kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый классный час "Ана - ?мір шуа?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый классный час к празднику 8 Марта. Классный час был проведен седьмого марта в актовом зале школы, с присутствием учителей и родителей, бабушек и ученики старших классов. В классном часу выступили ученики 4 а класса.Цель классного часа закрепить знания детей о празднике 8 Марта.  Классный час к празднику 8 марта разработан для 4 класса. Урок проводится в форме поздравления мальчиками девочек, учительниц, мам, бабушек. Материал содержит сценарий проведения, стихи, конкурсы, сценки.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый классный час "Ана - ?мір шуа?ы"»

Тақырыбы: Ана – дүниедегі бірден-бір құдірет!

Мақсаты: Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан-жақты өз елінің,

халқының қамын ойлайтын ,ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен

қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы,жүрекше.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.

Шаттық шеңбер

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Қуанамын мен де,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

-Балалар, біз неге шаттық шеңберін құрып бастадық?

Шеңбер –бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны.

Ғалымжан: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ана – дүниедегі бірден-бір құдірет!» деп аталады.



  1. Әсемгүл – Әр адамның өз анасына деген махабаты

шексіз!



  1. Ғалымжан – Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын

жүрек, толғанбайтын жан жоқ!




  1. Алтынбек – Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.



4.Жайна – Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де

– ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін

ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады,

ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.





5.Жаңылсын – Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге

әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың.



6. Ерназар – Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін!





7. – Нұрболат Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында.





8. Жазира – Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады.

9. Диас – Анаға қаншама ақындар жыр арнаған.

Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана – мәңгілік

тақырып.

10.Рамазан – Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш

пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі

ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған.

11. Ақбота – Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге

алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады.

12. Әділхан – Анам менің – көктегі күнменен тең,

13. Бақытжан – Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

14. Айару – Әлпештеген асыл анам болмаса,

15. Данияр – Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

16.Әліби – Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

17. Аңсар – Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

18. Тәрбие – Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

19. Сұлтанбек Сен маған жыр анасың, нұр анасың, -

Әліби: Олай болса ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен...


1-оқушы Аңсар

Ассаламағалейкум! Халқым менің

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім

Мереке басы болсын мерекенің

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.


2-оқушы Әліби

Армысыздар, қасиетті аналар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар.




3-оқушы Данияр

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың



4-оқушы Айару

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


1.ХОР: Ақ мамам


5-оқушы Бақытжан

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым,

Ана десем, адалдықты ұғынам.


6-оқушы Әділхан

Ана – менің жасыл бағым жайнаған.

Сол бағымда асыр салып, ойнағам.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,

Бар бақытты жалғыз сізге арнаған.


7-оқушы Ақбота

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл-бақтың


8-оқушыРамазан

Жасынан сүйіп өсер балақаның,

Бір саған сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның.




2.Аңсар:

Сыныбымыздың әнші қызы Тәрбие Мұратқызының орындауында «Аяулы Анашым» әнін қабыл алыңыздар.


9-оқушы Жазира

Ана деген - өмірдің кәусәр бұлағы

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.


10-оқушы Диас

Ана деген, ана деген – бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп-мөлдір ғой, мөп-мөлдір ғой тілегі.

Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.


11-оқушы Ерназар

Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.


12-оқушы Нұрболат

Орасақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та Айға, Күнге, Жұлдызға.

Ана – соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.


3.Әліби

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда Құрық балалар өнер мектебінің оқушылары Ақбота мен Рамазан. «Қазіргі заманғы би – «М и к к а ф э »


13-оқушы Жаңылсын

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,

Борышты оған небір дархан, дана да.

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,

Ей, адамдар, жол беріңдер анаға.


14-оқушы Жайна

Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.


15-оқушы Алтынбек

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам.


16-оқушы Ғалымжан

Халқымызға билік айтар аналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма, Аналар.


4.Ғалымжан:

Сыныбымыздың әншісі, Құрық балалар өнер мектебінің жыр-терме сыныбының оқушысы

Аңсар Серікұлының орындауында

Ұлы Абай атамыздың

«Көзімнің қарасы» әнін

қабыл алыңыздар!


