Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық.
2 – бала:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
1-жүргізуші: Бізді өсірген анашым, Еңбегің де зор екен. 2-жүргізуші: Құтты болсын, анашым, Құтты болсын мерекең!
1-жүргізу
Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен, Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен. Өрлесем елің берген бақыт бағың, Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
2-жүргізу
Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған;
1-жүргізуші
Аялы қолды талпынтқан, Қаймақты сүттей қалқытқан; Суық болса жөргегін, Қорғасындай балқытқан;
2-жүргізуші
Айналасына ас қойып, Изенді көлдей шалқытқан; Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан Айналайын анамнан
1-жүргізу
Анам мені: «Айым» - дейді, Мен мұңайсам, уайым жейді, Анам мені: «Күнім» - дейді, Мен қуансам, күлімдейді.
2-жүргізу
Әлемдегі ақылды адам, Бәрінен сол жақын маған! Ол жанымда жүрсе ,мен де, Батырларша батылданам.
1-жүргізуші
Мәпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қажымай.
2-жүргізуші
«Күнім»,- дейсің мені, Күн мейірі сенде. Күннің ыстық лебі, Құшағыңа тең бе? Айналайын ,ана! (бірге)
1-жүргізуші
«Жаным»,- дейсің мені, Жаратушым бір сен. Жалғыз өзің тегі, Жанашырым білсең. Айналайын ,ана! (бірге)
2-жүргізуші
«Құлыным», - деп мені, Құрақ ұштың дәйім. Қамқоршым-ау, сені Қалай ұмытайын. Айналайын ,ана! (бірге)
1-жүргізуші
Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа Кәмпит алып келеді. Әжем мені, өйткені, Өте жақсы көреді.
Сахналық көрініс «Әжесі мен Райгүл» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің? - Мен! - Тірегім кім менің? - Мен! - Сәнім кім менің? - Мен! - Ботақаным, бағлан қозым, Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің! - Жоқ, әже, қарғаң мен емес! Жо... жоқ, қарға болмаймын, Керегі жоқ ондайдың. Қарға «қарқ-қарқ» етеді, Алысқа ұшып кетеді. Қасыңда боп әрдайым, Мен ешқайда бармаймын.
1-жүргізуші: Болар күнде алаң, Жанашыр кім саған? Бәрі:Ана
2-жүргізуші: Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? Бәрі:Ана
1-жүргізуші: Таң қалғандай ғалам, Кім ең сұлу адам? Бәрі:Ана
2-жүргізуші: «Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам? Бәрі:Ана
тақпақтар
1-жүргізуші
Жамандықтан сақтандырып, Жақсы ісімді мақтан қылып. Мәпелелеген ақ мамамды, Жүрсем деймін шаттандырып.
Айналайын, анашым, Көкте нұр боп жанасың. Ет жүрегің елжіреп, Құшағыңа аласың.
2-жүргізуші
Айналайын, анашым, Аялайсың, бағасың. Менің үшін не керек – Бәрін іздеп табасың.
1-жүргізуші
Көктемде көңілді, Құстар кеп жатқанда. Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға.
2-жүргізуші
Гүл ектік аулаға, Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да, Ақ гүлдер өрілді.
1-жүргізуші: Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей Ақ сүтіңді ақтармын.
2-жүргізуші: Көрсетемін күллі елді, Жарық етем түндерді. Өсіріп мен сыйлаймын Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.