Просмотр содержимого документа
«"Ма?ал м?телдер" сайысы »
«Мақал-мәтелдер» сайысы
Конкурс «Пословицы и поговорки»
Мақсаты:
Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең, қымбат қазына мақал-мәтелдерді оқушыларға үйретіп, ұғындыру;
Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;
Отбасы дәстүрін сақтауға, ата-аналарын, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Цель: Воспитывать любовь к устному народному творчеству, развивать речь,
мышление детей.
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар сайысқа қатысқалы отырған. «Мақал-мәтелдер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Мақал-мәтел халық ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан ең байырғы, көне түрі, халқымыздың бастан кешірген тарихи іс-әрекетінің айнасы, аңсаған арманының асыл түйіні.