Саба?ты? барысы : І. ?йымдастыру. ( СТО технологиясы бойынша)
Психологиялы? дайынды?.
Жабыр?ауды білмейміз,
Жал?аулы?ты с?ймейміз,
Біз талапты жас ?лан
?лгі аламыз жа?сыдан!
ІІ.?й тапсырмасын с?рау. (2-слайд)
Т???ыш ?арышкер м?тінді (м?нерлеп о?у).
Жарайсы?дар, балалар! Енді экранда пайда бол?ан суретке назар аударайы?. Суретте не к?ріп т?р?анымыздык?ркем с?здермен бейнелеп айтайы?. (Таби?ат,?зен,тау) (Пейзаж ??ымы ар?ылы бейнелеу ?нері саба?ымен байланыстыру. (4-слайд)
ІІІ.Жа?а саба? (5-слайд)
Олай болса б?гін біз «Таби?ат мені? ?з ?йім» атты жа?а б?лімді бастаймыз.
«Таби?атсыз адамзатты? к?ні жо?,м?ны айту?а таби?атты? тілі жо?» демекші таби?ат пен адам егіз ??ым.Адам ?з тіршілігіне ?ажеттілікті? б?рін таби?аттан алады.?з кезегінде таби?ат?а дак?мегін тигізіп отырады.А?аштар отыр?ызып,орман то?айларды таби?и ?рттен ??т?арып,жан-жануар,??стар?а ?ам?орлы? к?рсетеді.(Экологиялы? т?рбие беру.)
Просмотр содержимого документа
«"Отан ?ор?аушылар?а та?зым етеміз" »
Отан қорғаушыларға тағзым етеміз.
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,оны қорғауға баулу жәнеҰлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен ержүрек бабаларымыз жайлы мағлұмат беру, оларға еліміздің батырларын, соғыс ардагерлерін құрметтеуді үйрету.
Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.
Елін,жерін,Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу.Патриоттық сезімге баулу.
Көрнекіліктері: Ұлы Жеңіске арналып жазылған ерлік туралы сөздер,Ұлы Отансоғысы батырларының суреттері.
Отан-Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Міне, биылғы жыл Жеңісімізге 65 жыл толмақ. Сонда да болса біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас.
Жеңіс күні. Адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен күн – 1418 тәулікке созылған азаматтық айбынды күні.
«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен меркенің бұлағы.
Жеңіс үні ( Сапарғалы Бегалин )
Естідім-ау жеңіс үнін
Дүрілдейді көк пен жер,
Қуанышпен қағып күлім
Ойнақтайды қуанған ел.
Шықты ойдақтып жас ұландар
Мәз-майрам боп күліп сақ-сақ
Қуанышты барлық жандар
Жеңіс атты жетті алтын шақ
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Жеңіс күні бұл күн өмірді сұйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес!
Советтік информбюросы: Қымбатты бауырлар, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады! Олар біздің бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес! Біз жеңеміз, әділет әрқашан жеңбек! Фашистерге өлім келсін, -деп хабарлайды.
Балалар осынау сұрапыл соғысқа Кеңес Одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты.
Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында бір миллион 870 мың қазақстандықтар болған. Біздің халқымыз Александр Матросов ерлігін қайталаған Сұлта Баймағамбетовтың, қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың жау «жобарысына» қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды.
Соғыс – қиратушы күш. Барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет, соғыста 70 миллион адам құрбан болса соның 20 миллионы Кеңестер Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ еді.
Жеңіс күні – бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні. Бірақ 1941 жылы желтоқсанда Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, жаудың бетін қайтарғандар үшін қандай алыс еді!
Олар жиырма сегіз еді. 1941 жылы 16 қарашада немістер Мәскеуге Волоколамск бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разъездінде 1057 атқыштар полксі 4-ротасының 2 взводы тұрған бекініске шабуылда жерлестеріміз тойтарыс беріп, жаудың бетін қайтарды.
Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.
Отанының бақыты үшін мерт болған!
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
Олар сенің таңғы шапақ нұрың ғой,
Олар сенің мәңгі асқан жырың ғой.
Мәңгі алауға жақын барып ақырын,
Бас киімді қолыңа алып, гүлің қой!
Жанын қиған сен үшін, тоқта достым, сабыр ет,
Үнсіз тұрып бір минут,
Басыңды иіп тәжім ет!
Құрметті балалар, сол ағаларымыздың рухына бас иіп еске алайық ( бір минут еске алу).
Жеңіс күн! Ол қалай келді 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде (жеңіс)
Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желтіреді.
Жеңіс туын алғашқы боп қадаған әкелер ерлігін мақтана, шаттана, мерейлене айтамыз.
8 мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне жеңіс күні осылай келеген еді.
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасалсын той –мереке!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескерлдің арманы мен ұраны
Қканыш пен мерекенің бұланы
Ұлы Отан сенің Жеңісің,
Мен үшін, Байтақ ел үшін
65-ке толды мерейің,
Қуанышты күндер көбейсін.
Бәрі: - Соғыстың өрті жаңбасын!
Сәбилер жетім қалмасын!
Бесігінде сәбидің,
Есігінде әр үйдің,
Болмасын соғыс, болмасын!
(хор, ән)
Қорытынды сөз. Оқушылардың жазған шығармаларын оқу.