kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы – мені? ма?танышым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Отбасы – мені? ма?танышым!
Сыныптан тыс са?атыны? ма?саты:
а) Бала бойына осы сыныптан тыс  са?аты ар?ылы с?йіспеншілікті, жылылы?ты ?ялату.

Ата - анасын ??рмет т?тып, адал да парасатты ?л мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.
?) Ата - анасыны? берген жа?сы т?рбиелерін н?тижелі етуге ?йрету, ?о?ам?а жат ?ылы?тардан са?тандыру.
К?рнекілігі: ата - ана жайлы ?ла?атты с?здер, шар, слайдтар
?дісі: ой б?лісу, топты? ж?мыс.
Саба?ты?  барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і
а) ?она?тармен с?лемдесу
?) О?ушыларды? орналасуын ?ада?алау
2. К?рнекілік ар?ылы т?сініктеме беру ж?не та?ырып?а сай кіріспе с?з с?йлеу
М??алім: "Ана - сая болар ба?ы? болса,
?ке - ас?ар тауы?" дейді ?аза?та.
Бір к?н бар жылатар к?н, ж?батар к?н,
Бір к?н бар м??айтар к?н, ?уантар к?н.
Мейлі ол ша?ыра? с?тті болсын, с?тсіз болсын,
"?ке" деген сезімді ?мытар кім?!
Ана - жары? сыйла?ан жан екенсі?,
Ана - шуа? шашатын та? екенсі?.
"Ана - ?мір, ана - ба?ыт, ана - ж?рек"
Деп со??ан ж?регімні? ?ні екенсі?.
?ке мен ананы? орны адам ?мірінде ерекше емес пе?!
Ребус шешу ар?ылы б?гінгі та?ырыбымызды табайы?.

Отбасы – мені? ма?танышым! атты сыныптан тыс  шарамыз?а ?ош келді?іздер!

Топ?а б?ліну.(К?мпитті? т?рлеріне ?арай топ?а б?лінеміз)

1-топ  «Ана»
2-топ  «?ке»

1-б?лім «Таныстыру» Та?па? ар?ылы таныстыру?а болады.

2-б?лім «Білімдіге жары? не?»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы – мені? ма?танышым! »


Мемлекеттік тілде оқытатын

«Заречный орта мектебі»



Сыныптан тыс сағат



Тақырыбы:


«Отбасы –

менің мақтанышым!»










Өткізген: 3 «Ә» сынып мұғалімі:

Исмакова А.С.

2014 жыл






Сыныптан тыс сағат 04.12.2014.
Тақырыбы:
Отбасы – менің мақтанышым!
Сыныптан тыс сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы сыныптан тыс сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.

Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар
Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Қонақтармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың орналасуын қадағалау
2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу
Мұғалім: "Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Ребус шешу арқылы бүгінгі тақырыбымызды табайық.

Отбасы – менің мақтанышым! атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Топқа бөліну.(Кәмпиттің түрлеріне қарай топқа бөлінеміз)

1-топ «Ана»
2-топ «Әке»

1-бөлім «Таныстыру» Тақпақ арқылы таныстыруға болады.

2-бөлім «Білімдіге жарық не?»

І топ

1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?   (Т.Әубәкіров)

3. Абайдың әжесі?  «Зере»

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері?  «Құрмаш!





5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?  «қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,  

     қымыз, шұбат.»

6.  Тұрлаулы мүше нешеу?  (2)


7.    «Қағаз хрестоматиясын жазған кім?»  (Ы.Алтынсарин)

8.   Күй атасы кім?  (Құрманғазы)

9.   Қазақтың тілі? (қазақ) 

ІІ топ

1.Тәуелсіздікті қай жылы алды.  (1991ж)

2.Абайдың туған жылы?  (1845ж)

3.Бала Тұрар әңгімесінің авторы ? (Шерхан Мұртаза)

4.Ақылды сөзінің түбірі   ( ақыл)

5.Қазақ алфавитін жасаған кім?  ( А.Байтұрсынов)

6.Ұлттық киімдер қалай аталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)

7.Беташар қашан айтылады?  ( келін түскенде)

8.Тұңғыш кемеңгер?  ( Ыбырай)

9.Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.

ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.

Екі топ суретін салғанша Марғұлан ән айтады.

Әннен соң суреттерін қорғайды.



ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

Оқушыға:

1.Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?




2.Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.Сен не істейсің?

3.Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.Сен не істейсің?

4.Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

5.Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

6.Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, .........................

  3. Ата-ананың қадірін - ............................

  4. атаның баласы болма,...........................( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ...................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ...................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, .............................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті – бал, .................................( баланың тілі – бал)




  1. Туған үйдің түтіні жылы, ......................( туған ананың күтімі жылы)

  2. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  3. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  4. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

VІ бөлім  «Сөз тапқанға .....» деп аталады.

Берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.

І топ

1.Тілді қадірлейсіз бе?

2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?

3. Мерекеге қандай киім киесіз?

4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

5. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?

6  Достарың кімдер, коп пе?

7  Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8   Түнде аспанда не болады?

9   Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?

10  16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

ІІ топ

  1. Тіл сүйектен өте ме?

  2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?

  3. мектепке немен келесіз?

  4. көршіңмен татусың ба?

  5. ауа райы салқын ба?

  6. Дүниедегі қымбат жан

  7. Түлкі неге қу аң

  8. Су тіршілік көзі ме?

  9. Бақыт дегеніміз не?

  10. Ит жеті қазынаның бірі ме?

3.Қорытындылау: «Ата-ананы тыңдаймыз» әннін айту.

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі сыныптан тыс сабағымды қорытындылай келе, келіп қатысқан барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.

Еңбекте табыс тілеймін.Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін!Ал балалар, сабақты жақсы оқып,үлкендерді тыңдау керек.

Қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі.




"Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.



















Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.

1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".
4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Хор « Ана туралы жыр»( сынып оқушылары)
9 оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
10 оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
11 оқушы: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
12оқушы: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
13 оқушы: - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
14оқушы: - Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
15 оқушы - Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.
2. Топтарға тапсырмалар:
Ата - аналарға: мақалды аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
"Бала тегіне тартады" дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?





Балаларға:
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Балаларға:
1. Әкенің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4. Әкенің пікірі сен үшін?
5. Әкең саған айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
3. Оралхан мен Ұлпан жүрекжарды өлең жолдарымен
4. Ойын « Менің балам(қызым) балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)
5.« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты слайдтар мен фотосуреттер
6. Ата - аналар мен балалар бірігіп « 8а» деп аталатын ертегімен тілек білдіріп аяқтайды.
Мұғалім:
1 - жүргізуші: Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.

2 - жүргізуші: Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.

Құрметті ата - аналар, оқушылар!
Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!
Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Отбасы – мені? ма?танышым!

Автор: Исмакова Алмагуль Салимовна

Дата: 05.04.2015

Номер свидетельства: 197365


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства