(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама арқылы, қимыл арқылы меңгерту Жем-құстарға, жануарларға берілетін тамақ Жем беру, жем шашу Құстарға жем шашамын. Марат малға жем берді. торғай жем шашу (Ө, Ж) Тыңдалым Тыңдалым алды тапсырма http://bala.soyle.kz/picture/learn?id=12 сайтындағы жаттығуларды орындайды. 1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді. 2. Берілген әріптерден сөздер құрап, құстардың атын жазады. Тыңдалым тапсырмасы Мәтінде оқушыларға таныс емес сөзге түсінік беру. Төзімді- шыдамды. Суыққа төзімді. Тыңдалым мәтіні Тырна, қарлығаш – жыл құстары. Олар күзде жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде қайтады. Торғай мен көгершін жылы жаққа ұшпайды. Олар суыққа төзімді. Адамдар оларға ұя жасайды және жем береді. Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды және тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын жұбына әңгімелейді (қолдауды қажет ететін оқушылар үшін қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру). Жұптар бір-бірін бағалайды. Дескриптор: Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтін мазмұнын айтады. Тірек сөздерді дұрыс қолданады. Тірек сөздер: тырна, қарлығаш, жылы жақ, торғай, көгершін, ұя жасаймыз, жем шашамыз (Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтап жазады. тырналар, қарлығаштар торғайлар, көгершіндер ұя жасаймыз жем шашамыз 1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, пікір айту арқылы бағалау, сабақ соңында дәптерлерін тексеру). Кері байланыс (Т) Оқылым. Оқушылар топқа бөлінеді. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша «иә, «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақтар құрастырады. Оқылым мәтіні Мен торғайларға ұя жасаймын. Саша да ұя жасайды. Біз ұяны жоғары ілеміз. Біз құстарға жем шашамыз, су береміз. Құстар жанды табиғатқа жатады. Біз табиғатты қорғаймыз. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды. (Ө) Анықта. Сөйлемдерді суреттермен сәйкестендіреді. Күз келді. Мен қарлығашты жақсы көремін. Анна құстарға жем берді. Мен ұя жасадым. (Ж) Айтылым. Жағдаят. Досыңмен бірге саябаққа келдің. Жасаған ұяларың туралы сөйлесіңдер. Қабылдау деңгейлері орташа оқушылар үшін тірек сөздер беру. Тірек сөздер: Ағаштан, шыбықтан жасау, мықты, биік жерде, жұмыртқа салады Сынып оқушылары 2-3 жұптың жауаптарын тыңдап, «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды. |