kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика патшалығында" интелектуалдық сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика патшалығында" интелектуалдық сайысы»

Тақырыбы: «Математика патшалығында» (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: топтық сайыс
Жоспары:
1. Математикалық эстафета
2. Жұмбақтар
3. «Кім байқағыш» ойыны
4. Логикалық сұрақтар (топ басшыларға)
5. “Сәйкестендіру”
6. Сиқырлы үшбұрыш

- Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математика патшалығында» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.)
Әр команданы ортаға шақырамыз.
2 «А» сыныбы
2 «Ә» сыныбы
2 «Б» сыныбы

2 «В» сыныбы
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымыз
1. «Математикалық эстафета» деп аталады. (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)
1 – топ
(57 - 7)+40 =
(20+60)- 10 =
(60+9)- 40 =

(18-8)+25 =

40+(2+8) =
2 – топ
20+(45 - 5) =
60 -(39 - 9) =
70+(16 - 6) =

(50-30)+15 =

(13+7)-10 =
3 - топ
35 -(28 - 8) =
44+(30 - 10) =
80 -(67 - 7) =

(12+8)+60 =

(64-4)-20 =
4 - топ
25 -(28 - 8) =
40+(30 - 10) =
70 -(17 - 7) =

(12+8)+40 =

(25-5)-20 =

Әділқазы алқасынан І – сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
2. «Жұмбақтар» сайысына береміз:
(Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)

1 - топ:
1 - жұмбақ:
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2 - жұмбақ:
6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

3- жұмбақ:

Он бір түйе, бес жылқы.
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян үш түлкі
Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)

2 - топ:
1 - жұмбақ:
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
2 - жұмбақ:
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

3- жұмбақ:

100 асықтың 50-ын,

Досым сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады. (50)

3 - топ:
1 - жұмбақ:
Қолымда 55 алма
5 - ін бердім апама,
5 - ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
2 - жұмбақ:
100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

3-жұмбақ:

.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей? (2қоян, 2 тауық)
4-топ:

1- жұмбақ:

Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)

2- жұмбақ:

Талдан ұшты көп торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында оның қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келді,

Алдында төртеу,топ келді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу,есепкер

(5 торғай)

3-жұмбақ:

Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын? (6)


3. «Кім байқағыш» ойыны. Топтарға сканворд көрсетіледі. Бірнеше математикалық атауларды табу керек. Әр дұрыс жауап: 5 ұпай.

4. Келесі кезең: «Логикалық сұрақтар». (топ басшыларға)
1 - Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
2 - Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
3 - Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4- Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
5-Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

6- Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан

Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі
5. «Сәйкестендіру»
1 – топ: 1. Ең үлкен бір таңбалы сан. Азайту
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Үш
3. 4 онд. Тоғыз
4. Бір таңбалы сан. Шаршы
5. Кеміту амалы. Қырық

2 - топ: 1. Бір таңбалы сан Уақыт
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Отыз екі
4. Уақыт өлшем бірлігі. Сүйір
5. 3 онд. 2 бірл. Төрт

3 - топ: 1. 1 сағат = Шеңбер
2. Геометриялық фигура Он
3. Ең кіші екі таңбалы сан Сантиметр
4. Ұзындық өлшемі елу тоғыз
5. 5 онд. 9 бірл. 60 минут


4 - топ:

1. 1 минутта Шаршы
2. Геометриялық фигура сексен
3. Екі таңбалы сан метр
4. Ұзындық өлшемі жетпіс тоғыз
5. 7 онд. 9 бірл. 60секунд

Жүргізуші: Математика
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып – соңғы кезең
6. «Сиқырлы үшбұрыш» сайысы.
Суретте қанша үшбұрыш бар екенін табу.

(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады) Музыкалық сәлем.
Осымен, оқушылар «Ойнайық та, ойлайық» атты білімділер сайысын аяқтай отырып, білім шыңына жете берейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Математика патшалығында" интелектуалдық сайысы

Автор: Мусагалиева Жанар Батыргалиевна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393996


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства