kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз еркем, анасымен к?ркем. Мерекелік іс-шара.

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз халы?аралы? аналар мерекесіне арнал?ан мерекелік іс-шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз еркем, анасымен к?ркем. Мерекелік іс-шара.»

Благодар орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Юсупова Нурия



Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: слайд, ақпараттық технология

Сабақтың барысы:


1-жүргізуші. Сатыбалды


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі 8-наурыз аналар күніне арналған «Анамызға мың алғыс » атты кешімізге қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші. Нұрдәулет

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан аналар!


3. Сұлу Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,  ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

4.Ән: «Аналар алтын» (Хор)

Қабыл алыңыздар.

5. Нұрдәулет Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

1. Ана -перзент тәрбиелеуші.

2. Ана - қызметкер

3. Ана-ғалым

4. Ана-ғарышкер

5. Ана-зейнеткер.

6. Сондықтанда болар, әркім өз анасы жөнінде толғанады,ойланады, сағынады.

Ару қыздарымызды да мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарымызды ұсынайық.


7.Аналардың құрметіне бала тілектері (Оқушылар тақпағы)



1. Құрметтелік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлаумен істелік әр қадамды.


2. Көктем күні көрікті

Күн шұғыла төгіпті

Сол көктемде мереке

Дүниеге келіпті

Көктем күні қуатты

Шашты әлемге шуақты

Наурыз өзі өмірді

Нұрландырған сияқты.


3. Наурыз келді

Анажан серпіліңіз

Шуақтанып,

Шаттанып желпініңіз

Кеудеңізде керемет оттар жатыр

Сізден жылу әлемін күткеніміз


 

4. Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз!


5. Жан анам, құттықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен

Өрлесең елдің берген бақыт бағы

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.


6. Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам.


7. Ана деген адамға атаменен

Әр адам анаменен адам екен

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

8. Өмірге Ана-бақыт, Ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай шешен, талай көсем

Талай ер, талай дана, талай бала


9. Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.


Ән:


1-жүргізуші : Сатыбалды

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар , мерекелік кешіміздің 2-бөлімі “ Қыз еркем, анасымен көркем ” атты сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші Нұрдәулет

Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

1-жүргізуші Сатыбалды

Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды  шақырамыз.

  1. Әсемназ , Күнжан әжеймен

  2. Жазира анасы Айгүлмен

  3. Аружан анасы Ленамен

  4. Дильназ анасы Гүлжамиғамен

  5. Бақыт анасы Гаухармен

2-жүргізуші Нұрдәулет

Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

 Әділқазылар   алқасы:  


1.

2.

3.

4.


1-жүргізуші С

       Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

1.      «Сәлем – сөздің анасы» /таныстыру/

2.      «Бәйге» /сұрақ – жауап/

3.       «Он саусағы  майысқан шебер болар  ұрпақпыз» / шығармашылық қолөнер/

4.       Тіл өнері /жұмбақ, мақал-мәтел/

5.       Өз өнерін көрсету /ән, би т.б/

6.      Ас адамның арқауы /салат жасау/

7.      Қорытынды.

2-жүргізуші Н

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық! - деп,  сайысымыздың  бірінші бөлімін бастайық.

1-Бөлім  Әр отбасы өздерін таныстырады.    (әр топқа  3 мин)

2 – бөлім. «Бәйге» Н

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

«Бәйге сұрақтары» 

  1. Тоқымқағар деген не? (бала 1 рет үйінен алысқа жолаушылап шыққанда өткізіледі)

  2. Сүйінші қай кезде сұралады? (Жақсы хабар алғанда)

  3. Жеті атаңды ата? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек ,немене)

  4. Абажа дегеніміз не? (ас тағам салуға арналған сандықтың үлкен түрі)

  5. Малдың сүтінен жасалатын ұзақ уақыт сақталатын тағамды ата?(құрт )

3 – бөлім. С

Сымбатына сән киім жарасатын,

 Аспандағы айменен таласатын.

 Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

 Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

 «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын жасау,

4-бөлім. «Тіл өнері» Н

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.



1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.          (Ине)       Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың

    Онсыз тамақ татпайсың.                            (Тұз)      Доссыз адам – тұссыз ас.

3. Қимылдаса қос шебер,

    Қыруар-қыруар іс өнер                   (Қол)       Көз қорқақ, қол батыр.

4.      Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір

     Қиғанға үиір                         (Қайшы)       Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

5.Сылдыр сұйық су емес

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады?                   (сүт)      Ақты төкпе, сиырды теппе.



                  5-бөлім. 1-жүргізуші: С « Өз өнерлерін көрсету»

1.

2.

3.

4.

5.

 

                  6 – бөлім.   С «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

  Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Үй тапсырмасы бойынша жасап әкелген салаттарын таныстырады.

7.Қорытынды. Нұрдәулет

 2-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

М.Мұқатаев: «Ана сен бақыттысың!»

      Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация

 

                  2-жүргізуші: Н   Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

                                           Барымен шат-шадымен болыңыздар.

                                           Қоштасайық, келесі кездескенше,

                                          Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

 Сатыбалды:     Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

 























































Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. 
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. 
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын: 

Гүлдей болсын өміріңіз, 
Нұрға толсын көңіліңіз. 
Биік боп жұлдызыңыз 
Көктемдей құлпырыңыз. 
Бақыт қонсын басыңызға 
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз! 


















































Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.



Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.



Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.





Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!





Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз







1.Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз. 




2. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 

Құрметті аналар.





3.Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.





4. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 

Сыйлайды оны бар адам. 






Әжелерге арналған тақпақтар.

1. Мені жақсы көреді, 
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі, 

Маған айтып береді.




2. Әлпештеген аялаған, 
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған, 

Мейрамын мен құттықтаймын.




3. Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам, 
Жас балаша күледі. 



  •  Навер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?ыз еркем, анасымен к?ркем. Мерекелік іс-шара.

Автор: Юсупова Нурия

Дата: 28.05.2016

Номер свидетельства: 330945


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства