Просмотр содержимого документа
«Отбасы махаббаты неде?(тренинг)»
Тренинг Бағдарламасы: 1. «Танысу » жаттығуы. 2. Топқа бөлу. 3. Топпен жұмыс 4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. 5. Ситуациялық сұрақтар. 6. Қорытынды. Мұғалім сөзі: -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің «Отбасы махаббаты неде?» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіш-
тігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы бастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек,
- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға-ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеушісі –ата-ана. 1. «Танысу» жаттығуы. Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз Қандай әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?
2.Топқа бөлу. Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды.
Түстер бойынша топ құрып , үстелдерге жайғасып отырыңыздар. Би: «Мырғаулар»
Бейнежазбадан «Құмырсқалар» туралы кино көрсету. (пікір алмасу)
3.Топпен жұмыс Екі топқа тақырып беріледі. Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1-топ: Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
2-топ: Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
4.«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы: 1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні? 3. Балаңыздың парталас көршісі кім? 4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 5. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 6. Балаңыз кеше қандай баға алды? 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 11. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі? 12. Балаңыздың ең жақын досы кім? 5.Ситуациялық сұрақтар. Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. 1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай «Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз? 6 .Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? 7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз? 8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз? 9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыс жасамайсыз, не істейсіз? 11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз? 6.Қорытындылау. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айтайық. Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.