kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лем таны?ан т?л?а кездесу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

а? киімді денелі а? са?алды

со?ыр мыл?ау танымас тірі жанды

?сті басы а? ?ырау т?сі суы? 

бас?ан жері сы?ырлап келіп ?алды

кел балалар о?ылы? 

о?ы?анды к??ілге 

ы?ылыспен то?ылы?

о?ыса?ыз балалар

шамнан шыра? жа?ылар

тілегені? алды?нан 

іздемейа? табылар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лем таны?ан т?л?а кездесу кеші»

Тақырыбы:Әлем таныған тұлға.

Мақсаты:1.Оқушыларға жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионы

Қанат Қошқарбайұлы Жұмабаев туралы мағлұмат беру.

2.Салауатты өмір салтын дәріптеу. Спортқа деген

құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.

Көрнекілігі:проектор,бейнеролик,слайд,суреттер,спортшының жетістігін көрсететін дипломдар,марапаттар.

-Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгінгі кездесу кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесу кешіміздің қонағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы,ұлттық спортымызды өркендетуге үлес қосып жүрген азамат,білікті маман,тәжірибелі жаттықтырушы,спорт шебері,талай жарыстарда жүлделі орындарды қанжығасына байлаған,қазақтың талай баласын спортқа баулыған, ,Греция елінде 19 ел арасында самбодан өткен 74 кг салмақтағы спорт шеберлері арасындағы әлемдік сайыстың 1 орын иегері,2012 жылдың қазан айында Маракко елінің Касабланка қаласында 22 елден келген 450 спортшының арасында 1 орын иегері,2014 жылдың қазан айында Грецияның Неа-Маудания қаласында өткен дүбірлі додада әлемнің 22 елінің 300 палуандары қатысқан сайыстың жеңімпазы 1 орын иегері,үш дүркін әлем чемпион Қанат Қошқарбайұлы Жұмабаев бүгін бізде қонақта.

-Қош келдіңіз,Қанат Қошқарбайұлы. Кешімізді бастамас бұрын кезекті шағын анықтамадан бастаса,тамашалау үшін экранға назар аударуларыңызды сұраймын.

(Қанат туралы слайд көрсету)

-Мұғалім : Міне Қанат Қошқарбайұлы туралы анықтаманы көрдік. Енді біздің оқушыларымыз сізбен тереңірек танысқысы келіп отыр.Бүгін сіздің спортшылығыңыздан өзге қырларыңызды көреміз деген ойдамыз..Енді өзіңізге арналған сұрақтарға кезек берейік.

-Енді кезекті сұраққа берейік.

1.Ұлттық спортымызды өркендетуге үлес қосып жүрген азаматсыз.Білікті маман,тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері ретінде қазақ күресінің болашағына сенесіз бе? Оны олимпиада ойындарының қатарында елестете аласыз ба?

2.Қазақ күресінің өзге жекпе-жек түрлерінің артықшылығы,әдемілігі неде?

3.Елімізде бокс саласы бір төбе,өзге спорт саласы бір төбе деп айтуымызға негіз бар. Бокстан әлемдік деңгейде,олимпиадаларда жоғары жетістікке жетіп отырмыз.Біздің жетістігіміздің кілті неде деп ойлайсыз?

4.Біреулер үшін өмірдің қызығы байлықта,енді біреулер үшін биік мансапта.Ал сіз үшін өмірдің қызығы неде?

Енді біздің спорт сүйер оқушыларымызға кезек берсек .

1.Қанат ағай өмірдегі ең үлкен арманыңыз қандай?

2.Кішкентай кезіңізде қандай оқушы болдыңыз?

3.Сіз шетелдің әнін және киносын көріп,тыңдауды ұнатасыз ба?

4.Мұсылманның 5 парызын білесіз бе?

5 .Ата-анаңыздың қандай жақсы қасиеттері бойыңызға дарыған?

6.Спорт мектебіне қатысқысы келетін балаларға қандай талап қояр едіңіз?

7.Егер құпия болмаса,Сіз қанша жалақы аласыз?

8.Қазақ күресін таңдауыңызға қандай күш итермеледі?

9. Сіз әлеуметтік желілерде отырасыз ба?

10. Осы Есбол Өмірбаев мектебінде тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз бар ма?

15. Отбасыңыз туралы айтып кетсеңіз.

11.Сіз қай мектептің түлегісіз? Сынып жетекшіңіз кім болды?

-Енді Қошқарбайұлы Қанаттың Греция еліндегі бейнероликті тамашалайық.

(Экраннан Қанат Жұмабаевтың Грециядағы жарыста болған көріністі дискіден көрсету)

1Сіздің тегіңізде спортқа жақын адамдар бар ма?

2.Бойыңыздағы спортқа деген сүйіспеншілік қасиет кімнен дарыған?

3.Жеке бапкеріңіз бар ма?

4.Сізге ең қиын түскен сайыс?

5.Алғашқы бапкеріңіз кім?

Диплом ,марапаттаулар,кубоктарымен таныстыру.

  1. Біз сізді спорт бөлімінің басшысы ретінде білеміз.Әу демейтін қазақ жоқ дегендей сіздің де біз білмейтін қырыңыз бар шығар.Қандай өнеріңіз бар оқушыларға көрсетсеңіз.

2.Мектеп қабырғасында болсын,одан кейін болсын қандай жаттаған өлең жолдары есіңізде ме? Айтып берсеңіз.

Мұғалім: Кезекті тағы сұрақтарға берейік:

1.Тұлпар болар атты тай күнінде ажырата білген халықтың ұрпағымыз.Айтайын дегенім,жалпы балаларды күрес саласына баулу аясында,баланың бойында бар қандай қасиеттерді,мінезді бөліп-жарып айтар едіңіз?

2.Қазіргі таңда үмітіңізді ақтап,байрақты бәсекелерде топ жарып,аудан абыройын асқақатып жүрген шәкірттеріңіз бар ма?

3.Чемпионды таңдайтын,жаттықтыратын жаттықтырушы.Бүгінде біздің ауданымызда қанша жаттықтырушы жұмыс істейді?

4.Балуандарымыздың дүбірлі додаларға қатысып ,бақ сынауына қолдау көрсетіп жүрген аудан азаматтары бар ма?

5.Алдағы уақытта жоспарыңыз қандай?

Мұғалім: Сұрақ көп бірақ уақытқа байланысты кешімізді тәмамдауға тура келіп тұр.Соңғы тапсырма смайликтер көрсету.Осы смайликтерді не үшін қолданатынымызды білетін шығарсыз.Бұл әрқайсысы көңіл-күйді білдіреді.Сіз біздің дайындаған кешімізден қандай көңіл-күй,әсер алдыңыз?Қандай көңіл-күйде отырсыз?Соған байланысты біреуін таңдап,өз жүзіңізбен қайталап берулеріңіз керек.

(Смайликтерді ортаға әкелу)



-Жылыстады өткен күн үрей болған,

Жарқын заман нұр шашты шырайланған

Қазақ сынды халыққа нарлар керек-

Қайтаруға тұнығын лайланған-деп жерлесіміз,киелі Маңғыстаудың төл перзенті Ғалым Әріп ағамыздың өлең жолдарында жырланғандай үрей болған күндер артта қалып егемендігімізді алған Тәуелсіз елімізге,қазақ сынды халқымызға өзіңіз сынды ел намысын қорғайтын нар,ер азаматтар керек дей отырып,ұлттық рухымызды дәріптейтін « Маңғыстау» кітабын сізге естелік ретінде табыстаймыз.

-Бүгінгі жастарға ,оқушыларға тілер тілегіңіз болса

-Тілегіңіз қабыл болсын,уақыт бөліп әңгімелескеніңізге, келіп қонақ болғаныңызға үлкен рахмет!

Сізге тек жеңістер мен сәттілік тілейміз..


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?лем таны?ан т?л?а кездесу кеші

Автор: Алпамысова Бибигул Алпамысовна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства