Просмотр содержимого документа
«Мектеп-кеме,білім-те?із»
«Мектеп-кеме, білім-теңіз»
Бастауыш сыныптар апталығының ашылуына жоспар
(13.01.2014-20.01.2014)
Мақсаты: Оқушыларға бастауыш сыныптардағы негізгі пәндердің рөлі қандай екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, апталық жоспары жазылған киіз үй макеті, пәндер атаулары.
Барысы:
Оқу, білім жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Олжа аларсың, білім алған жолыңда-дей келе сендер білімнің негізін қалайтын бастауыш буында білім алып жатырсыңдар. «Мектеп -кеме, білім-теңіз» дегендей сендер теңіздің алғашқы толқынында қандай негізгі пәндерді оқып жатқандарыңды естеріңе түсіріп көріңдерші.
Сонымен олар қандай пәндер? (Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану)
Олай болса, біздің ортамызға бастауыш сыныптағы пәндер кемесі де келіп жетіпті.
(Кеменің макетімен ортаға пәндер киініп келеді)
МАТЕМАТИКА: -Ей, тұрсаңдаршы! Біз өзі қайда келдік? Тірісіңдер ме өздерің? Алған бағытымыз қандай?
ДҮНИЕТАНУ: Даурықпа достым. Мына менің тұсбағдарым барда сендер ешқашан адаспайсыңдар. Оны осы пәнді оқып жатқан бүлдіршіндер де біледі. Біз қазір Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығыс беткейінде орналасқан Семей қаласындағы № 35 Жалпы орта білім беретін мектептеміз. Солай ма, балалар? Иә, бұның бәрі дүниетану пәнінің бірден бір ерекшелігі.
МАТЕМАТИКА: Достым, дүниетанудай пән барда қандай ауа райы болсын, қандай бағыттан , қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымызды анықтап біле алатынымызды мойындаймыз. Бірақ, Математика –барлық ғылымдардың патшасы екенін сендер де ұмытпағандарың жөн.
ҚАЗАҚ ТІЛІ: Қане, достар доғарыңдар, Сендерді қаншама жас бүлдіршіндер зейін қойып тыңдап тұр. Ал сендер ещқандай тыныс белгілеріне нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісін ескермей зыулдатып сөйлеп жатырсыңдар. Осыларың дұрыс па? Сендердегі барлық ережелерді оқып, жазып, жаттау үшін ең алдымен граматикалық сауаттылық қажет емес пе? Оқушылар мендей пәнді оқи отырып, әріптерді, дыбыстарды айтуды, сөздердің мағынасын ажыратуды, сұрақтар қоюды тіпті керек десеңдер сөйлеу мәдениетін, мемлекеттік тілді құрметтеуге үйренеді. Сондықтан пәндердің басы мен емес пе?
АНА ТІЛІ: Достар, біз барлығымыз да асыл ойдың иесі, бар ғылымның бір жүйесіміз. Мен үшін де авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қаншама қызмет етті. Менің де, ниетім балалар оқысын, сауатын ашсы, адам болсын деген ізгі ниет қой. Мен де қолымнан келгенінше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылықққа тәрбиелеуге тырысып жүрмін. Біз бәріміз де көңілдің қуанышы, бастауыш сыныптағы пәндердің бастауы, бастауыш сыныптардың ең негізгі баспалдағымыз. Осыған сендер де келісетін шығарсыңдар!
МАТЕМАТИКА: Математика – ермек емес, балалық,
Математика – көрегендік, даналық,
Математика құрметтеуге лайық,
Кел, достарым, мұны жақсы ұғайық.
ДҮНИЕТАНУ: Дүниетану- айналаны зерттеуші
Бағыт-бағдар анықтайтын көмекші.
Тірі ағза, пайдалы қазба, қоғамның
Барлық сыры бір өзінде өлшеулі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ: Қазақ тілім саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім- ана тілім, ардағым,
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім бар арманым.
АНА ТІЛІ: Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
Мұғалім: Балалар, бізге бүгінгі ертеңгілігімізге пәндерден басқа осы апталықтың ең негізгі қонақтары келіп отыр. Олай болса, сол қонақтарымызды қарсы алайық!Олар мемлекеттік тілдің елшілері.
Ұл бала: Амансыңдар ма, білім нәрімен сусындаушы бүлдіршіндер!
Қыз бала: Армысыздар, қадірлі бастауыш сынып оқушылары!
Ұл бала: Біз осы апталық арқылы сендердің қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәніне деген білімдерің қаншалықты деңгейде екенін саралауға келдік.
Қыз бала: Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сендердің ең сүйікті пәндерің екенін білеміз. Олай болса қазақ тілі деген сендер үшін қандай пән? Айтыңдаршы.
(3 сынып оқушылар сөз таптары ертегісі желісімен)
Ерте, ерте, ертеде «Сөз таптары» атты атағы жер жарған бай болыпты. Бұл байдың 9 баласы болыпты. 9 баласы бір-бірімен өте тату, бірінсіз-бір өмір сүре алмайтын және білім алушыларға қол ұштарын беретін жанашыр адамдар болыпты. Олай болса, сол байдың 9 баласы да сендерге айтар ақыл-кеңестері бар екен.
(Зат есім, сан есім, етістік, сын есім, одағай, шылау, есімдік, үстеу, еліктеуіш сөздер келеді)
Ұл бала: Сендердің қазақ тілі пәнінен білімдерің терең екенін байқадық. Енді біз сендермен «Қоржын» ойыны арқылы әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдеріңді тексереміз.
Бұл ойынның шарты: Қоржынның ішінде бірнеше асықтар бар және әр асықта түрлі сұрақтар жазылған. Егер сұраққа жауап берсеңдер. Асықтарды сендерге сыйға тартамыз.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. Мақта қыз бен мысық ертегілерінің кейіпкерлерін ата. (Қыз, мысық,
сиыр, тауық, тышқан, сатушы, тоғай, су тасушы қыздар)
3. Қазақ тіліндегі ешқандай дыбысты білдірмейтін әріптер (ь, ъ)
4. Түйенің төлі қалай аталады? (бота)
5. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
6. Шәкәрім Құдайбердиев қай жерде туған? (ШҚО, Абай ауданы)
7. Білім туралы мақал айт.
8. Қазақтың үш биі кімдер?
9.Тарихта болған адамның басына құрылған шығарма қалай аталады? (аңыз)
10.Екі ақынның арасындағы сөз жарысы қалай аталады? (айтыс)
Қыз бала: Біз сендер бағыт-бағдарды тұсбағдар арқылы анықтай алатындарыңды білеміз. Біз осы апталыққа келген соң, әр сыныпқа жеке қонақ ретінде сендердің сабақтарыңа қатыспақпыз.
Мұғалім: Мемлекеттік тілдің елшілері біздің оқушылардың да сіздерге арнаған сыйы бар. Соны қабыл алыңыздар!
ӘН: «Ана тілім- ардағым»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар бұл бастауыш сыныптар апталығының жұмыс жоспары. Апталыққа қатысушыларға сәттілік, озықтық, ұтқырлық тілейміз!