17-оқушы Тәрбие

Ана деген – жарық жұлдыз, шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – сүйенерің, жан құрбың.


18-оқушы Әсемгүл

Анам менің, күн көзіндей шуақты

Даладай кең, таулы өзендей, қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Жан анадан тарап жатқан сияқты.



19-оқушы Сұлтанбек

Өмірге ана – бақыт, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.


20-оқушы Әліби

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным – қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, Анашым!




5.Алтынбек:

Сыныбымыздың биші қыздарының орындауында Псай биі

Қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда Жаңылсын Кенжебекқызы, Жазира Нұржанқызы!



21-оқушы Аңсар

Ананың құт-береке – әр қадамы,

Сезілер әр ісінен даралығы.

Ана – Өмір, Ана – Бақыт, Ана – Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даралығы.


22-оқушы Айару

Құттықтаймын мейрамыңмен аналар

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.


23-оқушы Данияр

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп

Туған елін сүйсіне мақтасын деп

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.


24-оқушы Әділхан

Кең жазира ұланғайыр даласын,

Данышпансың, ақылгөйсің, данасың.

Арқалап ап үш апарсам Меккеге

Қарызымды өтей алман Анашым.




6.Әділхан:

Сыныбымыздың өнерлі қыздары Жазира мен Айарудың орындауында

«Айта берсін» әні. Қабыл алыңыздар!


25-оқушы Бақытжан

Көңілің Алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай


26-оқушы Жазира

Бірде ұстаз, бірде әнші - анасыз

Қыздарға да ақ пейілмен панасыз

Орындасақ өзің жазған әніңді

Шаттанып бір, марқайып бір қаласыз.


27-оқушы Ақбота

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Жүрегіңе жүрегімді жалғадың

Өзің мына сыға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.


28-оқушы Жайна

Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікке пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.



29-оқушы Рамазан

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары, –



7.Рамазан:

Құрметті ұстаздар, ұстаз-аналар! Сіздердің құрметтеріңізге

және де өзімнің аяулы анамның құрметіне Қайрат Нұртас ағамның

«Мама» әнін орындап берейін. Қабыл алыңыздар!


29-оқушы Жаңылсын

Қуанып көз алдыңда жүргеніме,

Құмарсың менің келер күндеріме.

О, Ана жетсе екен бар өмірің

Қартайған шағымды да бір көруге



30-оқушы Ғалымжан

Сияқты бір жаздың нарт гүлі

Құлпырады міне март гүлі

Осы күні тасып сенің көңілің

Жас жүректен шықты шалқып шат үні


31-оқушы Алтынбек

Мұрат, мүдде. Мақсатың

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт - ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.

Нағыз бақыт - ананың

Ақтау дер ем, ақтау дер ем ақ сүтін.


32-оқушы Нұрболат

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де гүлі – аналар

Ана деп бас иеді бүкіл халық



8.Диас: Жайдарман.

Алдарыңызда 4-ші «А» сыныбының сері жігіттері Сұлтаааанбек, Нұрбооооолат, Алтынбееееек және Мен Дииаааас


33-оқушы Әсемгүл

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам.


9.Данияр:

Құрық балалар өнер мектебінің оқушылары Ақбота мен Рамазанның орындауында«Қазіргі заманғы би –«Дин – Дон»



10.Сұлтанбек:

Алдарыңызда Құрық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің оқушылары Әліби Қайратұлы және Әділхан Саймұратұлы. Грек-рим күресінің әдістері



11.Нұрболат:

Алдарыңызда 4-ші сыныптың сері жігіттері Ғалымжан, Бақытжан, Данияр, Рамазан, Ерназар. Ж А А Я Я Я У

Қабыл алыңыздар!



12.Ерназар:

Сыныптың қыздарының бәрі өнерлі. Алдарыңызда биші қыздар Әсемгүл мен Гүлжайна. Жаным-ау. Қарсы алыңыздар.



Бақытжан:

Құрметті аналар! Қадірменді ұстаздар! Қызғалдақтай қыздар! Мерекелеріңізбен! Құрметтеріңізге «Әке – Ана әні» Қабыл алыңыздар!





34-оқушы

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,

Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз,

Егер біздің қасымызда болмасаңыз,

Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.



35-оқушы

Бастадым мен сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі, анам мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойға жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен


36-оқушы

Мен өзіңмен қайда барсаң біргемін.

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің





37-оқушы Күнде той бола бермес дәл осындай

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай

Өмірде сенен жақын адам болмас

Төрт бөлген түн ұйқысын анашымдай




38-оқушы

Ол – Ана азаматқа қанық үні

Әр жүрек, әр көңілдің жарық үні

Ол деген алыбы ғой алыптардың

Ананың тілі емес пе халық тілі.








« Менің жүрегімнен рахмет!»

1.Аңсар: Анамның қайырымдылығына рахмет!

2. Сұлтанбек: Анамның жылылығына рахмет!

-3.Данияр: Анамның мейірімділігіне рахмет!

-4.Тәрбие: Анамның жақсы көру сезіміне рахмет!

-5. Бақытжан: Анамның жанашырлығына рахмет!

- 6.Әліби: Анамның кең пейілділігіне рахмет!

- 7.Ақбота: Анамның адалдығына рахмет!

- 8.Айару: Анамның кішіпейілділігіне рахмет!



-9. Диас: Анамның достығына рахмет!

- 10.Әділхан: Анамның даналығына рахмет!

-11. Нұрболат: Анамның табандылығына рахмет!

- 12.Рамазан: Анамның төзімділігіне рахмет!

- 13.Жаңылсын: Анамның қайраттылығына рахмет!

- 14.Алтынбек:Анамның сұлулығына рахмет!

- 15.Алтынбек: Анамның қамқорлығына рахмет!

- 16.Ерназар: Анамның сезімталдығына рахмет!

- 17.Әсемгүл: Анамның тазалығына рахмет!

- 18.Жайна: Анамның ізеттілігіне рахмет!

- 19. Ғалымжан: Анамның мөлдірлігіне рахмет!

- Нұрболат: Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?

- Ана !

















.


14-







Біздің күніміз анамен шуақты, анамен нұрлы, анамен жарық, анамен көркем. Анасыз өткен күн күзде қураған ағаштай суық, жарықсыз түндей қараңғы, шуақсыз күндей күңгірт. Ендеше алдымыздағы қағаздарға анамыздың бойындағы қасиеттерін жазып, мына постерлерде тұрған суретті ана махаббатымен нәрлендірейік.



1-топ: «Емен ағашы»

2-топ: «Ай мен жұлдыз»

3-топ: «Шуақты күн»

Әр топтан бір оқушы бейнеленген суреттегі өзгерістен алған әсерлерімен бөліссін.





42-









Қорытынды:

Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай-қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те, жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәріміз де ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынып тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.






Ана - отбасының ұйытқысы (презентация)
М а қ с а т ы
• Әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, айналсындағылармен қарым - қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу.
• Қатысушылардың өз ойын ашық жеткізуді, бір - бірінің пікірін құрметтеу, сезіміне бейімдеу.
• Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік - педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғынуға тәрбиелеу.
• Мұғалім – ата - ана – оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

Ережесі
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу
3. Шынайылық көрсету
4. Белсенді әрекет ету
5. Өз сезімін басқара білу
6. Уақытпен санасу

Жаттығу түрлері
1. Шаттық шеңбері
2. Жылжымалы орындық
3. Кел шырқайық
4. Кездейсоқ жағдайдан шығу
5. Топтық жұмыс
6. Мақалды жалғастыр...
7. Түйін сөз
8. Өрмекшінің торы

● 5) Топтық жұмыс
Сұрақтар
1. Бала дегеніміз кім ?
2. Бала жақсы өмір сүруі үшін, қандай жақсы қасиеттер керек ?
3. Баланы мадақтау дегеніміз не ?

● 6. Мақалды жалғастыр
1. Ана сүтін ақтамағанды...
2. Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің...
3. Анасына қарап, қызын ал...
4. Әке – асқар тау,
Ана -...
Бала -...
5. Әке көрген оқ жонар...
6. Немере етін жеп...
7. Алты аға бірігіп, әке болмас...
8. Әдепті бала ата - анасын мақтатар...

● 7. Түйін сөз
БАҚЫТ, БАЛА
БАЗАР, БЕСІК
ТӘРБИЕ, БІЛІМ















Әуелі алла Кейіңгі пайғамбардай

Шаршамайтын талмайтын ойланғаннан

Тез жазылып Қашан сен қуантасың

Менің шашым ағарды ойланғаннан


Қ-сы:

Мама мама мама маматайым

Мама мама әніммен оятайын

Мама мен кормеппин го бурын кайгы

Тез жазылып кетсен екен

Мендегі құлын журек шырылдайды


2.Сен ауырсаң жүрегім ауырды шын

Мен қалаған отанның жарығысың

Байлық бақыт жолыңа бәрі құрбан

Мама бүгін қалайсың тәуірмісің


Қ-сы: Мама мама мама маматайым

Мама мама аниммен оятайын

Мама мен кормеппин го бурын кайгы

Тез жазылып кетсен екен

Мендегии кулын журек шырылдайды


3.Шөбересін сүйер деп қиялдаймын

Өмір сұрап Дұғамды жиі арнаймын

Ана жасың 100 ден асса-дағы

Мен сені ешқайда қия алмаймын






































«Айта берсін»

Әні: Жанар Дұғалова

Сөзі: Ринат Зайытов,

1.«Сен өзіңді алдайсың,

Арманға жете алмайсың» дейді олар.

«Шын бақыттан шалғайсың,

Жұлдыз болып жанбайсың,

Шыңдарға шыға алмайсың,

Сыңдарға шыдамайсың» дейді олар.

«Бұл әлем өзгермейді

Қолыңнан түк келмейді» дейді олар.

«Талпынсаң да сен мейлі,

Тағдыр жеңіс бермейді - дейді,

Сен мындайсың, сондайсың,

Ең бірінші болмайсың» дейді олар.


Қайырмасы: О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?

Мұңаюдың жоқ себебі, себебі жоқ!

О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?

Өмір – ұзақ жол, жоғалтып алма өзіңді осы жолда!

«Жүрегіңнен сұра, басқадан сұрама!

Сүріндің бе - шыда!» Деп айтып еді мама...

«Кетер өтіп бұл да, Үміттің шырағы қолыңда!»

Айта берсін, айта берсін жұрт.

Айта берсін, айта берсін Айта берсін, айта берсін жұрт.


2. «Сенімен санаспайды, Ештеңе жараспайды» дейді олар.

Сөз қылады тынбайды: «Көрмеп едік мұндайды,

Жанталасып қоймайды,

Өзін кім деп ойлайды?» дейді олар.

Құлақ аспа бәріне, Алда талай әлі де белес болар.

Жасқанбашы, жасыма, Бақыт құсы басыңа келіп қонар!

Баса бер тек ілгері, Барлық қиын күндерің артта қалар!

О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?

Мұңаюдың жоқ себебі, себебі жоқ!

Қайырмасы: О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?

Өмір – ұзақ жол, жоғалтып алма өзіңді осы жолда!


«Жүрегіңнен сұра, басқадан сұрама!

Сүріндің бе - шыда!» Деп айтып еді мама...

«Кетер өтіп бұл да, Үміттің шырағы қолыңда!»

Айта берсін, айта берсін жұрт.

Айта берсін, айта берсін

Айта берсін, айта берсін жұрт.

Не десе де айта берсін, айта берсін


1.Аңсар - Анамның қайырымдылығына



2.Сұлтанбек - Анамның жылылығына



3.Данияр - Анамның мейірімділігіне





4.Тәрбие - Анамның жақсы көру сезіміне





5.Бақытжан - Анамның жанашырлығына





6.Әліби - Анамның кең пейілділігіне







7.Ақбота- Анамның адалдығына





8.Айару- Анамның сезімталдығына





9.Диас- Анамның достығына



10.Әділхан- Анамның даналығына





11.Нұрболат- Анамның табандылығына





12.Рамазан- Анамның төзімділігіне





13.Жаңылсын- Анамның қайраттылығына



14.Жазира- Анамның сұлулығына





15.Алтынбек- Анамның кішіпейілділігіне





16.Ерназар- Анамның қамқорлығына



17.Әсемгүл- Анамның тазалығына

18.Жайна- Анамның ізеттілігіне

19.Ғалымжан- Анамның мөлдірлігіне –



Нұрболат: Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие

болу кімнің арқасы?



2.Аңсар:

Сыныбымыздың әнші қызы Тәрбие Мұратқызының орындауында «Аяулы Анашым» әнін қабыл алыңыздар.



3.Әліби

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда Құрық балалар өнер мектебінің оқушылары Ақбота мен Рамазан. «Қазіргі заманғы би – «М и к к а ф э »






4.Ғалымжан:

Сыныбымыздың әншісі, Құрық балалар өнер мектебінің жыр-терме сыныбының оқушысы

Аңсар Серікұлының орындауында

Ұлы Абай атамыздың

«Көзімнің қарасы» әнін

қабыл алыңыздар!



5.Алтынбек:

Сыныбымыздың

биші қыздарының орындауында Псай биі

Қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда Жаңылсын Кенжебекқызы, Жазира Нұржанқызы!


6.Әділхан:

Сыныбымыздың өнерлі қыздары

Жазира мен Айарудың орындауында

«Айта берсін» әні

Қабыл алыңыздар!


7.Рамазан:

Құрметті ұстаздар, ұстаз-аналар!

сіздердің құрметтеріңізге

және де өзімнің аяулы анамның құрметіне Қайрат Нұртас ағамның

«Мама» әнін орындап берейін.

Қабыл алыңыздар!





8.Диас:

Жайдарман.

Алдарыңызда 4-ші «А» сыныбының сері жігіттері Сұлтаааанбек, Нұрбооооолат, Алтынбееееек және Мен Дииаааас





9.Данияр:

Құрық балалар өнер

мектебінің оқушылары

Ақбота мен Рамазанның орындауында

«Қазіргі заманғы би –

«Дин – Дон»

10.Сұлтанбек:

Алдарыңызда Құрық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің оқушылары Әліби Қайратұлы және Әділхан Саймұратұлы. Грек-рим күресінің әдістері



11.Нұрболат:

Алдарыңызда 4-ші сыныптың сері жігіттері Ғалымжан, Бақытжан, Данияр, Рамазан, Ерназар. Ж А А Я Я Я У

Қабыл алыңыздар!





12.Ерназар:

Сыныптың қыздарының бәрі өнерлі.

Алдарыңызда биші қыздар Әсемгүл мен Гүлжайна

Жаным-ау


Қарсы алыңыздар.



13.Бақытжан:

Құрметті аналар!

Қадірменді ұстаздар!

Қызғалдақтай қыздар! Мерекелеріңізбен!

Құрметтеріңізге «Әке – Ана әні» Қабыл алыңыздар!




1. Аңсар: - Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз!

2. Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ!

3. Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.

4. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш

дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана

мейіріміне бөленеді.

5. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның

саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың.

6. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін!

7. Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры,

өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында.

8. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген

адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін

беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады.

9. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік

үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады.

10. Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не

жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған.

11. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған.

Ана – мәңгілік тақырып.

12. Анам менің – көктегі күнменен тең,

13. Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

14. Әлпештеген асыл анам болмаса,

15. Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

16. Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

17. Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

18. Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

19. Сен маған жыр анасың, нұр анасың, -






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Открытый классный час "Ана - ?мір шуа?ы"

Автор: Бишенова Айг?л Рза?ызы

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313598


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства