Қош келдіңіздер, ата-аналар!
Жоспар:
1.Шаттық шеңбері (таныстыру тренингі)
2.Топқа бөлу (3 топқа бөлінеді)
3.Ата-аналармен жұмыс (қызықты сұрақтар)
4.Жағдаяттарды шешу
5.тренинг (Сергіту сәті)
6.Қорытынды (баға, оқу қарқыны, тәртіп, мінез)
Таныстыру тренингі
Топқа бөлу
Үшбұрыштар
Дөңгелектер
Тіктөртбұрыштар
Үшбұрыштар
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Дөңгелектер
1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
3. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
4. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
15. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Тіктөртбұрыштар
1.Балаңыз қандай пән ұнатады?
2.Балаңыздың бойында қандай өнер бар ?
3.Балаңыз мерекелерде қандай сыйлық алғанды ұнатады?
4.Балаңыз сүйікті киносы?
5.Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
Жағдаяттарды шешу.......
Үшбұрыштар
1.Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз?
2.Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз?
Дөңгелектер
1.Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз?
2.Балаңызда жаңадан сіз көрмеген қаламсап пайда болды.Қайдан алғанын сұрағанда үндемеді.Сіздің әрекетіңіз?
Тіктөртбұрыштар
1.Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз?
2.Балаңыз мектептен үйге кешігіп келді, ол мектептен күндегіше уақыттан шыққын болатын.Достарымен ойнап жүріп қалды.Сіздің әрекетіңіз?
Сергіту сәті
Отбасы-тәрбиенің ұясы
1.Бала тәрбиесіне ырым, тыйым сөздердің пайдасы.
Қазіргі кезде ырым, тыйым сөздер айтылып отыра ма? Өзіңіз қандай ырым, тыйым сөздер білесіздер?
2.Ата-ананың балаға айтар ақылы:
Қай ортада қалай жүріп тұру керек? Үлкендер мен қандай қарым қатынаста болуы керек?
3.Жаман мінездің балада қалыптасуы?
(Неліктен? Себебі.....)
Білім әлеміне саяхат
1.Математика жағалауы
2.Қазақ тілі жағалауы
3.Әдебиеттік оқу жағалауы
4.Дүниетану жағалауы
5.Логика жағалауы
I орын Білгірлер
II орын Тапқырлар
III орын Алғырлар
Ата-ананың міндеті - мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын
адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны
дұрыс, ата-аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір
алысып баланың мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық
іс-шараларға қатысуға бейімдеу.