең

Жаттап оны алдың ба.


НҰРБОЛАТ:

Құрбым неге кұлесің

Өзің нені білесің

Онға дейін қиналып

Санай алмай жүруші ең.


ЖАҢЫЛСЫН:

Бәтеңкеңнің бауын да

Байлай алмай жүруші ең

Үйрендің бе жейдеңді

Теріс қарай киюші ең.


ДИАС:

Олпы-солпы кигенің

Ойыңда не түйгенің

Намысыма құрбыжан

Наурыз күні тимегін


ТӘРБИЕ:

Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған

Тоқтатпасақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан.


ӘЛІБИ:

Әзіл болды аздаған

Түйгеніміз алдағы

Аман болсақ адам болу

Арманымыз алдағы.


ӘДІЛХАН:

Әзіл болды аздаған

Түйгеніміз алдағы

Аман болсақ адам болу

Арманымыз алдағы.


АҢСАР: Рахмет жігіттер мен қыздар! Құрметті ұстаздар, ата- 21

аналар. Қошемет көрсетіп отырыңыздар.

Балаларыңыздың өнеріне тәнті болдыңыздар ма?

Онымен қоса біздің қыздар мен жігіттер халық әндерін

де нақышына келтіріп орындайды.

АҚБОТА: Ендеше, қошеметтеп отырыңыздар.«Сәулем-ай»


АЙАРУ: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Мал төлдеп қарлығаштар жұпты болсын.

Жылқы, сиыр, қой, ешкі өсіп-өніп,

Мал атаулы әрдайым сүтті болсын.


БАҚЫТЖАН: Келген кезде наурызым

Жапан біткен жаңғырар

Тұман орап тау басын

Аспан үрпі салбырар.


ГҮЛНАЗ: Жансыздарға жан бітіп,

Әуен билеп маңды бар.

Келе сала наурызым,

Жоқ нәрсені бар қылар.


ТӘРБИЕ: Жер көгеріп, шөп қаулап,

Мейірін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын

Жан-жануар албырар.


ДИАС: Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз

Би билейік бәріміз, -

деп ендігі кезекті сыныптың жігіттерінің орындауындағы

«ҚАРАЖОРҒА» биіне берейік.


ГҮЛНАЗ: Аунап-қунап барлығы 22

Жерге түгін қалдырар.

Келе сала наурызым

Өмір заңын жар қылар.

Құт-береке кетпесін,

Диханшы мен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын.


Наурыз тойы – салтымыз

Аман болсын халқымыз.

Ақ мол болсын,

Ұлыс оң болсын.


Береке-бірлік болсын деп

Би билейік жаңаша.

Күшейтіп бірлік, білімді

Ән айтайық тамаша, - деп ақындарымыз жырлағандай тамаша әнімен ортаға Ақботаны шақырамыз. Еркем-ай Қабыл алыңыздар!


ЕРНАЗАР: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

ӘДІЛХАН: Көшеге тал егеді,

Көгерсін деп халқымымыз.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр-аңыз.

АҚБОТА: Келді наурыз теңіздей шаттығымен

Таңғы шықтай көңілдің пәктігімен.

Құтты дәмі береке-байлығымен

Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.

ДАНИЯР: Наурыз тойға жиналған халқым менің 23

Бәріңнің ойға алғаның – жарқын сенім

Бүгінгі той – ертеңгі ардақты ісің

Ғажап болсын тапқаның, тепе-теңің.

ЖАЗИРА: Келді наурыз бұла күш тасқынымен

Құлпырып, қайта өзгеріп, тасқынымен.

Жер иіп, тамыр толып, бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.


ДИАС: Келді наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп, желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын Теңдігім – Елдігімнен.


ҒАЛЫМЖАН: Арайындай көрінген таңғы үміттің

Басын қостық сан халық, сан бір ұлттың.

Жарқырай бер жер-көкте жаса, Наурыз

Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің.


НҰРБОЛАТ: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Біздің ұлыстың ұлы мейрамы Наурызға арналған ашық тәрбие сағатымыз соңына таяп келеді. Сөзіміздің соңында алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға алғысымызды білдіре отырып, баршаңызға мерекелеріңіздің құтты, денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырыңыз баянды, жұптарыңыз саялы, жан-жақындарыңыз аман-сау, жүрген жерлеріңіз жемісті бақша-бау, шығар белестеріңіз заңғар асқар тау, тапқаныңыз игілікті табыс, өздеріңізге бұйырғаны – несібелі ырыс болсын деп, адал шын ниетпен, балалық пәк жүрекпен тілектестігімізді білдіреміз.

Тойымыздың шымылдығын сынып жігіттерінің орындауында «Той» әнімен жабамыз. Қабыл алыңыздар.




РАМАЗАН: Е, ақсақал! Сіз Қаңбақ шал болдыңыз ғой.Онда

бағытыңыз дұрыс.


РАМАЗАН: Енді қайттік?




РАМАЗАН: Сыныбымыздың биші қыздарының орындауында «АҚҚУ» биін тамашалаңыздар.



РАМАЗАН: Құрметті әже. Немереңізге бата беріп жіберіңіз.



РАМАЗАН: Айтқаныңыз келсін. Сіздің жасыңыз бен

жолыңызды берсін.


ДИАС: Жарайды, онда. Жолдарыңыз болсын! Наурыздан

наурызға аман жете беріңіздер!


АҚБОТА: Ендеше, қошеметтеп отырыңыздар.«Сәулем-ай»




АҢСАР: Рахмет жігіттер мен қыздар! Құрметті ұстаздар, ата- 21

аналар. Қошемет көрсетіп отырыңыздар.

Балаларыңыздың өнеріне тәнті болдыңыздар ма?

Онымен қоса біздің қыздар мен жігіттер халық әндерін

де нақышына келтіріп орындайды.


НҰРБОЛАТ: Құрметті ата-аналар! Балаларыңыз аға-

апаларынан естіген атыс өнерінің үлгісін

көпшілік назарына ұсынады. Енді «Айтыс»

өнерін тамашалаңыздар.Ортаға айтысуға

сыныптың айтыскер ұл-қыздарын шақырамыз.



ТАЗША БАЛА: Біздің Алдар атамыз Шық бермес Шығайбайды

мырза қылып, оған қоса бәйбіше қызымен,

наурыз көжесімен берекелі дастарханын

жайғызып, мерекелі наурыз думанға келтірді.

Мереке жалғасын табуда. Бірақ біздің ел

аралап баратын сендердей балаларымыз көп

еді. Рұқсат етсеңіздер біз кетейік.


НҰРБОЛАТ: Құрметті ата-аналар! Балаларыңыз аға-

апаларынан естіген атыс өнерінің үлгісін

көпшілік назарына ұсынады. Енді «Айтыс»

өнерін тамашалаңыздар.Ортаға айтысуға

сыныптың айтыскер ұл-қыздарын шақырамыз.


НҰРБОЛАТ: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Біздің ұлыстың ұлы мейрамы Наурызға арналған ашық тәрбие сағатымыз соңына таяп келеді. Сөзіміздің соңында алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға алғысымызды білдіре отырып, балалық пәк жүрекпен тілектестігімізді білдіреміз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Открытый классный час Армысы?, ?з Наурыз!

Автор: Бишенова Айг?л Рза?ызы

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313605

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Открытый классный час Армысы?, ?з Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(35) "otkrytyiklassnyichasarmysynznauryz1"
    ["file_id"] => string(6) "313606"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459511414"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства