kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мұзханшайым сарайында» атты жаңа жылдық сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сиқыршы: Артықбай Данагүл

Мұзханшайым: Сәрсенбаева Лариса

Сайқымазақ: 3б ата-ана Қитаманова Ә, 3а,3б оқушылары

Аю: Досыбай Ильяс 3а

Маша: Балғабаева Дильназ 3а

Доңыз: Шынарым Шынұзақ 2а

Тышқан: Жылқайдар Бағжан 2а

Түлкі: Боранбаева Гүлнұр 2а(ата -ана)

Қасқыр: Орақов Қайсар  3б

Қоян:Марат Әлішер3а

Мыстан: Отаралиева Бақытжан

Аяз ата: Жалғасбаев Мирас

Ақшақар: Тыныштықова Жайнагүл

Қарақшылар: Берентаева Эльмира, 3а,3б, оқушылар

Мысық: АбдуллаГүлденай 3а

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мұзханшайым сарайында» атты жаңа жылдық сценарий»

«Мұзханшайым сарайында» аты жаңа жылдық сценарий

Сиқыршы: Артықбай Данагүл

Мұзханшайым: Сәрсенбаева Лариса

Сайқымазақ: 3б ата-ана Қитаманова Ә, 3а,3б оқушылары

Аю: Досыбай Ильяс 3а

Маша: Балғабаева Дильназ 3а

Доңыз: Шынарым Шынұзақ 2а

Тышқан: Жылқайдар Бағжан 2а

Түлкі: Боранбаева Гүлнұр 2а(ата -ана)

Қасқыр: Орақов Қайсар 3б

Қоян:Марат Әлішер3а

Мыстан: Отаралиева Бақытжан

Аяз ата: Жалғасбаев Мирас

Ақшақар: Тыныштықова Жайнагүл

Қарақшылар: Берентаева Эльмира, 3а,3б, оқушылар

Мысық: АбдуллаГүлденай 3а


Ән -Ертөстік Асыл "Жаңа жыл"

(Жаңа жыл әнінің ырғағымен оқушылар шығып, шыршаны айналып тұрады. Оқушылар мұз ханшайымының сарайына келгендіктен мұз болып қатып қалады.)

(Музыка ойнап ортаға сиқыршы шығады)

Сиқыршы Артықбай Данагүл: - Балалар сендерге бір әдемі ертегі айтып берсем, тыңдағыларың келе ме? Мәссаған, мына оқушылар қатып қалыпты ғой. Бұл оқушыларды кім қатырды екен.

Олай болса бұларды әуелі ерітіп алайын сиқырлы таяғыммен.

(Сиқыршы сиқырлы таяғымен оқушыларды оятып алады.)

Міне, керемет енді балалар ертегі айтайын сіздерге.

Ертеде алыс бір өте ғажайып қалашықта мұздан салынған үлкен хан сарайы болыпты. Ол мекенге ешқандай тірі жан бармайды екен.Өйткені ол жерде адамға мейірімі жоқ, жүрегі мұздан жаратылған Мұз ханшайымы мекен етеді екен. Сол мұз ханшайымның сарайында жаңа жылдық кешімізді көңілді өткізіп, ханшайымның балаларға мейірімін, жылулық сезімін оятайық.Біздің қатқан себебіміз де, мұз сарайында тұрғандықтан.

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Ханшайымның сарайы неткен суық?

(Балалар таңырқап, жаурап жан-жақтарына қарайды.)

Мұнда неткен суық бойымызды жылыту үшін ән айтайық.

Хоровод: «Зырлайды шанамыз»

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.

Мұз ханшайымыСәрсенбаева Лариса:

Соқ,соқ боран қаттырақ,

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай-дүлей соқ боран,

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Сәлеметсіз бе, Мұз ханшайымы. Сіздің сарайыңызға келіп , шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы Сәрсенбаева Лариса: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солай ма?

Сиқыршы Артықбай Данагүл:: Жоқ, жоқ біз мына балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы Сәрсенбаева Лариса: Мен ешқандай кідіре алмаймын. Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.Мен келгенше сарайымды босатыңдар.(Мұз ханшайым кетіп қалады)

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Қап , әттеген ай қазір келетін Аяз ата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(Сақ-сақ күлген дауыстар естіліп, сахнаға сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ Қитаманова Әсем (3б ата анасы):

Уа, халайық , жараңдар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар

Уа, халайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы. Жаңа мұз ханшаймы келіп, көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Би: Сайқымазақтар биі 3 а, 3 б сынып оқушылары

Сайқымазақ Қитаманова Әсем (3б ата анасы) : Олай болса не тұрыс шырша шамдары да жағылмаған.Кәне бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.

Раз, два, три

Елочка гори.

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

(Шырша шамдары жанады)

Сайқымазақ Түйтенов Ислам 3б: Енді олай болса шыршаның құрметіне би билейік.

Би: Шырша биі (2а сынып оқушылары)

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата.

Сиқыршы Артықбай Данагүл:Жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, ақша қар 3 рет

Айбат 2А: Қуаныңдар ағайын,тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аяз ата мен ақша қар келеді)

Сиқыршы Артықбай Данагүл:

Армысың Аяз ата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым,

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата Жалғасбаев Мирас:

Ау, амансыңба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерірің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар Тыныштықова Жайнагүл:

Ал, кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс қап.

Би: "Ақша қар" биі 3а, 3б оқушылары

Аяз ата Жалғасбаев Мирас:

Ой қандай керемет қарша қыздарым. Менің де кішкентай ізбасарларым бар еді. Қане біз де ақша қарлардан қалыспай өнерлерімізді көрсетіп жіберейік.

Би: "Аяз ата" 2а сынып оқушылары

Ақшақар Тыныштықова Жайнагүл:

-Ата біздің тышқан жылымыз көрінбейді ғой.

-Балалар тышқан жылын көрдіңдер ме?

-Жоқ

(Мысық тышқанды қуып, залға кіреді)

Ақшақар Тыныштықова Жайнагүл: Тоқта мысық, тышқанды неге қуып келесің. Балалар жаңа жылды асыға күтіп отыр ғой. Биыл тышқан жылы екенін билмеуші ме едің.

МысықАбдулла Гүлденай 3а: Балалар, 2020 жылда келіп қалған ба?

Балалар: Иә

Мысық Абдулла Гүлденай 3а: Күн болса аяз менің қарным аш, тышқанды көріп қарнымды бір тойдырғым келген.

Ақшақар Тыныштықова Жайнагүл: Біз мұнда Мұзханшайым сарайында жаңа жыл кешін тойлап жатырмыз. Бізбен бірге қалып көңіл көтер.

Мысық Абдулла Гүлденай 3а: Балалар, кешіріңдерші жаңа жылды ренжеткеніме

Сиқыршы Артықбай Данагүл:

Қош келдің Жаңа жыл

Қуанышпен шаттыққа кенелейік

Жадырап би билеп тербелейік

Төрлет, төрлет халқымның Жаңа жылы

Тышқан Жылқайдар Бағжан:

Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба?

Мен- Жаңа жылмын

Мен-Жаңа нұрмын

Мен-жаңа жырмын

Баршаңызбен біргемін

Тағат таппай күткенің

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Бұл тышқанның жылы еді

Әкелемін баршаға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Доңыз Шынарым:

Қарақтарым,қанаттарым

Амандықпен жүздесейік

Тышқан жылы ізбасарым

Қолыңа ал барлық істі

Қанат бітір қанатсызға

Көркейт елді, бол құтты.

Қимасақта өздеріңді

Қоштасатын шақ жетті.

Қош сау болыңдар балалар.

Балалар: Қош сау болыңыз доңыз жылы

(Доңыз кетеді)

Аяз ата Жалғасбаев Мирас:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағыда алға басамыз

Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.

Тышқан:-Мен сіздерге өзім келген жоқпын. Менімен бірге кішкентай тышқандарда келді.

-Кәне, өнерлеріңді көрсетіңдер, балаларға арнап би билейік.

Би: "Тышқандар биі" 2а оқушылары

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Құрметті балалар, аяз ата, ақша қар жаңа жыл тышқанның құрметіне Айзере қызымыздың әнін тамашалайық.

Ән: Новый год Жайлау Айзере 3 а

Тақпақтар:

2А Томирис Спешит на ёлку Дед Мороз -
Он не устал и не замёрз,
Ведь быстрые салазки
Везут его из сказки

2А Абдулла: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2А Нұрхан: Жұпар иісі аңқиды

Апамды да мәз қылды

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

2а.Әлихан Б. Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

2а. Әлихан М. Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

2а.Нұрислам Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың.

2аМадина:Шыңдарды, құздарды,

Шаңғымен сызалық.

Елемей ызғарды,

Жаңа жыл бәйгесін

Келейік біз алып.

2аБаубек : Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

3аИльяс:Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

3аЕркеназ:Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда

3аСағадат:Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.

3аАманбек: Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

3бӘлихан:Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

3бҰлықбек:Кел бидейік сенімен

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе ақша қар

Адамдардың демімен

3аАйша: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

3аРолан:Боранмен буып белді.

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін

Нұрға бөлеп біздің елді

3а Адия: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

3аЖасұлан: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

Аяз ата Жалғасбаев Мирас:

Ооо жарайсыңдар балаларым. Ендеше барлығымыз шыршаны айнала шырша жырын айтайық.

Хоровод : Шырша жыры

1.Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан бос қалмайық

Шырша жыры самғасын

Ал достарым келіңдер

Келді аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Қ-сы

Шырша жырын айтамыз

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

2.Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында аяз ата жүр

Қуанады балаша

3.Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдаймереке

Таба берсін жалғасын

(Музыка ойналады боран дауысы естіледі)

Маша Балғабаева Дильназ:Мен қайдамын, қайда келдім?

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Сен біздің жаңа жылдық кешімізге келдің?

МашаБалғабаева Дильназ:Аю, аю қайдасың? Балалар, аюды көрмедіңдер ме?

(Бір кезде қорылдаған аюдың дауысы естіледі).

МашаБалғабаева Дильназ: Мынау аюдың дауысы ғой. (Маша үйшікті қағып, аюды оятады). Үйшіктен ұйқылы ояу аю шығады.

Аю Досыбай Ильяс: Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, айқай шу?Мені ұйқымнан ояттыңдар гой.

МашаБалғабаева Дильназ: Бірге шырша іздейміз деп едік. Тағы ұйықтап қалдың ба?

Аю Досыбай Ильяс: Иә

МашаБалғабаева Дильназ: Аю,аю бізде балалармен бірге болайықшы. Мұнда көңілді екен. Ойын ойнап, би билейміз.

Аю Досыбай Ильяс: Маша, сен балалардың мерекесін бұзасың, жүр кетуіміз керек.. Жүр,жүр

(Аю қолынан сүйрейді. Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Сосын жылайды.)

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Маша жаңа жыл кешінде жылауға болмайды. Аю екеуің қалып бізбен бірге Жаңа жыл кещін тойлаңдар..

Аю Досыбай Ильяс: Жарайды онда, қалсақ қалайық.

(Осы кезде залға қарақшылар кіріп, бәрі айқайлап-шулап келеді де шыршаны бір айналып тұрады)

1-қарақшы Берентаева Эльмира

Қандай керемет зәулім сарай, осы еді гой біздің іздегеніз. Үлкен байлыққа кенелетін болдық.Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап. Біздің байлығымызға ортақтасатын болды. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.

Сиқыршы Артықбай Данагүл:

-Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерден ешқандай ақша, алтын таба алмайсыңдар, бұл жердегі байлық біздің мына балаларымыз. Сіздер басқа жаққа барып байлық іздеңдер.

ҚарақшыСағымбаев Нұрәли

(ашуланып,атып тұрып)

-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын. Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?

(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)

Қарақшы Тағыбергенова Нұрхан:

-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл. Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,байлық жоқ дейді.

Малика ортаға шығып 3 а:

-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер мерекемізде болыңыздар.

Қарақшы Төреханов Омар:

-.Жарайды келістік.Сендер бір әдемі өлең айтыңдар

Хоровод«Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.

(Шыршаның екінші жағынан түлкі мен қасқыр қоянды жеуге екеуі екі жағынан сүйреп келе жатады)

Қоян Марат Әлішер 3а: Ағатай, апатай жемеңдерші мені

Қасқыр Орақов Қайсар 3 б: (Тоқтап қалып) Мында жылаған баланың даусы шығып жатқан сияқты. Мә, түлкі қоянды өзің же, мен мына жылаған баланы тауып алып соны жеймін.

Түлкі Боранбаева Гүлнұр 2а ата анасы: (Қоянды босатып жібереді, қоян қашып кетеді) Менде, кім жылаған баланы тауып алса сол жейтін болады. (Түлкі мен қасқыр жылаған баланы тауып алады.)

Аю Досыбай Ильяс: Мен аюмын қорбаңдаған

Қарсы келмес ешкім маған

Маша қызға тиген жанды

Ешқашан да аямағам

Түлкі, Қасқыр: Аю аға,ашуыңызды басыңызшы

Сиқыршы Артықбай Данагүл:Мұндай көңілді кеште бір-бірімізді ренжітпейік, одан да осы балалармен қосылып жаңа жыл кешін тойлайық.

Бәрі: Жарайды

ТүлкіБоранбаева Гүлнұр 2а ата анасы:

Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні?

Жаңа жылда бұл күні

Алдамаймын, алдамаймын ешкімді!

(жан-жағын иіскелеп)

Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын қарашы . Қоянның иісі ма десем, мына жиналған балалар екен ғой. Қап, жаңа алдамаймын деп айтып қойып едім. Бірақ болмайды қарным ашып тұрғаны. Көп баланың ішінен 1-2 баланы алып кетсем ештеңе өзгере қоймас.Жүрші менімен, бұдан да қызықты думанға, кең сарайға, сыйлығы көп жерге апарамын, жүрші,- деп алдай бастайды.

Ойыншы: Түлкі бикеш сен жаңа уәде бергенсің, жүр оданда балалармен бірге ойын ойнайық.

Ойын: Мандарин

Ойынның шарты: Аяз ата, ақша қар бір команда, Түлкі, қасқыр, аю бір команда. Әр команда өздеріне 5 ата-ана 5 оқушы алып шығады. Корзинада тұрған мандариндерді аяқтарына байпақ киіп, келесі корзинаға салып жинау керек. Уақыт аяқталған сәтте ойын тоқтатылады.

Мұзханшайымы Сәрсенбаева ЛарисаМына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар !

Аяз ата Жалғасбаев Мирас:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ Ададосов Нұрдаулет: 

Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы Сәрсенбаева Лариса: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекенсіңдер.

( Мыстан кемпір бір топ цыгандармен келеді.)

Мыстан кемпір: Әрине жібітеміз, жібітеміз. Маэстро музыку

Би: "Цыгандар биі ата-аналар " биі

Мұз ханшайымы Сәрсенбаева Лариса: Менің мына биден кейін көңілім жайланды. Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын.

Аяз ата Жалғасбаев Мирас: Жыл басы мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де мерекелі жыл болсын! Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақыт та жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар! (Аяз ата, Ақшақар, шығып кетеді)

Мыстан кемпір Отаралиева бақытжан: Бар, бар алжыған шал. Бұл шал қартаяйын деген, мені тіпті байқамай да қалды. Ха-ха-ха

Сиқыршы Артықбай Данагүл: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз ғой. Балалар да соны қалайды , Солай ма балалар.

Мыстан Отаралиева Бақытжан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді баратын жеріме жылдам жететін болайын. Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады. Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің денелеріңді ұстауларың керек. Алданған бала айыбын өтейді.

Мен мұрнымды ұстадым! 1,2,3 (құлағын ұстайды)

Мен басымды ұстадым! 1,2,3 (өзі иығын ұстайды)

Мен аяғымды ұстадым! 1,2,3, (өзі белін ұстайды)

Мен қолымды жасырдым! 1,2,3 ()

Сиқыршы Артықбай Данагүл:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

Хоровод: Жаңа жыл

Көк шыршамыз ырғалып

Жатыр дала-қыр нағып

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып

Жарасатын еліме

Төрлет жылым төріме

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне

Қ-сы

Жаңа жыл Жаңа жыл Жаңа жыл

Ақ көрпесін жамылды ғой дала қыр

Жаңа жыл Жаңа жыл Жаңа жыл

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр

Шыршамызға шам жағып

Қараймызғо тамсанып

Би билейік ал кәнекей ән салып

Аяз ата әніміз

Ақшақарың сәніміз

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз

Күлімдесін күніміз

Жалындасын жүзіміз

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз

Жаңа жылым шаттығым

Арайланып атты күн

Тілейікші елімізге сәтті күн

3б Әсемай: Жаңа жылым жаңа жауған қардай бол,

Жақсы тілек адамдарға арнай біл

Қуат алып әр жыл сайын арманым

Биіктерден биіктерге самғай біл.

3бЗарина:Жаңа жыл-туған елдің даналығы

Жаңа жыл-тұнық көзі тыныштықтың

Жаңа жыл ұлы ақынның жыр кемесі

Жаңа жыл бұл жаңа нұр.

3б: ИнабатЖаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен ,жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз

3бҚызғалдақ:Келді міне жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді.

3б Камила : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

3б Қайсар:Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады  қатады

Жып жылтыр болып жатады.

Сиқыршы Артықбай Данагүл:

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Ән: "Новый год" Жанерке 2 а


Ойыншы: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Мектебіміздің жаңа жыл қарсаңында керемет безендірілуіне атсалысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс жариялау үшін ортаға біздің шыршамызды бақылаушы директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Қали Раушан Досымқызына сөз беріледі.





































Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы


3 «А» класс оқушылары


Оқушының аты-жөні


Киетінкостюмі

Номері

1

Абдулла Гүлденай

Ақшақар, мысық

"Ақшақар" биі, мысық сөзі

2

БалғабаеваДильназ

Ақшақар, Маша

"Ақшақар" биі, Маша сөзі

3

БакиеваАйша

Ақшақар

"Ақшақар" биі тақпақ

4

Досыбай Ильяс

аю

аю сөзі, тақпақ

5

Жайлау Айзере

Ақшақар

"Ақшақар" биі

Ән "Новый год"

6

Жақсығалиев Мәди

Сайқымазақ

"Сайқымазақ" биі

7

Жетпісбаева Малика

Ақшақар

"Ақшақар" биі

8

Жұбатқанов Сағадат

Сайқымазақ

"Сайқымазақ" биі тақпақ

9

ЖұмабекЕркеназ

Ақшақар

"Ақшақар" биі тақпақ

10

Мақсат Кәусар

Ақшақар

"Ақшақар" биі

11

Марат Әлішер

Сайқымазақ, қоян

"Сайқымазақ" биі,қоян сөзі

12

Мұратқанов Жасұлан

Доңыз

тақпақ

13

НұрлановаАйару

Ақшақар

"Ақшақар" биі

14

НұрланұлыЕрасыл

Пират

Пират би"

15

Сағынбаев Нұрәли

Пират

Пират би"

16

Сарсенбай Роллан

Пират

Пират би" тақпақ

17

СәндібекАманбек

Пират

Пират би" тақпақ

18

СембайАдия

Ақшақар

"Ақшақар" биі тақпақ

19

Тағыберген Нұрхан

Пират

Пират би"

20

Төрехан Омар

Пират

Пират би"

21

Ұйқыашар Нұргелді

Пират

Пират би"

22

ІзбасароваФариза

Ақшақар

"Ақшақар" биі


Хоровод:

1. Зырлайды шанамыз

2. Шыршы жыры

3. Орманда шырша туыпты

4. Жаңа жыл

Би:

1. "Сайқымазақ" биі

2. "Шырша" биі

3. " Ақшақар" биі

4. "Аяз ата" биі

5. "Тышқандар" биі

6. Цыгандар биі

Әндер:

1. Ертөстік Асыл "Жаңа жыл"

2. Жайлау Айзере "Новый год"

3. Жанерке Новый год


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Мұзханшайым сарайында» атты жаңа жылдық сценарий

Автор: Артықбай Д.М, Дәрменқұлова Л.Ж, Берентаева Э.Қ.

Дата: 28.12.2019

Номер свидетельства: 533851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства