kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппемен ?оштасу. ?ліппе са?ан мы? ал?ыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау. Білімге деген ??штарлы?ын арттыру. ?з Отанына деген сезімін ояту, патриотты??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппемен ?оштасу. ?ліппе са?ан мы? ал?ыс»

Әліппемен қоштасу


Мақсаты : Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанына деген сезімін ояту, патриоттыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Слайдтар, мерекелік безендірулер.


1.Көрініс. Ақжүніс , Амир

Слайд : (Қазақ хандығы, ....ант беру)



2. Камила . Ән «Менің атым-Әліппе»

(Оқушылардың жеке фотасынан слайд)


Жүргізушілер:

3. Амирлан

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар

Әлеппемен қоштасу тойымызға.

Айзере

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.

Руслан

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


4. Шәкәрім

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан арқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та ,бар ,қалан!

Салиқалы өңінен,

Шапағатты нұр тарап

Сыныбымның төрінен

Абай ата тұр қарап.


Мәди

Өсиеті жадымда,

Өнер білім ал деген.

Үйретіп ел алдында,

Іс қылуға арменен.

Үміт гүлін бүрлеткен,

Асыл кені дана ойдың,

Орындаймыз құрметпен

Өсиетін Абайдың.


Жансұлу

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Әріп сырын түсіндім мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен әліппемді

Түстей болып міне бүгін артта қалды.


Мұғалім :

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл -ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.


Әліппе сөзі : видео

Назарбаев Н.Ә. арнау сөзі


«Айналайын»

Мәди

Қолындағы әсем кітап «Әліппең»- аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың.

Ислам

Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!

Амир

Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.

Амирлан

Елін , жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.


Әліппе туралы тақпақтар:

Нұрдаулет

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталғаг,

Даналықтың данасы.


Камила

Жақсы кітап – Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым,

Әліппемен достастым.

А- дан бастап әріпті

Түгел маған танытты


Әлімхан

Мынау менің Әліппем,

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.


Елназ

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.


Ақтан

Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітіріп,

Бала болдым ақылды.


Алина

Қолыңа тұңғыш қалам ап,

«А» әрпін жазарсың.

Білім ап «А»ны саралап,

«Б»сына көзді саларсың.

Әліппе деген алтын жол!

Апарар сені алысқа,

Женіл емес,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа!

Ұшына жетсең тырмысып,

Озып бәйгені аларсың.

Көгінде жарық жұлдыз боп,

Жұртыңа нұр боп жанарсың.


Дәулет

Ата,зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады?-

Деп бір күні сұрадым.

Атам менің,сауапты.

Былай берді жауапты:

Ата,Ана,Ақыл,Ар,Адам,...

«ф»дан басталар,

Содан шығар,құрбаным,

«А»ның алды тұрғаны.!


Алия

Алфавиттің

А тұрады басында

Ә тұрады қасында.

Байқадың ба?

Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде?

Түсінші


Алуа

А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,

Бдеген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Мадияр

Таныстырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Кем көрмеймін анамнан мен,

Айналайын Әліппемнен.


Мадина

Әліппемен қош айтысып қаламыз.

Енді қолға ана тілі аламыз.



Ән. Амирлан,Алина «Әліппе,саған рахмет!»

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нір алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың.


Ұстаз туралы: Слайд

Ақжүніс

Аделя

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.


Мәди

Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ақыл –ойы , мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.



Ән. Аделя «Бала тілегі» ( Бишілермен)


Мектеп

Алуа

Мектебің мынау сыныбың,

Осында он бір жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.


Ән. «Мектебім» Алуа,Мадина,Аяужан

Ұлдардың биі


Ата-аналарға : Слайд

Наргиз

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды.

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

Ақжүніс

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар!


Ән. «Бол жанымда» Руслан ( Бишілермен)


Отан : видео Ұланым

Ильяс

Отан-жерім,Отан-ауыл,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан-мәңгі гүлденеді!

Ақтан

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырын

Отан-өлкен,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.


Ислам

Отан-тариз,Отан-тіл,

Жасаға елің,ер халқын.

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Амирлан:

Отан-осы,достарың,

Көңілге мұны түбе біл,

«Отан» деп өс,жас қауым,

Оны ардақтан,сүйе біл!


Ән. Әлімхан,Елназ,Мәди «Туған жер»

Қыздар биі.

Біз қазақпыз: Слайд


Руслан:

Батырлар ұрпағымыз ел қорғаған,

Ұл-қызы аналардың дара туған.

Қазақтай текті атанын баласымыз.

Құрсақтан бостандықты ала туған.


Әлімхан:

Көтерген қиындықты басқа салған,

Маңдай термен басына бақыт қонған.

Ат үстінде жүріп ақ найзаменен,

Байтақ жерін қазақтың қорғап қалған.


Шәкәрім:

Достығы сан ұлттың жарасады.

Жарқырап көрініп тұр болашағы.

Бағы жайнап, кең далам гүлге оранар.

Түйінен ашылғандай қауашағы.


Ильяс

Елімнің ауырлығын арқалаған,

Астана әсем сұлу бар қаладан.

Көркейіп жылдан-жылға көз алады,

Өрімтал арудай боп алқалаған.


Даулет

Әлемді бір өзіне қаратады,

Атылғалы тұрғандай жанар тауы

Қосылса елу елдің қатарына .

Мықты ел деп Қазақстанмен санасады.


Нұрдаулет

Байлығы дархан елдің тасығандай,

Ертіске арна келіп қосылғандай.

Теңдікпен Егемендік жарасады.

Тынысы бәйге аттың ашылғандай.


Мадияр

Бақ даулет қонғандай-ақ асқарыма,

Қуанам күліп таңым атқанына.

Қазақ боп туғаныма мақтанамын.

Тәуелсіз елде тұрып жатқаныма.


Ән. Мереке

Аделя, Амир, Руслан, Ислам және хор.

Мұғалім :

Ұстаздың тыңдап дәрісін,

Санаңа білім дарысын.

Бестік болсын аларын

Шаттық болсын бар әнің

Бақ даулеттің көзі деп

Білім болсын санарың.

Таудай болсын талабың,

Сәтті болсын қадамын


Қорытынды : Бата. Құттықтаулар.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ліппемен ?оштасу. ?ліппе са?ан мы? ал?ыс

Автор: Таупикова Алмагуль Казезбековна

Дата: 01.06.2016

Номер свидетельства: 331970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства