kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

На тему "Адамгершілік-жа?сы ?асиет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  М?ны? жауабы, ?рине, адам бойында?ы асыл ?асиеттерді айтамыз. Демек,  асыл ?асиетіміз – е?бек с?йгіштік, досты?, ?дептілік, к?мек беру, ?о?ам?а ?ызмет ету, инабаттылы?, имандылы?, елін, жерін с?ю, кішіпейілділік. Я?ни, адам бойында осы ?асиеттер жо?ары т?рса, ол адамны? адамгершілігі жо?ары болма?. Сонды?тан, біз осы ?асиеттерді кішкентай кезімізден бойымыз?а сі?іруіміз ?ажет. Ал, керісінше, с?зі д?рекі, мінезі шайпау, менмен ма?танша?, керенау кесір мінезден аула? болуымыз керек. Осы жерде ?лы Абайды? с?зімен на?тылап ?тсек:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«на тему "Адамгершілік-жа?сы ?асиет"»

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы,

М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қалымбетова Эльмира Букебаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік-жақсы қасиет

Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, -

«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.

  1. Жаман – бұзар, жақсы – түзер.

  2. Адам болатын бала алысқа қарайды.

  3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.

  4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

  5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.

  7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

  8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

  9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

  10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

  11. Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.

  12. «Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет.

Ойын: «Мен қандаймын?».
Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру.

Қорытынды.

Сұрақтар:

  1. Кімнің бойында адамгершілік қасиет көп?

  2. Жамандық жеңе ме, жаңалық жеңе ме?

  3. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?

  4. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?

Адамгершілікті, әдепті болыңдар.
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
на тему "Адамгершілік-жа?сы ?асиет"

Автор: ?алымбетова Эльмира Букебаевна

Дата: 13.12.2015

Номер свидетельства: 265529


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства