«Мен 2030 жылы кім болам ? » мазм?нды р?льді ойын.
«Мен 2030 жылы кім болам ? » мазм?нды р?льді ойын.
«Мен 2030 жылы кім болам» деген баланы? с?билік ж?ректеріне ?иял ?ажайып сезім ояту болаша?та «Кім болам» деген ой ту?ызу ма?сатында ?азіргі бір маман иесі болып, басшы болып еліне, хал?ына е?бек етіп отыр?ан а?а – апаларына ??сап болаша?та ?міт артарымыз ол бізді? б?гінгі б?лдіршіндерімізді орта?а ша?ырамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мен 2030 жылы кім болам ? » мазм?нды р?льді ойын. »
«Мен 2030 жылы кім болам ? » мазмұнды рөльді ойын.
«Мен 2030 жылы кім болам» деген баланың сәбилік жүректеріне қиял ғажайып сезім ояту болашақта «Кім болам» деген ой туғызу мақсатында қазіргі бір маман иесі болып, басшы болып еліне, халқына еңбек етіп отырған аға – апаларына ұқсап болашақта үміт артарымыз ол біздің бүгінгі бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Өздеріңіз білесіздер ел басы Н.Ә.Назарбаев «Біз өз балаларымызды , немерелерімізді сонау алыс болашақта олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді ? Олар әл – ауқатты өмір сүреме, дендері сау әрі білімді білікті бола ма ? » Олар жақсы әрі озат қоғамда өмір сүре ме.Біз осынау қарапайым бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз» - деген .Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таныстыра отырып, 2030 жылы аманшылық болса ақыл – ойлары білімі жетілген түрлі білім ошақтарынан жоғары білім алып, өз отанына туған еліне, жеріне қызмет етуге жалындаған от болған, жігерлі жастардың іске кіріскен кезі 2030 жылдың жастары бүгінгі балабақша түлектерін біздің кешіміздің қонақтары. Біздің кешімізге қош келдіңіздер!
Құрметті көрермендер, кешіміз тікелей өтіп жатыр, сұрақтарыңызбен ұсыныс пікірлеріңіз болса хабарласыңыздар.
«Болашақ» степендиясының иегері Муса Мерей Айдосқызын ортаға шақырамыз.
Сұрақ : Мерей Айдосқызы қандай оқу орнын бітіріп, қазіргі қай елде жұмыс жасап жатырсың және алдағы уақыттағы мақсатыңыз қандай?
Жауап : Мен Айдосқызы Мерей «Болашақ» степендиясының иегерімін. Алматы қаласындағы Қазақ экономика менеджмент және болжау институтын ағылшын тілінде оқып бітіріп, қазір Америкадамын. Америкадағы мақсатым жинақталған жақсы дамытылған жұмыстарымды өз елім Қазақстанға тарату.
Ортаға Ұлттық банкіні басқарып отырған білікті де білімді жас маман Камат Бекарыс Теңелұлын ортаға шақырамыз.
Өзіңіз туралы, қызметіңіз туралы айтып өтсеңіз ?
Камат Бекарыс Теңелұлы Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университеттінің Қаржы және несие бөлімін бітіріп қазіргі туған елімде халықтық ұлттық банкіні басқарып отырмын. Төл теңгеміз құны шарықтап қазіргі таңда бүкіл еуропаны шарлап барлық шетелдерде біздің теңгемізге назар аударуда.
Жүргізуші: - Біздің ұлттық ақшамызқалай аталады?
Жауап: -Теңге
Келесі кезек Масква қаласының медицина академиясын бітіріп қазір
«Адамның дене мүшесін артығымен жасап шығару» тақырыбында диссертация қорғап жүрген дәрігер Оқас Аяла Асхатқызын ортаға шақырамыз.
Асхатқызы Аяла «Ақ халатты абзал жандар» туралы айтып өтіңіз ?
Мен дәрігер боламын.
Үлкеніңде баланың
Қиналсаңда қасында
Бірінші болып барамын.
Ақ халатты киемін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Мен дәрігер болғанда
Сырын әбден қанамын.
Мамам, папам ауырса
Өзім жазып аламын.
Жүргізуші : - Сізге сұрақ денсаулық туралы мақал мәтел білесің бе?
Жауап :
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Денсаулық зор байлық.
Дені саудың жаны сау.
Келесі кезекте АХАЖ бөлімінің меңгерушісі Жолдас Әдемі Бауыржанқызы ортаға шақырамыз.
Әдемі Бауыржанқызы қандай оқу орнын бітірдіңіз, жасап жатқан қызметіңіз туралы айтып өтсеңіз ?
Мен Бауыржанқызы Әдемі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп қазір туған жерім Атырау облысы , Қызылқоға ауданы Миялы селосында АХАЖ бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін. Мен орталық көшеден үш қабатты неке сарайын салдырдым. Неке қидырған жас отау иелеріне заңды некелерімен құттықтапарнайы жолдамамен бір айға шет елге демалыс саяхатына жіберемін. Ал дүниеге келген жас нәрестелерге куәлік пен қол арба және бесік қоса сыйлаймын. Елімізді әрқашан той болсын.
Жүргізуші : ҚР рәміздерін білесің бе ?
Жауап : Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, ән ұранмен айбатты.
Енді сөз кезегін 2030 жылдың «Жасұлан» балабақшасының меңгерушісі Шәкен Самал Нұрболқызына береміз.
Самал Нұрболқызы қандай оқу орнын бітірдіңіз, достарыңызға не айтар едіңіз?
Мен Самал Нұрболқызы Атырау облысындағы Халел Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университетінің педагогика психология мамандығын алып, өзімнің туған жерім, тәрбиеленген балабақшамда меңгеруші болып қызмет етемін. Бүгінгі достарыма айтарым балаларды балабақшада тәрбиелеуге беріңіздер деп ескертемін.
Жүргізуші : сауат ашу сабағында үйреген дыбыстар нешеге бөлінеді?
Біз биыл дайындық тобында сауат ашу сабағынан дыбыстармен танысып жатырмыз .Дыбыстарды біз естиміз, айтамыз. Ал дыбыстарды көріп , жазу үшін әріптермен таңбалаймыз. Дыбыстар 2 бөлінеді. Дауысты, дауыссыз дыбыстар.
Енді ортаға Х.Досмұхамедұлы атындағы қазақ орта мектебінің директоры Ақнұржанұлы Ердаулетке сөз кезегін береміз.
Ақнұржанұлы Ердаулет қандай оқу орнын бітірдіңіз, жасап жатырған қызметіңіз туралы және 12 жылдық білімге оқушылардың бет бұрысы қалай сол жөнінде айтып өтсеңіз ?
Мен Ақнұржанұлы Ердаулет Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің тарих факультетін бітіріп қазір өзім туып өскен Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің директоры болып қызмет атқардым. Мектепте балалар жақсы оқуына барлық жағдай жасалған, әр сыныпта бала санына байланысты компьютермен жабдықталған, 12 жылдық білмге балалар тез үйреніп , қосымша мамандықтар алып шығып отыр.
Ортаға байланыс торабының болашақ директоры Наурызбай Азамат Сұңғатұлын шақырамыз.
Азамат Сұңғатұлы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін өзімнің ауылымда байланыс торабының меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін қазіргі таңда ауылымыз бен бірге байланыс торабы да даму үстінде. Әрбір үйде компьютердің интернет жүйесі арқылы ағайын тума туысқандармен тікелей байланысқа шығады.
Ендігі кезекте ауданымыздың «Қызылқоға» газетінің болашақ бас редакторы Нұрай Бауыржанқызы шақырамыз.
Нұрай Бауыржанқызы қандай оқу орнын бітірдіңіз, жасап жатырған қызметіңіздегі жетістіктер туралы айтып өтсеңіз?
Мен Нұрай Бауыржанқызы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және аспирантурасын үздік бітірдім. Филология ғылымдарының докторымын. Қазір туған жерге оралып, «Қызылқоға» газетінің бас редакторы қызметін қолға алдым. Екі қабаттытипография үйін салып «Атамекен» баспасын салдырдым.
Сұрақ : М.Шахановтың «Жаңғырық» поэмасын айтып беріңіз?
Қазақстан Республикасының барыс тектес болашақ ұрпақтары, ертеңгі ел тірегі осы бүлдіршіндерімізге ақ жол ,сәт сапар тілеп, «Мен 2030 жылы кім болам?» атты мазмұнынды ойынды аяқтаймыз.
«Кішкентай бекзада» сайысы.
Құрметті көрермендер, ата – аналар, балабақша бүлдіршіндері мен қызметкерлер «Жасұлан» балалар бақшасының мектепалды даярлық тобының «Кішкентай бекзада» сайысына қош келдіңіздер!
Сайысты ұйымдастыру мақсатымыз: Балалардың өнерлерін көпшілікке көрсетіп, балалардың патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке тәрбиелей отырып ой – қиялдарын дамыту.
Сайысымызды бағдарламасымен таныстырып өтейін:
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
Мен атаның ұлымын. (өзін – өзі таныстыру)
Біз білімді баламыз. (сұрақтарға жауап алу)
Өнерлі бала өрге жүзер (өнер көрсету)
Шынықсақ шымыр боламыз (спорттық ойындар)
Мен өскенде кім болам ? (бекзадаларымыз болашақта қандай мамандық иесі болуларын айтады )
Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге (Махамбет өлеңдерін жатқа айту)
Осы бөлімдер бойынша бүлдіршіндерге әділ баға беруші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің әдіскер Кәрім Кенже Файзоллақызы
Ата – аналар комитетінің төрайымы Әлжанова Жеміс.
Дайындық тобының ата – аналар комитеінің төрайымы Жүрекбаева Балауса.
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Біз білімді баламыз» сұрақтарға жауап аламыз.
(осы кезде Тауық арбамен үлкен сиқырлы жұмыртқа алып келеді. Ол жұмыртқадан балапан шығып тақпақ айтады. Балапанның қанатынан сұрақтар алып жауап береді.)
Бекзадаларды ортаға шақырамыз.
1 санды бекзадамыз Нұрсайын Нұрсәт
Сұрақ :
Мың жылдық саңлақтарды ата ?
Жыл қайыруды ретімен ата ?
2 санды бекзадамыз Тұрарұлы Бақдәулет.
Кері санамақ айта білесің бе
Үш арсызды ата?
3 санды бекзадамыз Жұмабай Данияр.
ХХ ғасыр саңлақтарын ата ?
Бір жылда неше мезгіл, неше ай бар ?
4 санды бекзадамыз Хамитбек Бақжанат.
«Әсемпаз болма әрнеге» кімнің өлеңі айта білесің бе ?
12 айға тілек санамақ айта білесің бе ?
5 санды бекзадамыз Маратұлы Мұхтархан.
Желтоқсан оқиғасындағы батыр ағамыз кім, оның ақырғы айтқан сөзін айта аласың ба ?
Жыл мезгілдеріне байланысты халық болжамдарын білесің бе ?
6 санды бекзадамыз Байтас Бекнұр.
Абай Құнанбаев кім?
Жеті жетімді ата ?
Қызықты ғой көрерменге би деген
Ортаңызда мың бұрала билеген
Талай өнер тамсандырар сіздерді
Енді бір сәт таңысыңыз би менен.
«Аңдар» биі орындалады.
Еркетайы даланың
Мен Ортеке боламын.
Серігімін досымын.
Өздеріңдей баланың - «Ортеке» әні Орындайтын Асхатқызы Аянат.
Сайысымыздың ІІІ бөлімі «Өнерлі бала өрге жүзер» бекзадаларымыздың өнерін тамашалайсыздар.
Әділ қазылар атақтарын,мадақтап сыйлықтарын береді.
10Қыздарымыз өсе берсін,
Көлдің аппақ аққуыңдай
Ұлдарымыз өсе берсін
Жымыңдаған жұлдыздай
Құламасын ешқашанда
Қазағымның көк туы.
«Әрқашан күн сөнбесін» орындайтын хор.
Осымен «Жасұлан» балалар бақшасының мектепалды даярлық тобының «Кішкентай бекзадалар» сайысы аяқталды.
Сахна жабық,бергі жағынан «Көктем сәні» (Таң атты, барлық жануарлар ұйқысынан оянды.қартайғандікі ме, аң патшасы кешеулетіп тұрды. Керіледі, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр. Көңілденіп сала берді.)
Аң біткен жиналсын. Жар салдыр, - дейді жолбарысқа. Арыстан үйшігінің жанына аң біткен топырлап кетті.
Бәріңе бір сұрақ берейін, - депті арыстан жиналғандарға жағалай қарап алып:
Көктем сәні неде ?
Жасыл желек,- деді піл ()
Хош иіс, - деді қасқыр,
Мөлдір су,- деді қоян
Жылылық – деді барыс
Нөсер – деді аю
Ашық аспан – деді түлкі
Еңбек – деді бақа
Күлкі – деді тышқан
(аңдар айтып біттік дегендей іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін ұлуға қадады.)
Сен неге үндемейсің ? – деді арыстан Ұлу арыстанның алдына келіп :
Тақсыр, мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше көктем сәні-осы айтылғандардың бәрі. Міне көктем сәні дегенде сахна ашылады. Сахна ашылып жатқанда екі жақтан аңдар шығып кетеді «Көктем сәні» биі басталады.(Ролик жіберіледі «Жасұлан») бір қыз шыққанда фильм жіберіледі.
Армысыздар ағайын асыл халқым
Қадірлеген өнерді, дәстүр – салтын
Жыл құсындай көктеммен бірге келген
Жыр ұсынып өзіңе келіп қалдым.
Қош келдіңіз бүгінгі кеш қонағы,
Бар жақсымыз сіздер үшін болады.
Мақтанышпен барша әлемге паш етем
Бақшамызға 40 жыл толады.
40 жыл тарихында шыңдалған
Өтті бақша талай қиын сындардан
Сонау жылдар тәй – тәй басып, қаз тұрған.
Сәттер өтіп орындалды басты арман.
Елбасымыз елге сәлем жолдады
Ұрпағының болашағын қолдадаы.
Қамқор болып демеп және көркейткен
Отанымыз тыныш болса болғаны.
Қош келдіңіз қадірлі көрерменім
Өнер десе көтеріп берер демін
«Көктем Аруы» бүлдіршіндер сайысында
Көріңіздер бүлдіршіндер өнерлерін.
Кеш жарық құрметті көрермендер «Жасұлан» балалар бақшасының ересек топтарының «Көктем Аруы» атты бүлдіршіндер сайысына қош келдіңіздер.
Сайысты ұйымдастыру мақсатымыз: балалардың өнерлерін көпшілікке көрсетіп, ой – қиялдарын дамыту.
Көркем сөз .Г.Қоқанова « Балабақша мекені» оқитын Бекнұрұлы Бақтияр
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Халық даналығы». Бұл бөлімде бүлдірішіндеріміз жаңылтпашты жаңылмай айтып, бірінші бала мақал – мәтелдің бірінші жолын айтса екінші бала жалғасын табады сонымен қатар жұмбақтың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде табады.
Ортаға қошеметпен сайыскерлерімізді шақырамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтуымыз керек.
1 санды бүлдіршініміз Бекзатқызы Сымбат
Ақ тайыншаның қатығын
Аппағыма беремін
Аппағымның атын тез
Айтқанына беремін.
Осы жаңылтпашты 2 санды бүлдіршініміз Мейірболатқызы Нұрайым қайталайды.
Ара, ара ,аралар
Орманның бойын аралар
Гүлдерден сорып бал алар
Бал тәтті ғой балалар.
3 санды бүлдіршініміз Амангелдіқызы Іңкәр
Есепті сен шешсең
Сен шеш
Тез шешсең ,
тез шеш
4 санды бүлдірішініміз Мұратбекқызы Еңілік
Бір қыз кесте тікті
Кестесін түсте тікті
Кеште тікті.
5 санды бүлдіршініміз Асылбекқызы Әдемі
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім
6 санды бүлдіршініміз Әділбекқызы Айсана
Қарамайлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе,
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе шешпейін бе.
7 санды бүлдіршініміз Ардаққызы Зере
Қабат қабат үй салдық
Үйлер толы күй сандық
Күй сандықтан үй салдық
Күй сандыққа күй салдық.
8 санды бүлдіршініміз Асылбекқызы Альбина
Бес түп алма
Бестік алғандікі
Төрт түп алма
Төрттік алғандікі
Кезекті мақал мәтелге береміз. Экранда берілген суреттерге байланысты мақал мәтел айту.
1 санды бүлдіршініміз Бекзатқызы Сымбат.
Сымбат экранға назар аударамыз. Сізге суретте батырдың бейнесі берілген. Ендеше батырлық , ерлік туралы мақал айту керек.
Еліңді сүйсең ерлік істейсің.
2 санды бүлдіршініміз Мейірболатқызы Нұрайым
Нұрайым экранға назар аударамыз. Отбасы туралы сурет берілген. Ата – ана туралы мақал мәтел айту.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
3 санды бүлдіршініміз Амангелдіқызы Іңкәр. Іңкәр экранға назар аударамыз.
Сурет ұлт өкілдерінің суреттері көрсетілген.Қазақстан ынтымағы жарасқан елміз. Сізге тапсырма Ынтымақ туралы мақал мәтел айту.
Бірлік болмай тірлік болмас.
4 санды бүлдірішініміз Мұратбекқызы Еңілік. Еңілік экранға қараймыз. Дәрігердің бейнесі берілген. Денсаулық туралы мақал мәтел айту.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5 санды бүлдіршініміз Асылбекқызы Әдемі. Әдемі экранға назар адарамыз.Әдептілік туралы сурет көрсетілген. Әдептілік туралы мақал мәтел айту. 5. Әдепті бала арлы бала , әдепсіз бала сорлы бала.
6 санды бүлдіршініміз Әділбекқызы Айсана. Айсана экранға назар аударамыз. Өнерлі балалардың суреті беріліпті. Өнер мақал мәтел айту.
6.Өнерлі бала сүйкімді.
7 санды бүлдірішініміз Ардаққызы Зере. Зере экранға назар аударамыз.Туған жер бейнелеген. Туған жер туралы мақал мәтел айту.
7.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
8 санды бүлдіршініміз Асылбекқызы Альбина. Альбина экранға назар аударамыз. Отанымыз Қазақстанның суретін көрсетілген. Отан туралы мақал мәтел айту.
8 . Отан оттанда ыстық.
Ендігі кезекте мақалды жалғастырамыз.
Бекзатқызы Сымбат
Ананың сүті бал- баланың тілі бал.
Мейірболатқызы Нұрайым
Өз білмегеніңді кісіден сұра- Үлкені жоқ болса кішіден сұра.
Амангелдіқызы Іңкәр.
Ойнап сөйлесеңде- ойлап сөйле.
Мұратбекқызы Еңілік.
Тіл тас жарады – тас жармаса бас жарады.
Асылбекқызы Әдемі.
Ақыл дария алсаң да таусылмайды – Жер қазына саусаң да таусылмайлы.
Әділбекқызы Айсана
Бірлігі жоқ ел тозады – бірлігі күшті ел озады.
Ардаққызы Зере.
Денің сау болса жарлымын деме – Досын көп болса жалғызбын деме.
Асылбекқызы Альбина.
Жақсы байқап сөйлер – Жаман шайқап сөйлер.
Жұмбақ шешеміз. Жұмбақтың шешуін қазақша, ағылшын ,орыс тілдерінде айтамыз.
Сымбат.
Қолыма иіріп атқаным не. Асық – алчик –бәунз.
Түгі бар қара мақпалдай, түсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
Қарлығаш- ласточка-суоләу.
Нұрайым
Өткір жүзді келеді.
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі.
Ұсақтап та турар мол. Пышақ – нож-найф.
Шықпайды үйден
Тоны жібектен
Күндіз ұйықтайды
Түнде дамыл таппайды
Аңға барады, сол аңды
Үйден табады. Мысық – кошка - сат
Іңкәр.
Кіруге адам батпайды.
Затынды аман сақтайды. Сандық – сундук – чест.
Құстай ұшады.
Құландай жорытады
Қойданда қорқады. Қоян –заяц - рәббит
Іңілік.
Тал басында түндіксіз отау. Ұя –гнездо- нест
Жайлаған дүниені бір ғажайып
Тік көтеріп отырар адамдарды. Орындық – стул- чез
Әдемі
Дөп – дөңгелек ілінген
Күннен көмек тілеген . күнбағыс – подсолнух- санфлауә.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. Қой – овца –шиип.
Айсана
Шыр – шыр етеді
Құлағынан өтеді
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. Телефон – телефон- телифәун.
Аузы бар тілі жоқ
Терісі бар жүні жоқ
Тірегі бар ізі жоқ
Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. Балық – рыба- фиш
Зере.
Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар .Киіз үй –юрта –юта.
Өзі егін екпейді
Егістен ұзап кетпейді
Диханның тұқымын
Шашпай тек кетпейді
Қарны тоқ қайғысы жоқ
Мысық қуса жетпейді. Тышқан – мышь—маус.
Альбина .
Қарап тұрсам өзіне
Сурет түсер көзіне
Ол суретін ұқсайды.
Дәл қазіргі кезіңе. Айна – зерколо- мирәу.
Өзі жап – жас мұрты бар
Етпен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тонын шүп шұбар . мысық – кошка-кәт.
Сары , ақпыз, қарамыз.
Бәрімізде баламыз
Бір ауылда тұрамыз
Бір бақшаға барамыз
«Дос болайық бәріміз» - Төлеу Мейіржан, Сайд Ботагөз.
Сайысымыздың ІІІ бөлімі Өнерлі бала өрге жүзер. ( Бүлдіршіндер өнерін тамашалайсыздар. )
Сонымен 1 санды ару бүлдірішініміз Болат Сымбат Бекзатқызын «Жақсы көрем» әнімен ортаға шақырамыз.
Бүгінгі «Бүлдіршін көктем аруы» сайысында қатынасушыларға арнап және де құрметті көрермендерге арнап мектеп алды дайындық тобының бүлдіршіндері Батыл Бекарыс пен Жайшылық Ұланның орындауында «Келді көктем » әнін қабыл алыңыздар.
Кезекті қазылар алқасына береміз.
Көктем аруы бүлдіршіндер сайысында демеушілерді ортаға шақырамыз
«Көктем аруы » сайысының бағдарламасы.
«Көктем сәні» көрнісі
«Көктем биі»
«Көктем әні» Мейіржан, Әнуарбек (дайындық тобы)
Сайысымыздың І бөлімі « Тегін білген тектілік » бүлдіршіндер өздерінің тегімен таныстырады.
І Жүргізуші : Құрметті балабақша ұжымы, біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз, ата – аналар жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.Шығыс халықтарының сондай мейрамдарының бірі – Наурыз .Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын ! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын ! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
ІІ Жүргізуші : Шығыс күн парағы бойынша күн мен түн теңеледі де 22 наурызда Ұлыстың ұлы күні басталады.
Қырдан бүгін бу ықты,
Қуды жерден суықты.
Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын берекең !
ІІ жүргізуші:
Былтырғы жыл мерейлі жыл болды,
Былтырғы жыл елеулі жыл болды.
Биылғы жыл молшылық жыл болсын,
Халқымыз тоқ болсын , суықта тоңбасын ! (Сахнаға Ұлу жылы шығады.) Райгүлдің тобы , Жылан Ақкенже тобы.
Ұлу :
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім ойнадым.
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Ұлу жылы құтты жыл болды,елімізде көптеген жақсылықтар болды, спортшылардың, өнерлі ұл қыздарымыздың мерейі үстем болды. Балалар біз бір жасқа үлкейдік ескі жыл жаңа жылға орын берсін.
Жүргізуші :Аластау – халқымыздың әдет – ғұрып бойынша «Өткен күндерде ауырлық, пеніш сырқат бәрі ескі жылда, ізде, жанған отта қалсын» деген ниетпен орындалатын басты рәсімнің бірі.
Алас,алас, пәледен алас,алас,алас!
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
Пәле – жаладан сақтай көр.
Жамандық әрмен кет,
Айдай аман болайық.
Жылдам есен болайық,
Алас,алас, пәледен алас,алас, алас.
Жүргізуші:
Жер Ананың тоң кеудесі жібіген,
Бүршіктенер бар тіршілік бүгіннен.
Наурыз айы туыпты,
Әне, Наурыз келеді,
Құлпырады ел енді.
(Шаттық биін билеп «Наурыз» ортаға шығады) Наурыз қыз балалармен билейді. Наурыз -Зоя Сапарова.
Жүрг :
Қош келдің, көрікті көктем айы Наурыз!
Біз өзіңді, думанынды, шаттығыңды,
Жұмбақтай жұпар иісіңді, нөсерлі
Ақ жауыныңды сағындық.
Наурыз :
Армысыздар ,халайық,
Бармсыңдар, халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық!
Жиренше (Айнұр Нұрғалиева):
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойлайтұғын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елім!
(Жиренше Наурызды арнайы безендірілген таққа отырғызады.)
Жүргізуші :
Көкпеңбек дала, тауымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп,көк көйлек киген өңір дүр.
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күні біле білгенге ғажап тым.
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күні білгенге ғажап тым.
Әжелер, қыз келіншектер наурыз көже таратады. Наурыз Көжені ортаңғы топтар дайындайды. Көже тарататындар. Шашу шашу Айба апай.
Жүрг:
Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Ән:
Жүрг: Дана халқымыз «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекей, Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.(Көрермендер арасынан Қызыр баба шығады).
Қызыр атаны қарсы алайық.
Қыдыр Ата: Кенжегүл Қапанова.
Қош келіпсің ,аманмын,
Арман тойы ананың,
Қуанышты ғаламның,
Құтты болсын қадамың !
(қол жайып бата береді).
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Денсаулығын зор болсын.
Қарыңдарын тоқ болсын,
Қуаныш шаттық көп болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын!
Ана сүтін ақтаңдар,
Ар – ұятты сақтаңдар,
Кең пейіл дархан халқымыз,
Кеңейсің дәстүр – салтымыз.
Әумин!
Жүргізуші : Рахмет , ата ! (Шығарып саламыз)
Ән :
Наурыз : Бүгін Тазша бала көрінбейді ғой. Мен оның тапқырлығын және ақылды бала екенін естіп тілдесейік деп едім. (Жиренше қолын көлегейлп көрермендерге қарайды).
Жиренше : Әз Наурыз, өзіңіз күткен тапқыр балаңыз келе жатыр. Ортаға Тазша бала келеді. Бәрімен амандасады.
Наурыз: Қош келдің , бауырым!
(Тазша бала кеудесіне қолын қойып Наурызға тағзым етеді.) Мен бүгін сенің тапқырлығыңды сынайын деп едім, «наурызша» дегеніміз не,соны айтып берші?
Тазша бала (Райгүл Құлтасова): айтқаныңыз болсын. Наурызша – наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай қылаулап жауған жұқа қар.
Наурыз : Екінші сауалым : «Отамалы» дегеніміз не?
Тазша бала : Отамалы 15 наурызда кіріп 17 наурызда шығатын амал. Бұл амалдың жақсылық пен жамандыққа бағынуына қарай халқымыздың «Отамалы от алғанша», «Отамалы, отамалыдан қалған ата малы» деп айтқан сөзі бар.
Жарайсың Тазша бала, көп –көп рахмет.Сау бол.
Наурыз:
Наурызым – бабамның сөзі,
Наурызым – Анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі.
Ән:
Ортаға әндетіп Алдар көсе келеді. Алдар Нұргүл Жексенғалиева.
Мен Алдар,алдармын. Әнін айтып келеді.
Наурыз:
Алдар аға сенің елдің бәрін алдап, күлдіріп жүретінінді білеміз. Енді тойға келген жұртшылықты ойын ойнатып бір сілкіндіріп тастаңыз.
Алдар : Кәне балалар кімнің күші көп екен байқау үшін қазақша күреске шақырамыз. Балалар шығып күреседі.
«Арқан тартыс» Екі ересек топ , Қыз Қуу дайындық тобы.
Наурыз Алдар аға сізге көп – көп рахмет. Өте жақсы ойындар ойнаттыңыз. Рахмет Алдар көсе бізбен наурыз тойын тойлаңыз.
Ән :
Жүргізуші:
Салт – дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлаймыз тамаша.
Бүгінгі наурыз мерекесінде кішкентай нәрестеміз бесікке салу,тұсау кесу рәсімін көруге шақырамыз.Орал апай бесікке салу, Айсұлу апай тұсау кесуді ұйымдастыру.
Жүргізуші : Наурыз тойының басты кәделерінің бірі - Наурыз айтыс.
Жүргізуші : Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз – татулық тойы, шаруа ,ынтымақ,сенім, көңіл мерекесі.Халық Наурызға алдын ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады,ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтың белгісі.
Жүргізуші : биыл Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз күні жылан жылы есіктен енді. Бұл жылы егін бітік шығып, барша ел молшылыққа кезігеді.
Осымен «Жасұлан» балалар бақшасының Наурыз шапағаты ертеңгілігі аяқталды.