Педагогтің Т.А.Ә. | Қаналина Г.Н | |
Күні: 01.09.2023 | 01.09.2023 | |
Сынып: 2 «б» | Қатысушылар саны:17 | Қатыспағандар саны:0 |
Тәрбие тақырыбы | «Мектеп- мейірім мекенім!» | |
Құндылық | Ұлттық мүдде | |
Мақсаттары | балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар |
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин Қоры тынды 10 мин | Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қарайды, қол бейнеленсе – қолдарын қысып амандасады, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдеседі, жүрек бейнеленсе – құшақтасады. Біз бүгінгі сабағымызда адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір — біріне деген мейірімділігі — әдептілік белгісі. . Топтық жұмыс (Мейірімділік туралы мақал –мәтел құрастыру) І топ: Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. ІІ топ: Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің. ІІІ топ: «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек. ІV топ: Кішіпейілділік – кісінің көркі. «Өлең оқу» « Мейірімділік нұры» жаттығуы. Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз. «Болады! Болмайды!» ойыны Ережесі: Егер оқушының бойында болуы керек қасиет болса «Болады!», ал қажет емес қасиет болмайды «Болмайды!» деп айтады. Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді. Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек. Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды. Жүректен - жүрекке Күн Даламдай кең пейілім, Жүрегім толы мейірім, Мен үшін жоқ уағың, Бәріңе ортақ шуағым. Жер шарының ұл-қызын Жылытуға жетер қызуым Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға, достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық. Топтық жұмыс (Мейірімділік туралы мақал –мәтел құрастыру) «Өлең оқу» Оқушылар өлең үзінділерін мәнерлеп оқып, мағынасын ашады. Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі; |