kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқырмандар қатарына алуы. Посвящение в читатели

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды кітап үйімен танысу,  оқулықты     құрметтей білуге, кітапты   күтіп   ұстауға   баулу,   балалардың  кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттыру, мектеп  жастарын кітапханаға тартып, жастардың ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамыту,  қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесіне деп қоюда ата-ана мен балалардың серігі кітаптарды оқуға баулу.Кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқырмандар қатарына алуы. Посвящение в читатели»

Алғашқы буын үшін:  «Оқырмандар қатарына алуы» кітапханалық сабақ

Мақсаты:     оқырмандар қатарына алуы. Оқушыларды кітап үйімен танысу, оқулықты     құрметтей білуге, кітапты   күтіп   ұстауға   баулу,   балалардың  кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттыру, мектеп жастарын кітапханаға тартып, жастардың ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамыту, қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесіне деп қоюда ата-ана мен балалардың серігі кітаптарды оқуға баулу.Кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, компьютер, «Ертегілер әлемінде» кітаптар көрмесі,  кітап туралы жазылған плакаттар, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Кітапханашы: Сәлеметсіздерме, қадірлі Қазакстанның үміт артар ұлдары мен қыздары! «Оқырмандар қатарына алуы» атты сабағымызға кош келдіңіздер.

1 -ші жүргізуші:

Өмірдегі бар алтын мен асылдан,

Кітап артық шуақ болып шашылған.

2 - ші жүргізуші:

Кітапханам - өнер, білім ордасы

Сен – анамсың, құшағың кең ашылған.

Білімнің қайнар көзі – кітапханам

Кіріспе:

  1. ші жүргізуші:

Оқуға ұмтылған әрбір жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын кеңейтіп, жан - жақты білім алуына және белгілі бір мамандық иесі болып шығуына көмектесетін бірден - бір оқу орталығының қайнар көзі – кітапхана.


2 - ші жүргізуші: Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада. Кітапхана – адамдардың басын қосып, білім беру мүмкіндігі бар бірдең – бір парасатты мәдени орталық.


1-ші жүргізуші: Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет.

Біз кіпаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүние танымдарыңды кенейтіп, рухани жан – дүниелеріңді оятып, ертегі-әңгімелерімен сыр шерткен, кітап сенің ақылшың, білім көзі, рухани қазына.

Кітап - қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.



2 - ші жүргізуші:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

     Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

     Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

     Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.




1-ші жүргізуші: Олай болса, қымбатты оқырмаңдар!

Б үгінгі мерекемізді

Жұмбақ шешуден бастайық.

Оймен, кәне өсейік


  1. Ж аны жоқ болса да,

Ақылды адам ісін істейді.

  1. Тілі бар, үні жоқ ,

Өзін адам түсінген.

Ж үрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

  1. Қабат –қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның алабер,

Айытқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді. Жауабы: Кітап).

2 - ші жүргізуші:

Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

Н аданмен қас болғанша,
Кітаппен дос бол. Пьер Бауст, (1765 - 1824).
Кітап — асып - таспайтын асыл досымыз. Викто́р Мари́ Гюго, француз жазусышы (1802 — 1885) .
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Лев Толстой орыс жазусышы (1829-1910).
Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал. Ян Каменский

  1. ш і жүргізуші:

Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2 - ші жүргізуші:
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.

2 - ші жүргізуші:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
1 - ші жүргізуші:
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
2 - ші жүргізуші:
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің

1 - ші жүргізуші:

Қызықты ғой көрерменге би деген,

Ортамызда мың бұрала билеген.

Таныстырып қояйын мен сіздерге

Біздің мектеп қыздарының билеген

(Би)

2 - ші жүргізуші: Сіздердің назарларынызға презентация

(Жауаптары: кітапхана, кітап, кітап, тәтті, өткір, ұшады, қарқылдайды, маңырайды, кісінейді, кітапта, кітапты, кітапхана, көбелек, бал)

Кітапхана сағатын қорытындылау:

Кітапханашы:

Жарайсыңдар балалар

Білімдеріңді көрсетіп

Жақсы баға алдыңдар!

Балалар, үйде ата-аналарыңмен кітапхана ережесі туралы жаднаманы оқып

есте сақтаныңдар!(кітапхана ережесі туралы жаднама таратылады)

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге - деген Абай атамыздың өлеңімен қазақ балалар кітабын насихаттауға арналған мерекеден кітапхана сабағын аяқтаймыз.


Көріскенше күн жақсы!



Калижарова Бахыт Акылтасовна, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенің кітапхана меңгерушісі, СҚО Петропавл қаласы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Оқырмандар қатарына алуы. Посвящение в читатели

Автор: Калижарова Бахыт Акылтасовна

Дата: 07.12.2020

Номер свидетельства: 565852


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства