kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? Отаным - ?аза?стан" шы?армашылы? бай?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л бай?ау 4-сыныптар?а арнал?ан. Ма?саты: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, ой ?ш?ырлы?ын, шы?армашылы?ын арттыру. К?рнекі іс - ?рекеттік, с?здік - логикалы?, ойлау ?рекеттерін дамыту, шы?армашылы? ?абілеттерін ?алыптастыру. О?ушыларды шапша?ды??а, икемділікке, ?жыммен ж?мыста ?йымшылды??а, жауапкершілікке, белсенділікке, ту?ан жерін, Отанын ??рметтеуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? Отаным - ?аза?стан" шы?армашылы? бай?ау»


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Теміртау қ.әкімдігі «Теміртау қаласының білім беру бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
























Өткізген бастауыш сынып

мұғалімі Исаева А.С.









2015-2016 оқу жылы



Уақыты: 23 желтоқсан. сағат 11.30

Қатысушылар: 4-сыныптар

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, шығармашылығын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке, туған жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: шығармашылық байқау
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: слайд, әр топта фломастер, плакат, түрлі түсті қарындаштар.
Ұйымдастыру кезеңі:  

- Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! 4-сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Менің Отаным – Қазақстан» атты шығармашылық байқауға қош келдіңіздер!

Бұл байқауды өткізу мақсатымыз оқушылардың Отанға, туған жерге деген құрмет сезімін арттыру, шәкірттердің білім деңгейін, шығармашылығын зерделеп, сарапқа салу, талантты, білімді оқушылардың талабын шыңдау.

Бүгінгі сайысқа 4-сыныптарының білімді, өнерлі оқушылары қатысады. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысады.

Айналайын, бір өзіңнен дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер ұландармен,

Сәтте келіп қалғандай танысатын.-дей келіп «жеті атасын білмеген жетесіз»-деп дана халқымыз айтқандай білгірлеріміз өздерін таныстырсын.


Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1. Бастауыш сынып мұғалімі Майдабекова Т.К.

2. Бастауыш сынып мұғалімі Ермаханова А.С.

3. Бастауыш сынып мұғалімі Омаркасова Г.Т.

4. Бастауыш сынып мұғалімі Бекназарова Р.У.

Ал енді байқауымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1 - айналым. «Білгенге маржан»
2 - айналым. «Туған жерге байланысты ән-жыр»
3 - айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
4 - айналым. «Атам айтқан даналық сөздер»
5 - айналым. «Қылқалам шебері»

6-айналым. «Жырлайды жүрек»

Байқауға қатысатындарға іске сәт!

Алдымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты шығармашылық байқауды бастамас бұрын, әр топтың басшылары келіп, бес түсті конвертті таңдайды. Сол конвертте әр топта айналым тапсырмалары бар. Таңдаған конверттегі тапсырмаларды әр айналымда орындайды.

Жүргізуші:

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде.-дей келе «Білгенге маржан» айналымын бастайық! Мақсаты: бұл айналымда әр топқа 4 сұраққа тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қызыл:

1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2. Қостанай неге бай аймақ? (бидай)

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында бейнеленген қыран құсы нені білдіреді? (ұзақ ғұмыр, биікте болу)

4. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)

5. Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам)

6. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл өзені)


Сары:

  1. Қазақстан халқы алғаш рет өзінің Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1 желтоқсан)

  2. Шымкент неге бай аймақ? (мақта)

  3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалатын рәміздің бірі (Гимн)

  4. EXPO-2017 Халықаралық көрмесі қашан және қай қалада өтеді? (2017 жылы Астана қаласында)

  5. Үкіметті кім басқарады? (Премьер – министр)

  6. Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)


Көк:

  1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді? (теңге, 1993 жылы 15 қараша)

  2. Қызылорда неге бай аймақ? (күріш)

  3. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. Бұл қандай рәміз? (Ту)

  4. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа алғаш самғаған қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  5. Заң шығарушы орган (Парламент)

  6. Бәйтеректің биіктігі қанша метр? (97 метр, себебі 1997 жылы Алматы қаласы Астана қаласына ауыстырылды)


Жасыл:

  1. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992 жылы 4 маусым)

  2. Атырау неге бай аймақ? (мұнай)

  3. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген рәміздің бірі? (Елтаңба)

  4. Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті жүргізген, үш бидің басын қосқан хан кім? (Абылай хан)

  5. Ел басқару саласындағы ең басты тұлға? (Президент)

  6. Президент резиденциясын атаңдар (Ақ Орда)

Күлгін:

  1. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995 жылы 30 тамыз)

  2. Қарағанды неге бай аймақ? (көмір)

  3. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтар)

  4. Қазақ хандығына неше жыл толды? (550 жыл )

  5. Қ.Р-ның азаматтары қандай білім алуға міндетті? Орта білім

  6. Астананың бойтұмары (Бәйтерек)


Жүргізуші: «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» деп Абай атамыз айтқандай келесі сайысымыз «Туған жерге байланысты ән жыр» деп аталады. 

 Мақсаты: бұл айналымда әр топқа орындары ауысып тұрған өлең жолдары беріледі, олар 1 минуттың ішінде өлең жолдарын құрап оқиды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


Қызыл

Кәрісін және жасын да.

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да.

Сүйемін думанды елімнің,

Мұқағали Мақатаев. Сүйемін, өскен Отаным.

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да.

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасын да.


Сары

Қарыздармын сондықтан,

Беремін талай жырымды.

Жылысып өткен жылыңды.

Сүйемін, өсен Отаным,

Мұқағали Мақатаев. Сүйемін, өскен Отаным.

Сүйемін, өсен Отаным,

Жылысып өткен жылыңды.

Қарыздармын сондықтан,

Беремін талай жырымды.


Көк

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз.

Сертің асы азат жігіт, азат қыз!

Қас тағдырдың қиқанына көнбейміз,

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,


Қасым Аманжолов. Қазақстан

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз.

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қас тағдырдың қиқанына көнбейміз,

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

Сертің асы азат жігіт, азат қыз!


Жасыл

Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.

Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,

Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.

Туған жер

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,
Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.
Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,
Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.


Күлгін

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым!

Қазақстан

Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым!


Сергіту сәті.


Жүргізуші:

«Тапқыр болсаң, тауып көр» айналымы. Әр топқа сипаттама берілген ғимараттар суреті беріледі, сол суреттің атауын атау керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Қызыл: «Думан» ойын-сауық орталығы

Астананың сол жағалауында 3D-кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалды зал, қонақ үй кешені, дәмханалар желісі, сауда залдары, балалар ойын алаңы және бірегей мұхитаралы бар кешен орналасқан. Мұхитаралдың бас тоғанының көлемі 3 миллион литр теңіз суын құрайды. Теңіз суын дайындау үшін жыл сайын 120 тоннаға жуық арнайы теңіз тұзы пайдаланылады. Мұнда Жер шарының әр түрлі теңіз фаунасының 100-ден астам түрінен 2000-нан астам теңіз мекендеушілері мекендейді. Бұл қандай ғимарат?



Сары: Хан-шатыр

Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба, Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталатын, тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайтын, әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл- орталық болып саналатын ғимарат?



Көк: Ақ Орда

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған. Бұл қандай ғимарат?



Жасыл: Нұр Астана мешіті

Құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылы пайдалануға берілді, Есілдің сол жағалауындағы алтынмен апталған бас күмбезінің биіктігі 43 метр болатын, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, іргетасы бетоннан, қабырғасы пеноблоктан тұрғызылған. Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар, орналасқан жердің көлемі 6,7 гектар. Төрт жолдың торабында орын тепкен ғимараттың жалпы алаңы 3631,5 шм.
Бұл ғимарат Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылды. Бұл қандай ғимарат?



Күлгін: Цирк

Есілдің сол жағалауында ерекше сәулеттік ойдан туындаған астаналық ғимараты орналасқан. Дөңгелек ұшу обьектісі пішініндегі бұл ғимарат қала тұрғындары арасында «ұшу тарелкесі» аталып кеткен. Оның аренасы диаметрі 13 метр болатын, ал оның тостағанының жалпы алаңының диаметрі 92,6 метрді құрайды. Ол 2 000 адамға шақталған. Бұл қандай ғимарат?



Жүргізуші: «Атам айтқан даналық сөздер» айналымның мақсаты – әр топқа қиылған буындар берілген, сол буындардан мозаика жасаса, Отан, туған жер туралы мақал – мәтел шығады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.


Қызыл: Егесіз ел азар, иесіз жер тозар.


Сары: Сағынған елін аңсайды, Сарала қаз көлін аңсайды


Көк: Ердің көркі – елімен, Отан көркі – жерімен.


Жасыл: Отан үшін күрес, Ерге тиген үлес.


Күлгін: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.


Жүргізуші: «Қылқалам шебері» айналым. «Болашақтағы Қазақстан» тақырыбында шығармашылық кезеңді бастайық. Топпен ақылдаса отырып, алдарыңызға берілген құрал-жабдықтардан өз қиялдарыңыздан жаңа Қазақстан суретін салып және оны қорғайсыздар. (10 мин)


Сергіту сәті.


Жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл. Ендеше ақынның Отанына, туған жері, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік. Келесі «Жырлайды жүрек» айналымына да жеттік. Әр топқа берілген үй тапсырмасы тексеріледі. (Отан, туған жер туралы өлең айту)


Мұғалім:  Туған еліміздің мерейі өсіп, абыройы тасқаның көруден артық қуаныш та, бақыт та жоқ болар бәлкім! Сол мерей мен сол абырой әлемдік деңгей мен әлемдік дәрежеде болып жатса, неге қуанбасқа?! Бүгінде әрбір Қазақстандық «Біздің мақтан тұтатын қасиетті тарихымыз бар, біздің сүйікті Отанымыз бар» деп бар дауысымен айта алады.

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдатқан,

Міне осындай Қазақстан деген ел.

Әлемге атын жайылсын жарқын,

Жасай бер,жаса ҚАЗАҚСТАН!

Баянды болсын бақытың,халқым,

Жасай бер,жаса Қазақстан !

«Менің Отаным – Қазақстан» атты шығармашылық байқау аяқталды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мені? Отаным - ?аза?стан" шы?армашылы? бай?ау

Автор: Исаева Алтынай Саматовна

Дата: 26.12.2015

Номер свидетельства: 270387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства