Просмотр содержимого документа
«Мектепке жол акциясы»
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде
«Мектепке жол» акциясы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
Елбасының бастамасымен қолға алынып, жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқу құралдарымен қамтылмай қалмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу.
Аталған іс-шараға 15 тамыз күні мектебімізде өткізілді. «Мектеп жол» қамқорлық акциясына мектебіміздің 5 ата –анасы өз үлестерін қосып, нәтижесінде 1000 теңге ақщалай қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектебімізде концерттік бағдарлама өткізіліп, шараға қатысушылардың көңілдері көтерілді. Сонымен қатар бұл шараға мектеп мұғалімдері де қайырымдлық жасап атсалысты..
Әрқашан көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беріп, рақымшылық көрсететін азаматтардың қатары көбей берсін. Алдағы уақытта да мектебімізде осындай іс-шара өз жалғасын табады.