Предлогаю вашему вниманию свое внеклассное мероприятие.
Просмотр содержимого документа
«Ойлы болсан, озып кор!»
Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр.
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: гүл, шар, нақыл сөздер, слайдтар.
Жүрісі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Мектепішілік 2–сыныптар арасында өткелі отырған «Ойлы болсаң, озып көр» атты математикалық
сайысқа қош келдіңіздер.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1.Бекболсын Таңшолпан 2 «А» сынып
2.Оразалин Шыңғыс 2 «Ә» сынып
3.Орпабаева Ұлжан 2 «Б» сынып
4.Адиятов Мансур 2 «Г» сынып
5.Абдуллаев Көбейсін 2 «Ғ» сынып
6.Жаңбырхан Дінмұханбет 2 «Д» сынып
7.Сабырова Ұлдай 2 «Е» сынып
Сайыскерлеріміздің білімін бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мектеп психологы – Гүлмира апай
Бастауыш сынып мұғалімі – Сұлу апай
Бастауыш сынып мұғалімі – Гүлнар апай
Сайыс 3 бөлімнен түрады.
Кім жылдам? (логикалық сұрақтарға жауап беру)
Сандар сыры (санға байланысты мақалдардың жалғасын табу)
Ойлан , тап (математикалық жұмбақтар)
Әрбір бөлімнен соң ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
1-бөлім Кім жылдам? деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер логикалық сұрақтарға жауап береді.
2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? (тең)
Тауық бір аяқпен тұрғанда 4 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (4 кг)
Үстелдің төрт бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп алса, неше бұрыш қалады? (5)
5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған. Қазір Ержан нешеде? (13)
Он қолда неше саусақ бар? (50)
180 минут неше сағатқа тең? (3)
4 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4)
Бір айда 5 жексенбі бола ма? (жоқ)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8)
Бөлменің төрт бұрышында мысық отыр. Отырған әр мысыққа қарама-қарсы үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4)
Әділқазылар ұпайын есептегенше кезекті әнге береміз.
Ән: Айзеренің орындауында «Бала тілегі»
2-бөлім Сандар сыры деп аталады. Оқушылар сан есімге байланысты мақалдың жалғасын
табады.
Бір жылы сөз, бір күнге азық.
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Төрт аяқтыда бота тату.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
Тойған жерге тоғыз кел.
Бір тал кессең, он тал ек.
Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
Кезекті биге береміз. Би: «Шашу»
3-бөлім Ойлан, тап. Мұнда оқушылар математикалық жұмбақтарға жауап береді.
Бір-бірімен жарысқан,
2 аю, 1 арыстан,
4 қоян мен 3 түлкі
Бәрі нешеу сен ойлан. (10)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды,
10 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (70)
11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 1 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
Неше болды барлығы? (24)
Көлден ұшты 6 қаз,
Қайтып келді 2 қаз,
Қонбай кетті қанша қаз
Шешуін кім тез табады? (4)
Шығармақ боп кеше есеп
Жиналыпты 5 есек,
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)
Әділқазылар ұпайын есептегенше жас жайдарманшылардың өнерін тамашалайық!
Ұпай сандарына қарай орындарын анықтап, марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды. Назар қойып тыңдап, тамашалағандарыңызға рахмет.