kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен отбасымды мақтан тұтамын фотоконкурс

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Мен отбасымды мақтан тұтамын " атты фотоконкурс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен отбасымды мақтан тұтамын фотоконкурс»

«Мен отбасымды мақтан тұтамын» тәрбие сағаты

Мақсаты: Ата-ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы махаббатты күшейту.

Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын бағалай отырып отбасындағы ұлттық тәрбие элементтері арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.

Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: фотосурет сайысы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, ұлттық құндылықтардың бейнесі.

Барысы

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар қонақтар «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіздер, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»,-деген екен. Олай болса мектебімізде білім мен өнерді тең ұстап көзге түсіп жүрген жас жеткіншектер аз емес. Сол оқушыларға кімді пір тұтасын деген сауал қойғанымда «анамды» деген жауап алдым. Сондықтан отбасының шамшырағы аналарымен бірге сол дарынды оқушыларды ортаға шақырмақпын.

1. Құралай, анасы- Серікгүл

2. Інжу, анасы-Алтын Тұяққызы

3. Алихан, анасы Ерке Қайсаровна

Бастамас бұрын, топ атауларын таныстырайық.

«А» бекеті, А деген ол-аналар ғой ардақты.

«Ә» бекеті, Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

«Б» бекеті, Б деген ол-балалар ғой білікті. Біздің елде үшеуі де кәделі. (Ана, әке, бала, отбасы) атты топ жасақталады.

Ақ көңілмен, ниетпен

Әділ баға берсін деп,

Әділ қазы алқасын

Сайлап алсақ жөн болар.

Француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан басталады. Тәрбие басы-отбасынан. Отбасы- кішкентай тәуелсіз мемлекет. Өздеріңіз білетіндей ата-ана, ұстаз, бала бір-бірімен байланысты болғандықтан, топ жанұяның от-анасы, ұстаз аналардан жасақталған. Оқушыларымыз мақтан тұтатын аналарымыз отағасы, әке орнын жоқтатпай отбасының намысын қалай қорғап шығады екен көрейік. Қатысушыларға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастайық.

I кезең: «Жанұям-менің мақтанышым» сайысқа түсушілер слайд, фотоальбом немесе өлең жолдары арқылы отбасын таныстырады.

II кезең: «Тапқырлық тауды бұзар», туысқан, тәжірибе сөзінен сөз туындату.(қағаз таратып берем, соған жазып оқу керек)

III кезең: Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен дегендей «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың орны» деп аталады. Ұлттық құндылықтарымызды алдарыңызға тарту етпекпіз сол жайлы аналар мәлімет берулері тиіс.(Киіз үй, қамшы, домбыра, торсық, асық)

IV кезең: Ана- сарқылмайтын бұлақ,

Бала-баурайында өскен құрақ екені белгілі анасы мен баласын бірдей сынға алатын кезең «Ойлы болсаңыздар, озып көріңіздер»,- деп аталады. Мен бірнеше сұрақ қоямын балғын балаларымыз жауабын тапса, аналары сол жауапқа сөйлем құрап, сөздің мағынасын ашуы тиіс.

  1. Кеудесіне оқ өткізбейтін жауынгердің киімі (сауыт)

  2. Наурыз айында пісірелетін бас тағам (наурыз көже)

  3. Жанұяның тірегі (әке)

4. Білім көзі неде? (Кітап)

5. Білім ордасы (мектеп)

V кезең: «Тапқыр болсаңыздар, тауып көріңіздер» отбасы, ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табуларыңыз шарт.

Бірінші топ: 1. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

2. Баласыз ана-гүлсіз алма.

3. Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

4. Бала-ананың бауыр еті, көз нұры.

5. Мейірімі мол ананың,

Жүрегі жылы, қолы кең.

Екінші топ:

1. Атадан-өсиет, анадан-қасиет

2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

3. Ақ жаулығы ананың-ақ көрпесі баланың.

4. Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

5. Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім мақтамайды.

Үшінші топ: 1.Ана сүті - бал,

Баланың тілі- бал.

2.Ана алдында-құрмет,

Ата алдында-қызмет.

3. Әдепті бала-ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала-ата-анасын қақсатар.

4. Жанұяға қарап бала өседі,

Қарағайға қарап тал өседі.

5. Баланың білегі ауырса,

Ананың жүрегі ауырады.

Төртінші топ:1. Отбасы ошақ қасы

2. Ақ ағайын- алтау

Ана-біреу.

3.Ана алақанының аясы-ақ шынардың саясы.

4. Әкеден- ақыл, анадан-мейір

5. Балапанды торғайлар, өрт болмасын тілейді

Балаларға аналар, дерт қонбасын тілейді.

Бесінші топ: 1. Әке-сөзі парыз,

Ана сүті-парыз.

VI кезең: «Шаңырағымыз биік, отбасымыз тату» деп аталады. Қатысушыларымыз мына құралдарды пайдалан отырып «Бақытты жанұя» көрінісін бейнелеулері тиіс.

VII кезең: Ана мен баланың бір-біріне деген махаббаты шексіз, олай болса келесі кезең ой толғаныс кезеңі. Оқушыларымыз «Ана маған үлгі сөзіңіз, өнегесіз өзіңіз» деген тақырыпта, ал аналарымыз «Бауыр етім балапаным» атты түйінде шағын ойтолғау жазулары шарт.

Әділ қазы шешімін шығарып жеңімпаз топты марапаттау.

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын, бала өсіру, балапан ұшыру емес деген халық даналығын негізге ала отырып әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болмасын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін күтуші ата-ана. Ата-ананың еңбегі өмірінің мәні мен сәні перзенттерін тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Олай болса тәрбиеде еңбектеріңіз еленіп балаларыңыздың шығар биігі жоғары болсын деген ниетпен «Тілек шырағданың» жақпақпын. Сіздер де соны жалғап тілектеріңізді білдіріңіздер.

Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, өздерінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және басты әдісі дейді А.С. Макаренко олай болса бүгінгі аналарымыз бұл сыннан сүрінбей өтіп, осы түйінді дәлелдеді деген шешіммен барлықтарыңызға көп рахмет, аман-сау жүріңіздер демекпін!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Мен отбасымды мақтан тұтамын фотоконкурс

Автор: Саденова Ляйля Сагатбековна

Дата: 12.09.2019

Номер свидетельства: 519566


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства