kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ыту мен о?уда?ы интерактивті ?діс-т?сілдер: ж?ппен ж?не топпен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімдер  интерактивті  о?у  ?дісі  бойынша  о?ушыларды?  о?у?а  ынтасын  арттыруда  топпен  ж?не  ж?ппен  ж?мыс  ж?ргізуді  ж?йелі енгізуді, формативті ба?алауды ?олдануды  ?йренеді. Коучингге м??алімдер ?те ?ызы?ушылы?пен ?атысты. Осындай коучингтер ?немі ?тіп отырады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ыту мен о?уда?ы интерактивті ?діс-т?сілдер: ж?ппен ж?не топпен ж?мыс»

Апта 2

Күні 09.10.2015ж.

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс-тәсілдер: жұппен және топпен жұмыс

Сілтеме:

«Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы 2014, «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» әдістемелік құрал Алматы 2014 «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» үлестірме материалдар

Жалпы мақсаттары:

Мұғалімдер интерактивті оқу әдісі бойынша оқушылардың оқуға ынтасын арттыруда топпен және жұппен жұмыс жүргізуді жүйелі енгізуді , формативті бағалауды қолдануды үйренеді.

Оқыту нәтижесі:

Интерактивті оқыту әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.

Негізгі идеялар


Интерактивті әдістер оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту , яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап ету.

Пайдаланған әдіс- тәсілдер мен стратегиялар

Бірлескен оқу әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СТО ,АКТ«Ғажап дельфиндер» бейнебаян, шағын топтардағы жұмыс, жұптық жұмыс,.«Танысу жаттығуы» тренингі,«Тірек белгілер» стратегиясы,«515» стратегиясы, «Үздік жұп» стратегиясы, «Ағаш» стратегиясы, «Мен» стратегиясы

Қажетті құралдар

Интерактивті тақта, флипчарт қағаздар, маркерлер, стикерлер, қима таратпа материалдар

1 сессия

Тапсырмалардың түрлері

Уақыты

(45 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мүғалімдердің іс-әрекеті

1.«Танысу жаттығуы» тренингі

2 мин

Тренингтің мақсаты өз-өзіне мақтау-теңеу айту дағдысына жаттығу; әріптестерінің атын теңеу сөзімен бірге есте сақтауға машықтандыру

Дөңгелене тұрған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет. Келесі тыңдаушы өз атын атамастан бұрын алдыңғы тыңдаушының атын сын есімімен қоса атап, содан соң өзінікін айтады.

2. Топқа бөліну

«Валюта»

1 мин

Валюталар бойынша өз топтарына орналасуын қадағалайды.

Өз нөмірлері жазылған топтарға орналасады.

3. Сауалнама

3 мин

1)«Интерактивті оқыту әдісі» деген не?

2) Оқу мен оқытуда қандай әдіс-тәсілдерді, стратегияларды қолданасың?


Тыңдаушылар бір парақ қағазға сауалнамаға жауап жазады.

4. «Тірек белгілер» стратегиясы

15 мин

Әр топқа мәтіндер беріледі. Мәтінді мұқият оқып, сөздерді қолданбастан тірек сызба түрінде конспектілейді. Конспектіде сөздер немесе сөйлем болмауы тиіс. Тек суреттермен, шартты белгілермен беріледі. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге болады.

Тапсырмаларды кезекпен көрсетіп түсіндіреді. Ал басқа топтың мүшелері тапсырманың тақырыпқа және формаға сәйкестігін, мазмұндылығын, шығармашылық тұрғыдан келуі мен әсемдігін, тірек сызбаны қорғауын бағалап, озық ойыншыны немесе топты анықтайды.

5. «515» стратегиясы

Жеке жұмыс

5 мин

Берілген мәтін бойынша әр тыңдаушы 15 тірек сөз жазуы керек. Мұғалімнің тірек сөздерімен салыстыра отырып өз жұптарын тексереді

Тыңдаушылар 5 минут ішінде мәтіннің мағынасын ашатын 15 тірек сөзді жазып шығады.

6. Сергіту сәті

АКТ

2 мин

Бейнеклип

Бейнеклиптегі қимыл-қозғалысты қайталайды.

7. «Ғажап дельфиндер» бейнебаян

Жұппен жұмыс

5 мин

-осы бейнематериалдан қандай ой түйдіңіздер?

- дельфиндердің іс-әрекетінен нені байқауға болады?

Тыңдаушылар бейнебаяннан алған әсерлерін, ой түйіндерін айтады.

8. «Үздік жұп» стратегиясы

4 мин

Тыңдаушылар қатар отырған екі адам өзара бөлініп жұптар жасайды. Жұпта отырған екі адам бір-бірімен арқасын тіресе отырады. Бірінші жұп айтып отырып сурет салады, ал екінші жұп соны аудармай орындау керек.

Жұпта отырған екі тыңдаушы бір-біріне арқасын тіреп отырады. Қолдарына парақ пен қарындаш алады.бірінші жұптың айтқанын екінші жұп мүдірмей орындау керек. Жұппен жұмыс жасаудың сәтті және сәтсіз жақтарын айтады.

9. Кері байланыс

«Ағаш» стратегиясы

5мин

1)Қызыл фломастермен өзіңе ұқсаған адамды, сенің көңіл күйің мен орныңды көрсетіп тұрған адамды боя.

2)Жасыл фломастермен осы ағаштың қай жерінде, кімнің орнында тұрғыларың келетінін белгілеу;

Тыңдаушылар өз таңдауларын жасайды. Болғаннан соң, әр адамның орнына байланысты мінез-құлықтары мен ұжымдағы орны туралы қорытындыны тыңдайды.

10. «Мен» стратегиясы

2 мин

1.Мен ...... үйрендім.

2.Мені ... қызықтырды.

3.Менің әлі де білгім келеді: ........

Тыңдаушылар стикерге коучинг бойынша қорытынды ойларын жазады.

11. АКТ

«Барлық өмірлік іске сәттілік!» слайд-шоу

2 мин

Слайд –шоу ұсыну

Слайд-шоудан оқушы мен мұғалімнің құндылықтарын арттыруға байланысты іс-әрекеттерді ой елегінен өткізеді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ыту мен о?уда?ы интерактивті ?діс-т?сілдер: ж?ппен ж?не топпен ж?мыс

Автор: Аралбай Толкын Аралбайкызы

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288562


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства