Ма?саты:
1. ?аза?станны? ?арулы к?штері жайлы білімді ?алыптастырып, білімі мен біліктілігі жо?ары, талап – тал?амы тере?, ?з Отанын ?ор?ай білуге, мемлекет бас?ару ???ы?ын д?рыс пайдалануына ?йрету. М.Алтынбаев ?мірі мен ?ызметі туралы ма?л?мат беруПЕРЕЙТИ НА САЙТ
М??алімні? кіріспе с?зі:
- Балалар, жерге жетер байлы? жо?. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлерімізді? ар?асында «?аза?стан» егеменді ел болып, д?ние ж?зіне танылды. Бізді? Отанымыз 1991 ж егеменді, т?уелсіз ?аза? мемлекеті болды. 130-дан аса ?лт ?кілдері т?ратын осынау ?асиетті мекенде, ас?а?та?ан ?лкеде, ке?шілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні те?іздей тол?ы?ан, т?рт т?лігі ?рбіген, мекенде ?мір с?руші ?рбір азамат ?з Отанын жанындай с?йіп, оны? тынышты?ын к?зетеді. Биыл ?аза?стан ?арулы к?штеріні? ??рыл?анына 23 жыл. Б?гінгі т?рбие са?атымызды Отан ?ор?аушылар?а арнама?пыз.
Т?рбие са?атыны? І б?лімі “Т?уелсіз елді? ?ыраны” деп аталады.
?азір бізді? шекарамыз берік ?олда. Оны ?ас ?а?пай к?зетіп т?р?ан, кешегі Же?іс солдаттарыны? немерелері, ш?берелері.
Олар да аталарындай жігерлі, ?келеріндей ?жет. Отанымызды? шыр?ын б?з?ысы келетін ?ай жау?а болса да тойтарыс бере алады. Біз осы?ан ?уанамыз.
Просмотр содержимого документа
««Мы?ты ?скер –мы?ты ?аза?стан»»
Тақырыбы: «Мықты әскер –мықты Қазақстан»
Мақсаты: 1. Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету. М.Алтынбаев өмірі мен қызметі туралы мағлұмат беруПЕРЕЙТИ НА САЙТ
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. 3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әдеби монтаж, сұрақ - жауап, сайыс
Көрнекілігі: Мұхтар Алтынбаев туралы слайд, тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, сабақтың эпиграфы“Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар.
1-бала: Ел қорғайтын, ер ағалар –
Ардағымыз, арымыз.
Ерлер тойын, елдің тойын,
Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 23 жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Отан қорғаушыларға арнамақпыз.
Тәрбие сағатының І бөлімі “Тәуелсіз елдің қыраны” деп аталады.
Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері.
Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз.
Атыңнан айналайын, егеменді ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Ұландарым! Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Сақшысы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы
Келеді ұлан атанғым.
2 – бала: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасы;
Қорғайтын - ер боламын.
3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,
Ұланы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы,
Жалғаймын жолын Ағаның!
4 – бала: Буырқанып тұрса да барша маңым,
Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.
Қиындықты алмастай қиып өтіп,
Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.
5 – ұлан: Оқушымын бүгін мен,
Кіп-кішкентай баламын.
Ертең менде өскенде,
Ел қорғауға барамын.
6 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем
Капитан, қатал мінезі.
Сендерге достар, ант етем,
Генерал болам мен өзім.
3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр!
Бастайық енді ойынды.
Болу үшін нақ батыр,
Жаттығу аса қажетті.
4 – ұлан: Жауға басын имеген,
Жауыздықты сүймеген.
Ісіңе, Аға, еліктеп,
Ерлігіңді үйренем.
5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен,
Қырандар бірге самғаған.
Әзірге титтай болғанмен
Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!
6- оқушы Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер
7- оқушы Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар
8- оқушы Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
9 – ұлан: Жер бетінде тыныштық!
Жер бетінде туыстық!
Баянды бақыт Адамға!
Орнатуға Далаға!
Сәбилік таза көңілмен
Бәрі: Ант етеміз!
Ант етеміз!
Ант етеміз!
Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар,
Жас ұландар!
- Әрқашанда дайынбыз!
Ән «Туған жердей жер болмас»
Би «Сарбаздар»
Мұхтар Алтынбаев туралы слайд
Тәрбие сағатының ІІ бөлімі «Мен елімнің ұланымын» деп аталады. ІІ бөліміміз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді. Ал енді сайыс жоспарымен танысыңыздар. 1. «Кім білгір» сайысы 2. «Байланысшылар» 3. «Ең епті сапер» 4. «Үздік барлаушы» 5. «Әскери тапограф» 6. Командирлер сайысы
Сіздерге әскери комисариаттан повестка келді. 2 - топтың қайсы үздік шықса сол топқа әскер қатарына Отан қорғауға да дайын екенін анықтаймыз. 1 - конверт Әскери академиядан келген сіздердің білім, біліктеріңді тексерейік. 1 конверт сұрақтары оқылады.
Сұрақтар: 1-ші 5 сұрақ 1. Қазақстан Республикасы егемендігін қашан алды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар) 3. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы) 4. Қазақстанда 1942 - 45 ж ұлы соғысын басқарған ержүрек қолбасшы?(Б. Момышұлы) 5. Қазақстан Республикасы Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков және Шота Уалиханов)
2 - ші 5 сұрақ 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н. Ә. Назарбаев) 2. Суық қару түрлерін атаңыз. (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар). 3. Қазақстан Республикасының туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 4. Қазақстан Республикасы қарулы күштері , Ұландар күні қай күні тойланады ? (7 мамыр ) 5 Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
ІІ. Байланысшылар конкурсы: ұрыс алаңынан құпия сөз келіп жетті. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Саперлар сайысы: Екі командадан бір - бір сапер шығып, шарды үрлейді, кімнің шары ең үлкен болып үрленеді сол жеңімпаз атанады.
ІV. Барлаушылар сайысы: Әскери терминдердің әріптері адасып кеткен соны барлаушылар іздеп табуы керек.
V. «Әскери тапограф» сайысы. Бұл сайыстың шарты сайыскерлеріміз өздеріңнің мектептеріңнің картасын сызу. (Үстінен қарағандағы картасы)
VI. Командирлер сайысы: Сұрақ - жауап (әр командирге төрт сұрақтан). 1. Қазақстанның ұлттық ақшасы? /теңге/ 2. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? / 30 тамыз/ 3. Қазақстанның Астанасы қай қала? /Астана/ 4. Мақалды жалғастыр: a. Отансыз адам -... (ормансыз ағаш) b. Отан үшін.... (отқа түс)
1. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/ 2. Қазақстан халқының Президентін кім? Президент күні қай күн? /1/ХІІ/ 3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қай күні тойлайды?/ 16/ХІІ/ 4. Мақалды жалғастыр: c. Отан.... ыстық. (оттан) d. Туған жердей – (жел болмас) Туған елдей – (ел болмас)
Мұғалім: Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз: Көз тойғысыз қазағымның жері бар, Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар, Қазағымның елін, жерін қорғайтын Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар. Міне, осындай егеменді еліміз, Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз. Туған елін, туған жерін сүйетін, Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ата - аналар мен ұстаздарға алғысым шексіз.
Залда отырғандардың бәрі қосылып, “Әрқашан күн сөнбесін” әні орындалады. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!
Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.
Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.
Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны.
Ел шетіне жау келсе,
Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі.
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
Отансыз ұл – ормансыз бұлбұл.
Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас.
Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Ердің туы – намыс.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Шын ер жеңсе – тасымас,
Жеңілсе – жасымас.
Батылдықты айт, ерлікті айт,
Батырлықты айт, бірлікті айт.
Алтынбаев, МұхтарҚапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы.[1]
Мазмұны
[жасыру]
1Қысқаша өмірбаяны
2Марапаттары
3Әскери атағы
4Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
5Қазақстанның болашағы туралы болжамы
6Хоббиі
7Сүйіп оқитын әдебиеті
8Үйлік жағдайы
9Дереккөздер
Қысқаша өмірбаяны[өңдеу]
1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.
1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.
1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.
1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.
1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.
1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
1972—1975 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.
1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.
1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.
1985—1988 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.
1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады.
1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.
2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
2007 ж. қаңтардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Марапаттары[өңдеу]
Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.
Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.
АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді.[2]
Әскери атағы[өңдеу]
Әскери атағы - армия генералы. Әскери ұшқыш-мерген.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы[өңдеу]
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы[өңдеу]
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған экономикасы және кәсіби Қарулы Күштері бар, өркендеуші құқықтық демократиялық мемлекет».
Хоббиі[өңдеу]
Хоббиі - автомобильдер.
Сүйіп оқитын әдебиеті[өңдеу]
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.[3]
Үйлік жағдайы[өңдеу]
Үйленген. Жұбайы — Алтынбаева, Гүлбану Рахымбайқызы. Ұлы — Алтынбаев, Мүслім Мұхтарұлы, әскери қызметші.
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑
Алтынбаев, Мұхтар Қапашұлы
Армия генералы
Дүниеге келгені:
1945 желтоқсанның 10-ы Қарағанды
Мансабы:
Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары