Әліппе білім бастауы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту . тілін дамыту,сөздік қорын молайту,
ұқыптылыққа,жинақтылыққа баулу.
Көрнекілігі:әріптер,ұлағатты сөздер, ұлттық киімдер.
Сабақтың барысы;
1)Ұйымдастыру сәті
2)Кіріспе сөз.Армысыңдар құрметті ата аналар,
ұстаздар,қонақтар міне,бүгін біздің шәкірттеріміз
бар ғылымның атасы әліппені бітірді.
Әліппе білім бастауы атты ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:Қымбатты шәкірттерім,білім жолына бастаған қадамдарың құттыболсын.
Абылай: Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Басқа оқулық достаспақ
Әліппемен қоштассақ
Ақжарқын:Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Нәргүл:Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Мұғалім:Балалар енді ортамызға менің де сендердің де достарың әліппені шақырайық
Оқушылар (хормен)
Келіңіз әліппе келіңіз
Әліппе:Құттықтаймын саусыңдарма
Бүлдіршіндер балдырғандар
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Анаң менен ағаңда.
Нұрболат:Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Әліппе:Олай болса балалар алғашқы әліппені кім жазды
Хормен:Ыбырай атамыз.
Әліппе:Балалар қазақ тілінде қанша әріп бар:
Нұрсұлтан:Алфавитті білдіңдер
Ойда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Әліппе:Жарайсыңдар балалар ал енді өнерлеріңді тамашалайық.
Жәнібек:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сандар алтыннан
Әліппе білім бесігі
Нарқыз:Әліппем менің әліппем
Өмірді көріп танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп көп рахмет
Нұрсұлу:Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Ән:Мектебім.Орындайтын Монхбатұлы Жәнібек
Ақжол:Барлық бала таң қалып
Әліппені ашады
Сөз құраған әр әріп
Білім нұрын шашады
Асыл сөзін тілімнің
Бойға құйған әліппе
Нақ бастауы білімнің
Қырық екі әріпте
Мұхаммедамин:Қолыма алып әліппе
Үңілдім тұңғыш әріпке
Тұрғандай маған
Тұрғандай маған қол бұлғап
Мектеп,мектеп.
Ақжарқын:Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Гаухар:Таныстырып 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр ашады
Әйгерім әнге басады
А А дегенің ана ғой
Ана деген дана ғой
Ә Әжем әнге басады
Әтеш ұйқы ашады
Б Б дегенің бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Ғ Ғалым ғылым ғасырды
Ғ білімге асырды
Ж Жыр алыбы Жамбыл ата
Ардақтайды оны бала
К Кекілік ау кекілік
Кетіп қалма секіріп
Л Лашын биік самғайды
Лашын көкті шарлайды
М Мектеп берген біліммен
Марқаясың жас ұлан
Н Наурыз айы келгенде
Наурыз тойы тойлансын
О Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар
С Сыйламаған жолдасын
Сыйлай алмас өз басын
Әліппе:42 әріпті игердің
Әріптен буындап сөз тердің
Ризамын балалар сендерге
Рахмет айтар кезкелді
Рахмет балалар әріпті танып тақылдап сөйлей аласыңдар.Енді сауатты жазумен мәнерлеп оқытатын
достарыммен таныстырайын.Ол ана тілі мен қазақ тілі пәндері.Ал қош болыңдар.
Хормен: Қош бол әліппе.
Ана тілі:Ана тілім біліп қой
Еркіндігім теңдігім
Ана тілім біліп қой
Мақтанышым елдігім
Ана тілі пәнімен
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым
Балалар енді мені боласыңдар.Мен сендерге көп нәрсе үйретемін.
Қазақ тілі
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін
Қазір ұйқасын тап,ойынынын ойнаймыз әрі жұмбақтың шешуін табайық
1 Құйрығы сүйір
Алаботаға үйір
Оның аты (сиыр)
2 Тастан тасқа секірген
Шумаңдап ойнап есірген
Құйрығы келте шұнақ
Оның аты (лақ)
3 Мүйізі тік
Қойдан биік
Оның аты (киік)
4 Тоны түкті түрпі
Оның аты (кірпі)
Қазақ тілі
Рахмет жарайсыңдар балалар
Айтыс (Қыз бен бала)
Ұл:Қыздар, қыздар құртыңнан
Қуып келдім жұртыңнан
Сол құртыңнан бермесең
Тесіп шықсын ұртыңнан
Қыз:Бала бала қырт бала
Аузымдағы құрт бала
Сілекейлеп берейін
Сусын болсын жұт бала
Ұл:Қасқыр, қасқыр қара ала
Бауыр жүні сары ала
Біздің қойды арала
Қыздардың қойын жарала
Қыз:Қасқыр, қасқыр қарасың
Қасқыр қайда барасың
Мына баланы жей ғой
Қойды қайдан табасың
Ұл:Қасқыр, қасқыр қара ала
Өтірікке қарама
Қой болмаса далада
Осы қыздар жарала
Қыз:Маң төбетім барады
Қасқырларды алады
Содан кейін сен бәлем
Тап өзіңді қабады
Еркем еркем еркем ай
Еркелеткен еркем ай 2 рет
Еркелеткен еркемді
Еркелетсем екен ай
Ұл:Халық айтса біледі
Талаптыға нұр жауар
Өнерлі өрге жүзеді
Талапсыздар құр қалар
Қыз:Жақсы жігіт болады
Сегіз қырлы бір сырлы
Өнерімен алады
Жүлделері түр түрлі
Мұғалім:Ата аналар,ұстаздар,балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ математика деген пәнмен де танысып,сауаттанды.
Есептер.
Оқушылар:
Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың мәңгі тойында
Арнайды саған бұл әнін
Хор:Мұғалім ол біздің
Марапаттау.
Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата аналар Әліппе білім бастауы атты ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.