1-ж:-Үйдегі алтын қазық-ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі,әке тәрбиесі-ұлға үлгі.Ана-ақылшың,әке –қамқоршың.Ананы сыйламағанның жақыны кем.
Ән:«Апа,туған күніңмен»
1-ж:-Ақбөбек,мен достарыма Ана кім?-деген сұрақ қойғым келіп тұр.
2-ж:-Манас,менің ойымша Ана тақырыбын тауысып айту мүмкін емес.Ана деген-ұлы ақынды да,ойшыл данышпанды да,ел басқарған ел ағасын да,ғалымды да,өмірге әкеліп,әлпештеп өсірген,ақ сүтімен нәр берген жан.
О: Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ана тіршіліктің көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі.
О: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді,ерлікке шақырады.
О: Ана-әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді,ең қамқор адам.
О: Ана сұлулықты,жарасымдылықты,көріктілікті,барша игілікті бойына сіңірген тұлға.
О: Ана десе әр баланың тілегі ақ,мейірімі ұшан теңіз.Анамыздың көңілі шат,жүзі жарқын,дені сау болуын әрқашан тілейміз.
О: Мен үшін ең ардақты,ең қымбатты адам.Жел жағымызға пана,бәріміз үшін дара,дана тұлға.Ол-ана.
О: Өзі салмақты,өзі байсалды,отбасын сақтаушы,қорғаушы.Ол-ана.
О: Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай,бауырына басып,мен үшін жан ұшыра шырылдайтын,әрқашан дұрыс,таза жүр,адал бол деп тілейтін.Ол-ана.
Күй:«Еркесылқым»
1-ж:-Достарым,біздің халқымызда «Ана сүтін ақтау»деген сөз бар.Сіздер ана сүтін қалай ақтар едіңіз?
О: Жақсы азамат болу,сабақты жақсы оқу, мейірімді,қайырымды жан болу,ананың айтқанымен жүру.
2-ж:-Құралай,сен не ойланып қалдың?
Құралай: «Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де өтей алмайсың» деген сөз есіме түсіп тұр.
2-ж: Алайда,«Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада»демекші,өзінің перзенттік борышын түсінбеген,сөйтіп анасын жерге қаратып,көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған,қазір де жоқ емес.
«Соқыр ана»көрінісі.
Ақжол:Сәуле кіріп енгенмен саналарда,
Бірте-бірте басқанмен заман алға.
Адам болып жер басып жүргенменен,
Алдыменен қарызбыз аналарға.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан,дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей,адамдар,жол беріңдерАнаға!
О: Анашым,сенсің мәңгілік менің тірегім,
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.
2-ж: -Манас,менің таң қалатыным,анам үйде барлық тірлікті істеп,одан қала берсе жұмысқа барып үлгереді ғой.
1-ж: Иә, мен мектептен келсем,тамағым да дайын,үйде жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
2-ж: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады,олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
О: Өмірді ащы-тұщы аралаған,
Сондықтан анам ойы дара маған.
Жайқалып жауқазындай өсіп келем,
Өсірген жеткізіп панам анам.
Бал анам,асыл анам,таңым анам,
Мен сенен қуат алам,жалын алам.
Күн болып көңілімді күйге бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.
О: Ана десем,сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ән: «Сакура»
1-ж: Қыздар,қыздар ару қыздар,
Неткен ғажап ,сұлусыңдар.
Бүгінгі той мерекеде,
Ән арнайық біз сендерге,-дей келе сыныптағы ару қыздарға ән арнайық.
О: Ажары жарып нұрдан жаратылған,
Жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызбенен құндыздай,
Қыздары ғой қазағымның дара туған.
О: Мен қазақ қыздарын қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
О: Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп туады .
Бос жібермей әр күнін,
Оқу – білім қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз , әр балақан,
Анасына ұқсайды.
О: Арулар, ардақтылар , аяулылар ,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір біріне жалғап тұрар.
О: Танадай көзі жайнаған,
Талпынса қанат талмаған .
Алтын кірпік , ай қабақ ,
Құлпырған қырдың гүліндей.
Алатаудың бақытты
Бұлбұлындай сайраған.
Бақ дарыған елімнің
Аман болсын қыздары.
Ұлдардың орындауында би.
2-ж: Рахмет,достар!Енді біздің әнші қыздарымыздың әнін тыңдайық.
Ән.«Достарым»
О: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай-жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың,ардақтысың,данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,анашым!
О: Үш әріптен құралған,қасиетті есімсің.
Дүниеде жалғыз жан,анашым бір өзіңсің.
О: Таңдай қағар тамсана,тіршіліктің басы ана,
Құтты болсын тойыңыз,әлдемдегі бар ана.
О: Зер сала алсақ ұғып сыр,
Адалдық,ар,тұнық бұл.
«Ана»деген бір сөзге,
Бар дүние сыйып тұр.
1-ж: Ана біздің күніміз,
Біз ананың гүліміз.
Ұл-қызыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,-деген өлең жолдарымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз.