kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мейірімділік-асыл ?асиет" атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мейірімділік-асыл ?асиет" атты т?рбие са?атыны? ма?саты  балаларды? «мейірімділік», «?айырымдылы?», ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту. Міндеттері:  мейірімділікті? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру, ?зара сыйласты? ?арым-?атынастарын дамыту,мейірбандылы??а т?рбиелеу .

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік-асыл қасиет»

Мейірімділік-асыл қасиет.

Мейірімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы.

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: -мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу ;

Көрнекілік; слайд,үнтаспа,бейнефильм, жүрекшенің үлгісі.

Тыныштық сәті: (үнтаспадан арнайы әуен)

Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып,біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке,ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза, жұпар иісті.Бәріміз сол әлемге қарай ,сүйіспеншілік,мейірімділік,ізгілік нұры бізге қонып,жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті,сиқырлы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді ашыңдар.

Сахыналық көрініс: «Сары тауық пен балапандары»

Ауладан сыртқа шығады.Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті.Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанатының астына алады.Сары тауыққа су өтіп қатты жаурайды.Бірақ балапандарын жаңбырдан қорғады.

Жаңбыр басылып,күн сәулесі шығады.Сол кездесары тауық балапандарын ертіп үйіне қайтады.

Сұрақ-жауап: Сары тауық өз аналық мейірімінқалай көрсете білді?

Сендер үшін өмірде еңмейірімді жан кім?

Дәйексөз: «Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

-Ана халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз табиғатты да,адамды да дүниеге әкелуші ана.Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық,бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды.Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам,ақкөңіл, жаны таза,шыдамды,рақымшыл,жылы жүректі.

-Адамзат ненің мейіріміне бөленген?

Күн,табиғат,ана,ұстаз,дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді.

Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

-Мейірімді адам дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қандай адамды мейірімді адам деп атайсыңдар?

(Балалардың жауаптары тыңдалады)

«Мейірімділік» өлеңін оқыту:

Мейірімділік-ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң-сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылыған,

Қайтарма қолын,ананың көмек сұраған.

Оу,адамза, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны,сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза,аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімдібойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға,мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру.

(Тақтаға оқушылар осы сөздердің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығу)

Сүйіспеншілік,қамқорлық,жарастық,ынтымақ,бауырмалдық,махаббат,бірлік,достық.

Балалар біз бүгін сабағымызда адам бойындағы жақсы,асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік.Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа,ұқыптылыққа,әдептілікке,мейірімділікке,адалдыққа,сыпайылыққа,кішіпейілділікке,ұйымшылдыққа,отаншыл болуға тәрбиелеген.

Тақпақ: Балалар кімнің,мейірімді екендігінмынадай сөздермен айтып жеткізу:

-Күлімдеген күн мейірімді!

-Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

-Аяулы анам мейірімді!

-Қадірлі әкем мейірімді!

-Әлпештеген әжем мейірімді!

-Еркелеткен атам мейірімді!

-Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

-Тату-тәтті достарым мейірімді!

Жүректен жүрекке

Мұғалім. «Жылы сезім жүректерде сақталады,Мейірімділік тек жүректен басталады»-деп балаларды сендер ағаш мәйегіне өз тілектеріңді және лебіздеріңді жазыңдар.

Ән. «Анашым»

Үйге тапсырма: «Мен мейірімді баламын» тақырыбы бойынша эссе жазу.



Просмотр содержимого презентации
«Мейірімділік -асыл қасиет»

Мейірімділік-асыл қасиет Мейірімділік-асыл қасиет

Мейірімділік-асыл қасиет

Мейірімділік-асыл

қасиет

«Мейірімділікті анадан  үйрен»  Халық даналығы

«Мейірімділікті анадан

үйрен»

Халық даналығы

Сара Алпысқызы Назарбаева Қоғам қайраткері, экономист, “Бөбек балалар қорының” негізін қалаушы және “Өзін-өзі тану “ рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша жаңа білім беру бағдарламасының авторы.

Сара Алпысқызы

Назарбаева

Қоғам қайраткері, экономист, “Бөбек балалар қорының” негізін қалаушы және “Өзін-өзі тану “ рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша жаңа білім беру бағдарламасының авторы.

1992 жылғы ақпан айынан бастап – “Бөбек” республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

1992 жылғы ақпан айынан бастап – “Бөбек” республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

Рахмет!!!

Рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Мейірімділік-асыл ?асиет" атты т?рбие са?аты

Автор: Болжанова Гулден Муратовна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства