Міне біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді. Біздің шаттық щеңберге қарашы қандай керемет. Оның сиқыры бар (түрлі түсті дөңгелек) Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударып қарасаңдар, бір құпия табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: арттарындағы суреттен сендер бір-біріңмен қалай амандасу керек екенін көресіңдер. Егер күлкі белгіленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қарайық, алақан белгіленсе қолымызды қысып амандасайық, жүрек болса құшақтасайық, күн болса жақсы ықыласпен сәлемдесейік.
І. «Әдептілік- адамгершілік әліппесі»
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң әрқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсен келе ата-анаңның, отаныңның мақтанышы боласың.
Топтастыру
Жақсы бала- білімді, мейірімді, шыншыл, тәртіпті, ұқыпты, таза жүреді, әдепті
Жаман бала- тіл алмайды, нашар оқиды, өтірікші, еріншек, әдепсіз
Сезім: Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде,
Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін анама айтып өкпесін
Ғиззат: Су құйдым қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен орамалын әкелдім
Ғалия: Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де Үлкен болған кезінде
Аслан: Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні
Сақтап көше тәртібін Бағдаршамның ал тілін
Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.
Назым: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол-әдепсіздік.
Ұлжан: Аяулы анамен ардақты әке алдында дауыс көтермей сөйлеу керек. Ол кішіпейілділік, әдептілік болып табылады
- Сабақтан кешігуге, Ысқыруға, Ауызды ашып есінеуге, сыныпта айқайлауға болмайды
«Не істеу керек?»
-Үлкенге ізет, кішіге құрмет, қол беріп амандасу, аналар мен қыздарды құрметтеу, қателігін мойындау, досқа адал болу, сабақты жақсы оқу, тәртіпті болу керек
Сергіту сәті Мынау- менің жүрегім, бәрі осыдан басталған
Мынау- басым ақылды, бәрін осы басқарған
Мынау – менің оң қолым, мынау- менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
ІІ. Мейірімділік – асыл қасиет
Ойын «Мейірімді жүрек» әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы Сен мейірімдісің, Сен кішіпейілсің, сен әдемісің, сен қайырымдысың, сен ізеттісің ....
Күлімдеген күн мейірімді, Таза мөлдір су мейірімді,
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді, Аяулы анам мейірімді,
Ал енді бір-біріңе қарап, ұқсастықтарын мен айырмашылықтарыңды айтыңдар?
Өзіммен-өзім
Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған, бір-бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар. Бәрің әдемі, сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Енді әрқайсысымыз армандап көрейікші. Жайлы музыка әуені орындалады.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Алдымен қыздардың армандарын, содан соң ұлдардың армандарын тыңдайық.
ІІІ. «Қайырымдылық – жылы жүректен»
Қайырымдылық - өзіңнен кішіге, жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек беру.
Суретпен жұмыс.
Жағдаятты талдау
Анар мен Асылай сабақтан қайтып келе жатты. Алдарынан қолында ауыр сөмкесі бар көрші әжей кездесті.
Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының , жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің қандай адам болғаны?
Меруерттің бойына қандай қасиеттер жетіспейді, - деп ойлайсыңда
ІV. «Күлкі-көңіл ажары»
«Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті. Күлкі өте ақкөңіл, сүйкімді, қайырымды болыпты.Барлық адамдар оны өз үйінде көргендеріне қуанады екен, Оны қонаққа шақырып, достасуға тырысады. Күлкі қай жерде болса, сол жерде күннің нұрын шашып, құстар ән салып, төңіректің бәрі көріктенеді екен. Ал, Ашу болса-қабағы қатулы, ешнәрсеге көңілі толмайды. Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен. Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты»
Тыңдайық-ойланайық
Неліктен адамдар Күлкіні жақсы көреді?
Ал, неге адамдар Ашуды ұнатпайды?
Сендер қалай ойлайсыңдар Күлкі мен Ашудың қайсысы мейірімді?
Күлкі мен Ашуды қимылмен көрсету.
Достарыңмен жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол. Сәлемдескенде күлімде. Біз күлкі арқылы денсаулығымыз бен бізді қоршаған ортаны сақтай аламыз.
V. «Сиқырлы сөздер әлемі»
Балалар, біз сиқырлы сөздер әлеміне келдік. Бізді»сиқырлы сөздер әлемінің» ханшасы күтіп тұр. Балалар мен сыпайылар елінен келіп тұрмын.. Сол елдің ханшасымын. Біздің елдің тұрғындары бір-*біріне тек сіз деп сөйлеседі. Бәрі бір-бірін сыйлап, сыпайы сөйлейді. Мен сіздерді тексеруге келдім Қазір сіздерге сиқырлы сөздер беремін. Оны қай уақытта, кімге айту керектігін айтыңдар. «рахмет», «кешіріңіз» «рұқсат па?»
Қорытындылау Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де, алысты жақын, тікенді гүл ететін де ақылы. Ақылсыз өмірдің еш мәні жоқ.. Ақыл адамды әдептілікке бастайды. Тәкәппар болма, сыйлағанды сыйлай біл. Айтқан сөзді тыңдай біл.