Оқушылар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану адам жанының да тәнініңде тазаруы, денсаулығының нығайуы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Отбасы-бақыт мекені"»
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі
Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»
(көңілді мәре сайысы)
Уақыты: 10.00
Өтетін орны: « Жеңіс» стадионы
Досбергенова Баян Беркінқызы
2015-2016 оқу жылы
«Отбасы – бақыт мекені» көңілді мәре сайысы
Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану адам жанының да тәнініңде тазаруы, денсаулығының нығайуы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Оқушыларды шапшандыққа, күштілікке, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету,салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Ұстаздар! Ата-Аналар,оқушылар,барша спорт сүйер қауым! Денсаулық күніне байланысты ұйымдастырылып отырған бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Отбасы – бақыт мекені» атты көңілді мәре сайысына қош келдіңіздер!
Тәлім-тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін мектепалды даярлық тобымен - 4 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір - ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз, - дей келе жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
Ойын барысында ескерілетін мәселелер:қауіпсіздік ережесін сақтау, оқушыларды қатыстыру, екі команданың ұпайын есептеп жеңген команданы анықтау,марапаттау. Әр ойынның қорытындысын айту.
Ендеше сайысымызды бастаймыз!
Жүргізуші:
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын балаларды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз – дей келе жарысқа қатысушы 2 топтың оқушыларын ортаға шақырамыз.
Өнер қуып балалар өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп. Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Таныстыру. (Шарты: Әр топ өздерін таныстыру және ұраны, эмблемасы)
I топ: «Тұлпар» тобы жетекшісі: Балжакаев Арсен
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін,біріміз – бәріміз үшін!
II топ: «Сұңқар» тобы жетекшісі: Жумадилов Аслан
Топтың ұраны: Парасатты,айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы,бір сырлы.
Олай болса бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:
1. Эстафета
2. Секіртпемен секіру
3. Мерген
4. Қапшықпен секіру
5. Паравоз
6. Кенгуру ойыны
7. «Допты ойын»
8. Капитандар сайысы
Олай болса балалар сендерге сәттілік! Бір, екі, үш дайындал, алға! Сонымен сайысымыздың 1 кезеңі: Эстафета (Шарты: эстафета таяғын алып жүгіріп келіп, келесі ойыншыға тапсыру)
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау, Бойкүйез болма, еріншек. Айналысып спортпен, Талаптан, жаттық еңбекпен.
Жүргізуші: Денсаулық - шексіз бақыт, Уа, халқым назар аудар денсаулыққа. Өмірде бақыттысың денің сауда, «Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да - деп, келесі ойынымызға көшейік.
Сайысымыздың 3 кезеңі: Мерген деп аталады. (Шарты: допты жерге ұрып жүгіріп, қалқандағы шелекке салу)
Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде. Сол мықты денсаулықтың арқасында, Жетерсің әлі талай бақыттарға – дей отырып, келесі сайысымыз 4 кезең:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты текке жоймайық
5 кезеңіміз Паравоз сайысы (Шарты: паравоз болып бір оқушы қалған оқушыларды вагон қылып тіркеп жинап бір айналып келу керек)
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың – деп, келесі кезекті 6 кезеңіміз Кенгуру ойынына береміз. (Шарты: допты аяқ ортасына қыстырып секіру)
Жүргізуші:
Жеңімпаз болу оңайма?
Арман болған талайға
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
7 сайысымыз «Допты ойын» деп аталады. (Шарты: әр топтан 4оқушы шығуы керек, допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады)
Жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі, Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. Салауатты өмір салтын насихаттап, Атанайық жақсы азамат өңірдегі- дей келе,соңғы сайысымыз 8 кезең Капитандар сайысы (Шарты: шеңбер ішінде күш сынасу)
Жүргізуші:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
Жүргізуші: Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау. «» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!