Просмотр содержимого документа
«?ліппемен коштасу »
«Әліппемен аштым білім есігін,
Тербетеміз тәуелсіз ел бесігі н »ертенгілігі
Мақсаты: 1.Білімнің сара жолы әліппе екенін, әліппеден оқып үйренген білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2.Алғаш әріпті үйреніп, қолына қалам алып жаза білуін үйреткен әліппемен қоштасу. 3.Мектепті, ұстазды құрметтеп, ата – аналарды құрметтеп сыйлай білуге және оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.
Жанерке:Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы, Жас балаға нұр шашқан, Қандап кітап тіл ашқан. Хормен: Әліппе
Жансая:Армысыздар аналар, Бармысыңдар балалар. Сөзіме құлақ салыңдар, Бір серпіліп қалыңдар. Әліппеге арналмақ, Бүгінгі би ән жырлар.
Аслан:Рахмет білім патшасы, Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Естімеген естіңіздер. Тыңдамаған тыңдаңыздар. Қазір бізде әліппе тойы басталады. Хор: «Қоңырау»әні
Нұрдаулет:Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйрендік, не білдік, Қане ортаға салайық.
Іңкәр:Бүгінгі біздің қуанышымызға шек жоқ, өйткені біздің тұңғыш рет сауатымызды ашқан, «Әліппені» бітірдік.
Хормен:Біз енді кез – келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз
Әділет:Олай болса, «рахмет сізге, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Шашу, шашу шашыңыздар, Ақ сандықты ашыңыздар. Бұл мереке бұл тойдың, Бастаңғысын жасаңдар. Шашу, шашу шашылсын.
Ұ с т а з
1.Ұ. Бибінур:Бізге үйреткен білімді жалықпастан Рахмет ұстазыма көзімді ашқан. Біз шәкірт, біз отанның болашағы, Білімнің басты шыңы қадам басқан.
2.С. Дулат: Көзге ыстық партасы, Оқулығы, картасы. Оқу қызық болғаны, Мұғалімнің арқасы.
3.Т. Бердаулет:Сипадың да басымнан, Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан, Басталғанын түсіндім.
4 А. Бекнұр: . Пай,пай,пай, Ұстаздарым неткен ер. Білім нұрын сепкендер, Ұрпақ үшін қашанда. Аянбай төккен тер, Халықтың баласын мейіріммен өткендер. Ей, адамдар, Сол ұлы ұстаздың алдынан бас иіп өтіңдер!
Әліппе: Армысыздар, жас достар, Армысыздар қонақтар. Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Құрмет көрсеткендеріңе көп рахмет!
Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім!
1.Ә. Аделя: Бүгін біз шексіз қуаныщтымыз. Өйткені алғаш қолымызға ұстап, хат танытып сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
2.Л. Жеңісбек: Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол, Тырмысып бақ намысқа.
3.І. Исмира: Ата – ана атын сен, Бізге үйреттің әліппе. Қоштасқалы тырсың сен Жанын келші Әліппе
.4.П. Қадыр: Үңіліп Әліппенің сырларына, Дыбысының ілесіп ып ырғағына. Ажыратып дауысты, дауыссызда, Бірін қызым, бірін көк бөліп сыздық.
5.П. Ердаулет:Білім оймен арымыз, Рухани нәріміз. Әне , Әліппе келеді, Қол соғайық бәріміз.
6.Е. Іңкәр. Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды, қолдайды.
Хормен: Әліппе – білім бұлағы, Әліппе – өмір шырағы.
Хормен: Әліппе
Ән: Әнші балапан (Қадыр, Жанерке, Қайрат)
Мұғалім: Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны – Қазақстан Республикасы, Адамның жақсы бақыты өмір сүруі – Отанға деген сүйіспеншілігін байланысты, Отан – адамның отбасынан, туып – өскен жерінен басталады.
Отан
1. О. Назым: Отан – анам, Отан – әкем, Осы сөзім қате ме екен? Қате болса неге оны! Дейміз біздер атамекен! Отан – әкем, Отан – анам, Туған ел деп, туған жер деп, Бұл бекерге аталмаған.
2. Т. Әділет: Елімнің атым айтсам – Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. Қойнауы қазынаға толған мекен, Байлығын атын айтсам – Қазақстан.
3.А. Нұрдаулет: Тілегіміз бар әлемде, Дос көп болсын жанашыр. Сүйікті достарым, Қуатты болсын тойларың.
4.Н. Дильназ: Мен – қазақпын, биікпінғ байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім! Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.
Хор: Отан
Ән: Ақ көгершін (Аделя,Бейбіт, Жасұлан)
Би: Қамажай – Жансая
Мұғалім: Түн ұйқысын төрт бөліп, сендерді бағып - қағып, жақсы болсаң қуанып, жаман болсаң күйініп, әрқашан қастарыңызға болатын ең жақын, ең аяулы ол – анаң және әкең!
2. Т: Бейбіт: Ақылшым анашым, Мен үшін данасың. Үлгі боп ояттың, Баланның санасын.
3 А: Диана: Өмірде бәрінен де ана қымбат, Өтеміз мәңгілік оны сыйлап. Қашанда аман болшы, жан анашым, Кетпесін жүзіңізден нұр мен сымбат.
4.А: Жасұлан: Біз қаланы саламыз, Біз даланы саламыз. Өнерлі бала боламыз.
5.Н: Махабат: Елімдегі атақты, Ғалым ата не тапты? Бәрін – бәрін білесің, Оқи берсең кітапты.
6 А: Қайрат: Партаға тұңғыш отырдық, Қалам алып қолыма. Сауықтарға толтырдым, Қалдырмай дәптер жолдарын.
Хормен: Ата – ана, сізге рахмет!
Хор: Сурет сабағы
Ән: Ана тілін сүйеміз (Дильназ, Аделя)
Әліппе сөзі: Әліппе: Балалар, сендер Әліппені жақсы меңгергенсіңдер. Ризамын, жас достарым енді сендер Ана тілі оқулығын оқисыңдар. Жақсы оқитындарыңа сенімдімін. Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар. Кір талмасын беттерін.Оқығандарың есте болсын, Күнделіктерің беске толсын. Қош сау, болыңдар, жас достар!
Хор: Хош сау бол, Әліппе, Әліппе қоштасып кетеді.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар!
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ата – ана.
Ана тілі: Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.
Ақын – жазушылардың ертегі әңгімелерін ынта қойып оқыңдар! Сонда сендер көп нәрсені үйренесіңдер.
Ана тілі пәніңмен, Ана тілің – ұраның. Ана тілің – құралыңмын, Ана тілің – болмаса, Болмас еді отаным.
Мен сендерді Ана тілім жақсы оқиды деп сенемін.
-Жұмбақ берейін, шешіп көріңдер! 1:Қабат –қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап 2: Зулап түсіп төменге , шықпас менсіз төбеге.
-Балалар, мына жазылған сөздерді оқимыз.
-Ана, дана , қала, дала
- Кім ән салады?
Ән .«Солдат болам, мен ертең» (Бекнұр, Жасұлан, Қайрат, Жеңісбек)
Кім би билейді?
Би: Үнді биі (Сымбат)
Ән: Балалық шақ әдемі (Диана, Әділет)
Ана тілі: Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер, осының бәрін үйреткен кім?
Хормен: Мектеп , мұғалім, әліппе, ата – ана
Хор: Есеп сабағы
Бейбіт: Терең ғылым сананың, Тегі деп ой саламыз. Маңыз беріп оқимыз, Математика сабағын
Жансая: Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп, Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп, Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау, Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Мұғалім: Математика пәнін қарсы алайық.
Математика: Сәлемет пе достарым, Сабағы боп жоспардың. Төрт амалды қолданған, Төресімін ғылымның. Ақыл – ойға кетемін, Есептел дұрыстап, Елге қызмет етемін. Есептері қаруар, Ерекше мал сыры бар, Есеп оның анаы, олай болса есеп шығарып көрейік.
1.Тал басында тізіліп, 10 жапырақ тұр екен. Жел соқты да, үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Жұлынып түсті тағы біреуі, Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі?
2.1ден – 10 ға дейін тура, кері санап бер
3.Күн мен түн немен аяқталады?
4.Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)
5.Салтанат болса 2 – де, Бауыржанда 2 де, Екеуін қоссаң шырағым, Саматтың жасы шығады?!
Хор: Ән сабағы
Мұғалім: Балалар, ендігі сендердің достарың Ана тілі: Сондықтан Ана тілін өте жақсы меңгеруге ант бересіңдер ма?
-Иә.
-Кітапты ұқыпты таза ұстауға
-Ант береміз.
-Ішіндегі білімді маржандай теруге
-Ант береміз
-Сабақты жақсы оқуға
-Ант береміз
Қорытынды
1 Бастауыш сынып жөніндегі оқу завучы Макпутова Мейрамкул апайға құттықтау сөз берілді. 2.Сынып мұғалімі Каракулова Ұлбосын Әліппе кітабын табысты аяқтағандарға смайликтер таратып,оқушыларды марапаттау жұмысы болды.
3 .Бастауыш сыныптар апталығындағы жарыс, сайыстардан алған грамота, мақтау қағаздарын берілді.
4. Ата –аналар комитеті Қалтайқызы Ақтолқын сөз сөйледі