Просмотр содержимого документа
«"Отанымды мақтан тұтамын"»
Тақырыбы: «Отанымды мақтан тұтамын» сайыс.
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Міндеттері: 1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Түрі: сайыс Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Хор: Әнұран. - Кәне балалар Отан деген не? - Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. - Балалар біздің отанымыз қалай аталады? - Біздің - Отанымыз Қазақстан. - Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім. Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка) 1 - топ: Туған жер 2 - топ: Отан 3 - топ: Атамекен (Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.) Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды. 20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? 20 – Еліміздің бас қаласы 20 – ҚР президенті 50 – ҚР туының авторы 50 – ҚР елтаңбасының авторлары 50 – Әнұранымыздың авторлары 100 – Еліміздің көрікті жерлері 100 – Отан туралы өлең айт 100 – Отан туралы ән шырқа
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. 1 - оқушы: Арыстандай айбаттым. Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтың Қанша жұлдыз жайнаттың. Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран, Аясында қалқыған. Аспан түсті туым бар, Көк теңіздей шалқыған. 3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам әлемге танылды анық. Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, Арманым ата заңым қабылданып. 4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда, От пен ауа, суың да. Жаса Қазақстаным, Белді бекем буында. 5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам Өркен жая бастаған Болашақтың есігін өз қолыңмен аш маған. 6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді Тартылмасын өрісің Биік ұстау туымды Қасиетті борышым. 7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, Екпіндеген қыран құсты үні бар. Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай, Қазағымның желбіреген туы бар 8 - оқушы: Отан деген атамекен Отан деген туған жер. Отан ана, Отан үлкен Қазақстан туған ел.
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 1 - оқушы: Отан от басынан басталады. 2 - оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 4 - оқушы: Отан оттан да ыстық. 5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің. Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.
Тілек. (Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.) - Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) Қорытынды. Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің – дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен « Отанымды мақтан тұтамын» атты іс- шарамыз аяқталды.